Р. А. Қадырқұлов, Н. К. Берістемова цифрлық сауаттылық



бет54/93
Дата19.09.2023
өлшемі219.61 Kb.
#477978
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   93
Cifrlyk Sauattylyk Metodika 2 kl Kaz alter

Дескриптор:
• Суретте қандай колонкалар берілгенін айтады.
•Суретте жұбы жоқ колонканы көрсетеді.
• Сынып бөлмесіне және үйіне қай колонканы таңдағаны туралы әңгімелейді.

Жұптағы оқушылар бір- бірін тапсырма орындау деңгейіне байланысты
«Менің жұлдызым» әдісі бойынша бағалайды.

Интерактивті тақта




(Ө) «Еркін талқылау» әдісі

3-тапсырма.













Бұл әдісті шағын топпен, жалпы сыныппен сондай-ақ жеке оқушының өзімен жүргізуге де болады. Нақты құрылымы болмағандықтан, бұндай талқылауда көмек керек болуы мүмкін. Көмекті мұғалім көрсете алады.

-Дыбысты өңдей білу не үшін маңызды деп ойлайсың?
-Дыбысқа жасалатын 3 әрекет: тыңдау, жазу, өңдеудің бір-бірінен басты ерекшеліктерін ата.
Дескриптор:
•Дыбысты өңдей білу не үшін маңызды екенін әңгімелейді.
• Дыбысқа жасалатын 3 әрекет: тыңдау, жазу, өңдеудің бір-бірінен басты ерекшеліктерін атайды.

Оқушылар өзін- өзі «Менің жұлдызым» әдісі бойынша бағалайды.

Интерактивті тақта

Сабақтың соңы (7 мин.)
Сабақты бекіту. Рефлексия

ІП. Ой толғаныс. Рефлексия
(Ұ) «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі
Сыныптастарды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды және бір тілек айтуды сұраңыз. Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат.
Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе.
Мақсаты: оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Менің жұлдызым» әдісі бойынша бағалайды. Сабақтың соңында оқушылардың қорытынды бағасын шығару мақсатында сабақ бойында жинаған жұлдызшаларын санайды. 5 жұлдызша: Өте жақсы!
4 жұлдызшы: Жақсы!
3 жұлдызша: Талпын!

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулығын және қауіпсіздік ережесін сақтау.

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке
қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет