Р. Б. Доскалиева



Pdf көрінісі
бет34/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

Қ.Б.Жарықбаев Қазақстанның психология ғылымының 
қалыптасуына атсалысқан ғалымдардың бірі, педагогика, 
психология 
ғылымдарының 
докторы, 
этникалық 
және 
педагогикалық 
психология 
кафедрасының 
профессоры, 
акмеология 
ғылымдары 
Академиясының 
академигі- 
Қ.Б.Жарықбаев еңбектері психодиагностика саласын дамытудың 
теориялық негізі деп есептелді. 
Қ. Жарықбаев өз еңбегінде қазақ жерінде бұл ғылым 
саласының дамуы жөнінде төмендегідей баға береді: «Міне, 
осындай 
мәселелерде 
дұрыс, 
толық 
шешілген 
қазақ 
психологиясы түбінде әлемдік деңгейге көтеріліп, ұлтымыздың 
мерейін өсірсе, ал екінші жағынан, әрбір адамға, қоғамға, 
мемлекетке алға қойылған ұлы мақсатқа тез жетуіне зор ықпалын 
тигізеді». Сондықтан, жан дүниенің небір терең сырлары мен 
қырларын зерттейтін ғылымда ана тілімізде алғаш сөз еткен 
авторды да, оның төл туындыларын да қазіргі ұрпақ игілігіне 
айналдыру кезек күттірмейтін істердің бірі болғандықтан, қазіргі 
жоғары оқу орындарында оқулықтары кеңінен қолданылуда. 
Сонда, 
бұл 
еңбектерден 
күнделікті 
іс-әрекеті 
мен 
тәжірибелерінен 
алынған 
зерттеулер 
қазіргі 
психодиагностикалық зерттеулер негізі және бастамасы деп 
түсінуге болады.
Психологияда іс-әрекеттің әдіснамалық көзқарастарын 
жүйелік аспектіде дамытқан қазақстандық психологиялық 
мектептің көрнекті өкілі, эксперименттік этнопсихология 
мектебінің негізін салушы, психология ғылымдарының докторы, 


60 
профессор–С.М.Жақыпов
Ол 
өзінің 
бірлескен-диалогтық 
танымдық іс-әрекет тұжырымдамасында танымдық іс-әрекет 
тиімділігін арттыруда формасы жағынан өзара бірлескен, ал 
мазмұны 
жағынан 
диалогтық 
танымдық 
іс-әрекетті 
ұйымдастыруды 
маңызды 
санайды. 
Бұл 
тұжырымның 
А.Н.Леонтьев 
мектебінде 
құрастырылған 
қағидалардан 
ерекшелігін-С.М.Жақыпов 
тұлға 
дамуы 
мен 
іс-әрекет 
тиімділігінің жүзеге асуын бірлескен іс-әрекетке түсетін 
субьектілердің жеке дара заттық іс-әрекетінен бірлескен ойлау 
әрекетіне ауысу процесімен байланыстырады. Қазақстандық 
психология 
мектебінде 
жүйелік 
ықпал 
методологиясы 
С.М.Жақыповтың басшылығымен көптеген зерттеулер негізін 
қалады. Психологиялық зерттеулер мәселесін методологиялық 
деңгейде ұғыну негізіне бірлескен диалогты ойлау іс-әрекеті мен 
тұлғалық мағыналық құрылуы және әлемнің этностық көрінісі 
жайлы методологиялық концепциялары құрайды. 
С.М.Жақыпов басшылығымен этнопсихологиялық зерттеулер 
жүргізген: 
С.Қ.Бердібаева, 
Б.Ә.Әмірова, 
Л.К.Көмекбаева,
З.М. Балғымбаева, И.Қ.Аманова, Ж.Д.Жүкешова, Р.Т.Әлімбаева 
және т.б.Сонымен қатар, танымдық іс-әрекетінің психологиясын 
зерттеу бағытында бірлескен диалогты танымдық іс-әрекет 
концепциясы негізінде орындалған зерттеулердің де психологиялық 
маңызы 
болды. 
Зерттеуші 
психологтар: 
Н.Қ.Тоқсанбаева, 
М.П.Қабақова, 
Э.Қ.Қалымбетова, 
Н.С.Жұбаназарова, 
Ж.Ж.Бейсенова, А.Т.Изақова, А.Валиева және т.б. 
Ғылыми мектеп құрылымын құрайтын зерттеудің негізгі 
бағыттары: 
- әлеуметтік-психологиялық жағдайларды және оқыту 
процесіндегі танымдық іс-әрекеттің тиімділік механизмдерін 
зерттеу; 
- полиэтностық орта жағдайындағы этностық нанымдардың, 
стереотиптер мен құндылық бағдарлардың қалыптасу және даму 
механизмдерін кешенді зерттеу; 
- адамдардың бірлескен іс-әрекетіндегі, соның ішіндегі 
моноэтностық және полиэтностық өзара әрекет пен қарым-
қатынастағы 
мағына, 
мотив 
және 
мақсат, 
құрылым 
механизмдерін зерттеу. 
Осы бағыттардың негізінде топ және тұлға іс-әрекетін 
мағыналы реттеу концепциясына негізделген әртүрлі өмірлік 


61 
жағдайдағы адамдардың бірлескен іс-әрекетінің құрылымы 
туралы жүйелік түсінік бар. Концепцияның негізгі жүйе 
құрылымды факторына адамдардың өзара әрекеті мен қарым-
қатынасының барлық формаларын көрсететін «мағыналық 
құрылымның жалпы қоры анықталады"деп қарастырылған 
С.М.Жақыпов еңбектерінде.
1988 жылдан бастап елімізде практикалық психология 
қызметін, оның ішінде, психодиагностика саласын дамытуда 
психологтар даярлау ісі қолға алынуы маңызды шараға айналды.
Елімізде психология пәнінің арнайы ғылым саласы ретінде 
оқытыла бастауы жиырмасыншы ғасырдың 20-шы жылдарынан 
басталады. Республикада 1958 жылдан бастап психологтар қоғамы, 
жастар мен мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беретін Алматы 
қалалық 
зерттеу 
орталығы, 
Талдықорғанда 
«Әлеуметтік-
психологиялық орталық», этностар психологиясын зерттейтін 
«Ұлттық тәлім-тәрбие ассоциациясы» және Қазақ психологтар 
қауымдастығы құрылды. Сонымен қатар, қазіргі кезеңде көптеген 
психологиялық зерттеу орталықтары құрылуда. Жоғарыда аталған 
еңбектер мен зерттеулерді негізге ала отырып, диагностикалық 
зерттеулер өз кезеңіне сай жаңа технологиялық әдістермен 
жүргізілуде. Үлкен еңбектердің бірі психологиялық еңбектер қазақ 
тіліне аударылып, жинақталып,«Психология. Адамзат ақыл-ойының 
қазынасы» атты 10 томдық жинақтың шығуы да Отандық 
психология ғылымы тарихында маңызы зор зерттеулер.
Отандық психологиялық қай еңбекті қарастырсақ та әрбір 
зерттелген мәселе белгілі бір психологиялық сала мен 
бағыттарды, заңдылықтарды, ерекшеліктерді қамтиды. Олардың 
құрылымы мен мазмұнында оқу-тәрбие процесіндегі ғылыми 
және практикалық тұрғысынан қажет ететін диагностикалау 
мәселесінің алғы шарттарын айқын көрсетеді және негіз болады. 
Ол еңбектерге: Қ.Б. Жарықбаев, А.Құдиярова, Ж.Ы.Намазбаева, 
Х.Т.Шерьязданова,З.К.Шәукенова,Д.Д.Дүйсенбеков,Н.А.Логинова, 
Н.В.Нигай, А.Х.Аймағанбетова, З.Б.Мадалиева, Н.С.Ахтаева, 
В.В.Агеев, 
С.Қ.Бердібаева, 
Б.Ә.Әмірова, 
Л.К.Көмекбаева,
З.М. Балғымбаева,Р.Ильясова, М.Қ.Бапаева, және т.б. айтуға 
болады. Психология тарихында әр еңбектің өз маңызы, өз орны бар. 
Қазіргі уақытта психологиялық-педагогикалық диагостика 
бағытындағы 
еңбектерге 
П.З.Ишанов, 
Д.Д.Дүйсенбеков, 
Г.Б.Бейсенбекова, 
З.М. 
Балғымбаева, 
Н.С.Ахтаева, 


62 
К.Ж.Төребаева, М.Н.Есенғұлова, Ұ.Б.Төлешова және т.б. 
еңбектері мен оқулықтарын айтуымызға болады. Бұл еңбектер 
мен оқулықтар жоғарғы оқу орындарында кеңінен қолданылуда. 
Қазіргі кезде психологиялық зерттеулердің кешенді 
тақырыптары қолға алынып, оларды ұлт өміріне орайластыра 
жүргізудің маңызы артып отыр. Осы тұрғыдан келгенде, 
әлеуметтік психологиялық мәселелері жаңа типтегі лицей 
гимназия, 
колледж, 
шәкірттерін 
оқытып, 
тәрбиелеудің 
психологиялық проблемалары, талантты, дарынды және 
мүмкіндігі шектеулі оқушылардың өзіндік психологиясын және 
көптілділік пен көптілділіктің психологиялық астарын зерттеуге 
байланысты туындайтын сан-алуан психологиялық жайттар өз 
шешімін күтіп тұрған өзекті проблемалар болып табылады. 
Сондықтан, әрбір тұлғаның өзіндік ерекшеліктерін зерттеу, оны 
танып білу және соған байланысты тәрбиелеу диагностикалық 
қызметті талап етеді. 
Психодиагностика саласында жүргізіліп жатқан әртарапты 
зерттеулер қазіргі қоғамдық дамудың, оның тыныс тіршілігінің 
жаңа сипаты, демократиялық бағыт-бағдары, қазақ елінің 
егемендігі мен тәуелсіздігі жағдайында адам құқығы мен оның 
ізгілік, 
мейірбандық, 
имандылық 
секілді 
адамгершілік 
қасиеттерінің дамып, қалыптасуына көмегін тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет