Р. А. Қадырқұлов, Н. К. Берістемова цифрлық сауаттылық


Пәнді оқытудың әдіс-тәсілдері



бет9/93
Дата19.09.2023
өлшемі219.61 Kb.
#477978
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   93
Cifrlyk Sauattylyk Metodika 2 kl Kaz alter

Пәнді оқытудың әдіс-тәсілдері
0 Оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, бұған дейін алған білімдері мен қалыптасқан түсініктерін одан әрі дамыту үшін, оларды қолданудың маңыздылығын ұғындыру.
0 Жеке және саралай оқыту тәсілін қолдану.
0 Проблемаларды және оларды шешу стратегияларын құрастыру.
0 Оқушылардың жетістіктерін бағалау арқылы олардың оқуына қолдау жасау.
0 Оқушылардың зерттеу іс-әрекеттерінің негізінде белсенді оқуға ынталандыру.
0 Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту.
0 Оқушылардың шығармашылығы мен жобалық жұмыстарын ұйымдастыру.
0 Түсіндіру, идеяларды таныстыру, диалогтерге қатысу, мәтінмен жұмыс тәсілдерін қолдану.
0 Тапсырмаларды орындау әдістерін сипаттау және түсіндіру барысында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту.
0 Мұқият таңдап алынған тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыру
әрі дамыта оқыту.
0 Оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, жеке және топтық жұмыс ұйымдастыру.
0 Бірін-бірі оқыту.
0 Оқушыларды өз жұмысын талдауға және түзетуге ынталандыру (рефлексия).
Практикалық жұмыстарды орындау
Практикалық жұмыстар бөлімінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикалық тұрғыдан қарастырып, компьютерде жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады. Оқушылардың қабылдауына оңай болуы үшін, теориялық материалды практикалық тапсырма арқылы түсіндіру әдісі қолданылған. Оқулықты
оқушылар мұғалімнің көмегінсіз де өздері оқып, түсіне алады. Тапсырмаларды өз бетінше орындау ыңғайлы болуы үшін, практикалық бөлім екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңде практикалық тапсырмалар толық түсіндіріледі, ал екінші кезеңде оқушылар практикалық жұмысты орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет