Терстаун Луис (1887-1955) –американдық психолог. Негізгі
зерттеу
бағыты–психологиялық
мәселелерді
шешуде
статистиканы қолдану. Факторлық талдау көмегімен қабілет
түрлерін диагностикалауда тестілердің күрделілігін зерттеген.
Оның айтуынша, интеллект бірнеше алғашқы қабілеттерден
тұрады:
вербальды,
перцептивтік,
сөйлеу
жылдамдығы,
пайымдау, ес және кеңістікті ерекше қабылдау.Интеллектінің
комбинаторлық қасиеттері әртекті байланыстарды, қарым-
қатынастар мен заңдылықтарды анықтау қабілетін сипаттайды.
Кең мағынада–бұл түрлі жағдайда өз білімін үйлестіруге
бейімділік қабілеті. Интеллектінің әрекеттік қасиеттері ақпаратты
өңдеудің қарапайым үрдістерін, интеллектілі іс-әрекеттің
операцияларын, тәсілдерін және стратегияларын сипаттайды.
Тестологияда қасиеттердің бұл типіне мүлдем назар
аударылмаған, өйткені, тестілік диагностика интеллектілі іс-
әрекеттің тек нәтижелі жақтарын ғана бағалауға бағдарланып
келген.
Когнитивті
психология
саласындағы
зерттеулер
арқасында интеллект тұрақты мінез болып табылмайды, оны
ақпарат өңдеудің динамикалық жүйесі ретінде сипаттайтын ұғым
болып қабылданды.
Ж.Пиаже теориясында танымның формалды-логикалық
тәсілдері хабарланатын ақыл-ой операцияларының қалыптасу
дәрежесін ескере отырып, баланың интеллект мүмкіндіктерінің
даму деңгейі дамудың психологиялық шегі болып бағаланды.
Психодиагностикада адамның интеллектілі даму деңгейіндегі
конвергенттік және дивергенттік қабілеттерін зерттеуде
Дж.Гилфордтың
еңбегі
ерекше
болды.
Дж.Гилфорд
дивергенттік немесе креативтілік қабілетті ерекше, жаңа идеялар,
жаңа ойлар және шығармашылық интеллектіге тән қабілет
екендігін тұжырымдады. Сонымен қатар, американ психологы
Достарыңызбен бөлісу: |