Р. А. Қадырқұлов, Н. К. Берістемова цифрлық сауаттылық



бет8/93
Дата19.09.2023
өлшемі219.61 Kb.
#477978
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   93
Cifrlyk Sauattylyk Metodika 2 kl Kaz alter

4-тоқсан

8 сағ.

VI бөлім. Роботтехника: «Билейтін робот» жобасы (ортақ тақырыптар: «Қор- шаған орта», «Саяхат»)

27-сабақ

Жоба дегеніміз не?

1

28-сабақ

Жоба идеясының мәтінін теру және редакциялау

1

29-сабақ

Программалар арасында мәлімет алмасу

1

30-сабақ

Жоба жасау алгоритмімен танысу

1

31-сабақ

«Билейтін робот» жасау

1

32-сабақ

«Билейтін робот» программасы

1

33-сабақ

Жобаны қорғау

1

34-сабақ

Жобаны қорғау










Жалпы сағат саны

34 сағ.

«Цифрлық сауаттылық» ііәііііі оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Оқулықтың негізгі мазмұны оқушылардың информатика ғылымының басты негіздерін меңгеруге, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға, тұлғалық дамуына ықпал ете отырып, кәсіби бағдар алуға, функционалдық сауаттылығы мен зияткерлігін арттыруға бағытталған. Ұсынылып отырған оқулықтың мақсаты - білім мазмұнын жаңарту аясында оқытудағы әлемдік озық үлгідегі тәжірибелер мен әдістерді, заманауи технологияларды оқыту процесіне қолданып, білім алушылардың «Цифрлық сауаттылық» пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Оқушыларды логикалық, сыни және сындарлы ойлау тұрғысынан дамыту арқылы оқытудың сапасын арттыру, алған білімдерін оқуда, күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету басшылыққа алынған.
Интерактивті және жобалау түріндегі оқыту технологияларын пайдаланып, оқушылардың жаппай білім алуынан жұптық және жеке білім алуға өтуі қамтамасыз етіледі.
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту мақсатында оқулықтың барлық кезеңдері Блум таксономиясының танымдық сатыларына негізделіп құрылымдалған. Оқушылар оқулықпен жұмыс істеу барысында берілген теориялық материалды білу, түсіну және қолдану жолдары арқылы меңгереді.
Талдау сатысыіда берілген оқу материалын терең түсініп, оларды зерделейді, құрылымын анықтау үшін тұтас бөліктерді құрамдас бөліктерге бөледі, оларды ажыратады, өзара байланыстарды айқындайды.
Жинақтау сатысында оқушылар өз ойларын тұжырымдап, оқу материалын талдау нәтижесінде алған білімдерін жаңашыл сипатта қорытындылап, өз идеяларын немесе үлгілерін, жобаларын ұсынуды үйренеді. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын өзгеше ретпен хабарлау (баяндау, пікірталас), жұмыс жоспары, сызбалар, жобалар түрінде ұсынуды қарастырады.
Бағалау сатысында берілген оқу материалының информатика саласында және күнделікті өмірде пайдаланылуының маңызын анықтайды, ол туралы өзіндік пікір ұсынуды, ойын білдіруді үйренеді.
Оқулықпен жұмыс істеу барысында оқушыларда төмендегі көрсетілген дағдылар қалыптасады:

  • оқулықта берілген теориялық материалдар мен практикалық жұмыстарды талдау, жинақтау және бағалау негізінде берілген тапсырмаларға топта және жұпта «жобалау» жұмыстарын орындау;

  • ақпараттық үдерістердің қоғамдағы рөлін түсіну және оған сындарлы баға беру;

  • ақпараттық технологияларды адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында пайдалану мәселелерін түсініп, анықтау;

  • ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және келешектегі еңбек іс-әрекетінде тиімді қолдану;

  • талдау, модельдеу мен программалау тапсырмаларын шешу;

  • ақпараттық мәдениетті қалыптастыру;

- технологиялық ғылыми тілді меңгеріп, пән бойынша тілдік дағдыларды дамыту мақсат етіледі.
Оқушылар алдыңғы кезеңде алған практикалық білімдерін қолдана отырып, өз бетінше орындауына тиімді болатындай жасалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет