Р. А. Қадырқұлов, Н. К. Берістемова цифрлық сауаттылық


Интернет желісіндегі жұмыс



бет5/93
Дата19.09.2023
өлшемі219.61 Kb.
#477978
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93
Cifrlyk Sauattylyk Metodika 2 kl Kaz alter

Интернет желісіндегі жұмыс. Берілген тақырып бойынша ақпарат іздеу үшін браузерді қолдану; қосымшалар арасындағы мәліметтермен ауысу.

  • Есептей білу. Алгоритмдер: тармақталған алгоритм; алгоритмнің ауызша түрі.

    Программалау: программалау ойын алаңының кірістірілген графикалық редакторында жеке өзінің кейіпкерін жасау; пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру; кейіпкерлер арасындағы мәтіндік диалогті ұйымдастыру.

    1. Роботтехника. Ауызша түрінде берілген алгоритм бойынша роботтың қозғалысын ұйымдастыру; жанап өтетін датчикті қолдану; роботқа арналған аудиофайлды жүктеу; роботқа арналған программаны әзірлеуде дыбысты қолдану; құрылған роботты аудиторияға ұсыну.

    Сабақ барысындағы тапсырма түрлерінің берілуі:

    1. Жеке жұмыс

    2. Жұптық жұмыс

    3. Топтық жұмыс

    4. Ұжымдық жұмыс

    Оқытудың маңызды факторы - оқушының тақырыпты өз бетімен меңгеріп түсінуі мен бағалай алуы. Біз сабақ беріп жүрген сыныптарда топтық және жұптық жұмыс түрлерін көп пайдаланамыз. Мұндай тәсіл оқу үдерісіне оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбінесе сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды.
    Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім - оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс-қимылға қарағанда мейлінше «симметриялы» «оқушы - оқушы» қатынасына түсе отырып, негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады.
    Топтық, жұптық жұмыста оқушыларға берілетін тапсырма бір сарынды емес, әртүрлі сипатта болуы керек. Топтық және жұптық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет