188
72. Психиканың түрлі формаларының тұқым қуалаушылық
көріністерін ғылыми тұрғыда зерттеу әдісі
а) әлеуметтік әдіс
б) генетикалық әдіс
в) лонгитюдтік әдіс
г) креативтік әдіс
д)
семантикалық әдіс
73.Френология ілімінің негізін қалаушы австриялық ғалым
а) Ж.Эскироль
б) Ф.А.Галль
в) Э.Сеген
г) В.Штерн
д) Л.Термен
74.Л.С.Выготскийдің
сананың
мәдени-тарихи
даму
теориясындағы негізгі ұғымдары
а) сана, әрекет,
іс-әрекет
б) мотив, мақсат, әрекет
в) мәдениет,тарих,сана
г) іс-әрекет, әрекет, операция
д) мотив, әрекет, іс-әрекет
75. Психодиагностика термині ең алғаш қалай қолданылды?
а) 1917 ж.топтық тестілеуде
б) 1890 ж.эксперимент жүргізуде
в) 1908 ж.ақыл-ой зерттеуде
г) 1905 ж. психиатриялық диагноз беруде
д) 1922 ж.тестілік зерттеуде
190
ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
Абстракция-шындықтағы
заттармен
құбылыстарды
жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін ойша бөліп алуға
мүмкіндік беретін ой-тәсілдерінің бірі.
Альтруистік қатынас - адамдар
қажетсінулерінің арасында
өз мәні бойынша ізгі адамгершілік сипаттағы байланыстар.
Аутотренинг
жаттығулары-
адамның
резервтік
мүмкіндіктерінің өсуіне ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар,
мидың бағдарлаушы механизмдерінің қызметін тұрақты
дамытады.
Әдіснамалық рефлексия - (адамның өзінің ғылыми
қызметін талдау дағдысы) ғылыми негіздеме жасауда белгілі бір
тұжырымдамаларды, танымның,
басқарудың, құрастырудың
формалары мен әдістерін шығармашылықпен қолдана білу
қабілетіндегі әдіснамалық мәдениеті.
Әдіснамалық мәдениет- міндетті түрде бір бөлігі
рефлексиядан тұратын әдіснамалық білімдерге негізделген ойлау
мәдениеті.
Әдістеме-сыналушыны
тану
барысында
эмпирикалық
мәліметтер жиыны, тәсілі
ретінде зерттеу құрылымы
Әдіс - психологиялық көрсеткіштер мен оларды басқару
тәсілін немесе зерттеу техникасын сипаттайды.
Әңгімелесу
әдісі
–сөздік
қарым-қатынас
арқылы
психологиялық ақпарат алу, вербалдық коммуникация негізінде
алғашқы мәліметтер жинау әдісі.
Бақылау локусы - адамның өз әрекетінің нәтижесіне
жауапкершілікті сыртқы күштерден
немесе өз қабілеттері
талпыныстарынан көру бейімділігі.
Генетикалық әдіс- психиканың түрлі формаларының тұқым
қуалаушылық көріністерін ғылыми тұрғыда зерттеу әдісі.
Дисперсиялық анализ- түрлі факторлардың әсерін талдауға
мүмкіндік беретін статистикалық әдіс.
Диагностикалық процесс - сыналушы туралы ақпарат
жинау,
сыналушы
проблемасына
жауап
беру
және
психодиагностика
маманының
қызметіндегі
әрекеттердің
жиынтығы.
191
Дифференциалды-диагностикалық зерттеу - белгілі бір
психикалық
қасиеттерді
анықтауда
теориялық
және
эксперименталдық жақтарын кешенді түрде қарай отырып,
диагностикалық белгілері туралы ақпараттар алу.
Жетістік тестілері - тұлғаның нақты білімі, іскерлік,
дағдыларының даму деңгейін анықтайтын әдістемелердің бірі.
Жобалық тестілер – тұлғаның қасиеттерін белгілі бір үлгі-
суреттерге сүйене отырып зерттеу әдістемелері.
Интеллект тестісі – адамның жас ерекшелігіне және жеке
басы ерекшелігіне қарай интеллектуалдық даму деңгейін зерттеу
әдісі.
Достарыңызбен бөлісу: