Р. Б. Доскалиева


Психологиялық қызметтің қолданбалы жағы -



Pdf көрінісі
бет110/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

Психологиялық қызметтің қолданбалы жағы - оқыту мен 
тәрбиенің, 
оқулықтың, 
дидактикалық 
және 
әдістемелік 
материалдардың, 
оқу 
бағдарламалардың 
психологиялық 
негіздерін жасау және оны талдау, барлық үрдістерді 
психологиялық жағынан қамтамасыз етуді қарастырады.
Психологиялық 
қызметтің 
практикалық 
жағы 
- 
психологтардың білім беру мекемелеріндегі немесе білім беру 
жүйесіндегі 
психологиялық 
қызмет 
орталықтарындағы 
жұмыстарына 
тікелей 
қатысты 
тәжірбиелік 
жақтарын 
қарастырады және барлық психодиагностикалық әдіс-тәсілдердің 
негізін құрайды.
Психологиялық шкалалау- психикалык процестердің 
ерекшеліктерін өлшеу үшін қолданылатын эксперименттік және 
математикалық тәсілдердің жиынтығы.
Психологиялық процестерді шкалалау- сандарды белгілі 
бір ережемен теңестіру. Ол сандар өлшенетін құбылыстарды 
бейнелейді. Психологиялық өлшеудің ерекшелігі, обьектілер 
үшін психикалык құбылыстардың өздері алынбайды, мінез-
құлықпен іс-әрекеттің әртүрлі «бірліктері» және физиологиялык 
реакциялары алынады. Зерттеу нәтижелерін сипаттауда сандық 
және сапалық сипаттамалар-көрсеткіштер деп аталады. 
Ресми қатынастар - жеке қатынастарға қарағанда біршама 
тұрақты, олар, әдетте көңіл-күйге байланысты өзгере бермейтін 
қызметтік қатынастар. 
Респондент - сыналушы ретіндегі әлеуметтік-психологиялық 
зерттеуге қатысушы. 
Симптомдық немесе эмпирикалық диагноз-белгілі бір 
психикалық ерекшеліктер немесе белгілер негізінде практикалық 
қорытынды шығару.Симптомдық диагноз қоюдың негізгі 
тәсілдерінің бірі бақылау және өздік бақылау болып табылады. 
Социометрия – белгілі бір топта жеке адамдар арасындағы 
қарым–қатынасын және топтағы психологиялық жағдайды 
анықтауға арналған әдіс. Бұл әлеуметтік психологиялық зерттеу 
әдісі, оны алғаш енгізген американ психологы Дж.Морено. 


193 
Тест - тұлғаның белгілі бір қасиеттерінің сандық, сапалық 
даму 
деңгейі 
мен 
индивидуалды-психофизиологиялық 
ерекшелігін зерттеу барысында қолданылатын стандартталған 
әдістеме. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет