33
4.ПСИХОДИАГНОСТИКА ТАРИХЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ
ҚАЛЫПТАСУЫ
4.1. Психодиагностикалық алғашқы зерттеулер
Психология
ғылымының
даму
барысында
адамзат
болмысының табиғаты,
психикалық құбылыстар, процестер мен
қасиеттері жатыр. Міне, осы заңдылықтарды білу, қоршаған
дүниені тану және адамның өзін-өзі тануы алғашқы ойлардан,
күнделікті тұрмыстық тәжірибеден туындап, алғашқы зерттеулер
дами бастады. Алғашқыда психодиагностика
осы қарапайым
зерттеулер мен түсініктерден басталған.
Ерте заманнан адамдарды жеке-дара ерекшеліктеріне қарай
белгілі бір жүйеге топтастыру басталған. Психодиагностика
тарихы адамды зерттей бастаған алғашқы тестілер тарихымен
байланысты дамыды. Алғашқы зерттеулер қабілет, білім,
іскерлік, дағды және жеке қасиеттерді анықтаудан басталды.
Мысалы, Ежелгі Вавилонда б.э.д.
III ғасыр ортасында мектеп
бітірушілердің кәсіптік бағыттағы (жер өлшеу, бөлу,т.б.)
арифметикалық қабілеттерін және өнерге, музыкаға бейімділігін,
музыкалық аспапта ойнай білуін тексеріп, матаны, металды,
өсімдікті айыра білуін тексерген. Ал, ертедегі Египетте өнерге
қабілетін, өзін ұстай білуді, адамды тыңдай білуді және
еңбекқорлыққа, от пен судан қорықпауға үйретіп, сынап отырған.
Ежелгі философ, математик
Пифагор Грецияда мектеп ашып, ол
өз мектебінде оқушыларды қатаң сыннан өткізген. Пифагор
адамның интеллектуалдық қабілетін бәрінен жоғары қойып, әр
адамға салыстырмалы түрде қиын математикалық есептер берген.
Адам психологиясын зерттеуде қай кезде де, қай халықта
болмасын, адамның жеке басына
тән тұлғалық қасиеттерін,
қабілетін, қоғамдық өмірге байланысты қорғаған. Қоғам дамуы
мен ортаның өзгерістері басты назарға алынып, психологиялық
диагностика да дәуірге сай дамып отырды.
Психодиагностиканың алғашқы зерттеулері адамның жеке
басына тән тұлғалық айырмашылықтарын анықтаудан басталды.
Мысалы, адам мінезінің даралық
ерекшелік екендігін ғылым
тарихында тұңғыш рет байқаған ежелгі грек философы Теофраст
(б.з.д,IV-IIIғ.ғ) "Характеры" деген енбегінде адамдарды жеке
басына тән ерекшеліктеріне қарай бірнеше типтерге бөлген.
34
Мұндай типологиялық бөлу арқылы диагностикалық функция
адамдардың нақты бір типке жатқызып, тек сол типке тән мінез-
құлық ерекшеліктерін сипаттайды. Теофраст бұл енбегінде
адамдарды "өтірікші", "мақтаншақ ", "өркөкірек", т.б. түрлерге
бөлген. Бұдан басқа да зерттеулерді атап айтсақ:
- Темперамент типтері жайлы ілімнің негізін қалаған ежелгі
грек
дәрігері-Гиппократ ( б.з.д.Vғ) пен
К. Галеннің (б.з. II ғ)
алғаш рет темперамент түрлеріне сипаттама беруі;
- Неміс философы
Канттың «Антропология» енбегінде
темпераментті психологиялық қасиет деп сипаттауы;
- Темперамент
қасиеттеріне негізделген Шелдон мен
Кречмердің конституциялық типологиясы;
-
И.П. Павловтың темперамент типтеріне жүйке жүйесі
қарай физиологиялық-ғылыми тұрғыдан түсінік беруі т.б;
- Сократ мемлекетті басқарушы адамдарды таңдауда рухы
күшті қайраткер адамдарды таңдау қажеттігін және сонда ғана
сол мемлекет ұлы ел бола алатындығын ескерткен.
Достарыңызбен бөлісу: