Өзіндік бақылау сұрақтары
1.Психодиагностиканың жүйелік құрылымы қандай?
2. ІХ ғасырда психодиагностика тарихында елеулі өзгерістер
3. Л.С.Выготский теориялары
4.
ХХ
ғасырдағы
еңбектердің
психодиагностикада
маңыздылығы
5. А.Н.Леонтьев, С.Л,Рубинштейн, А.Р.Лурия еңбектерін атаңыз
6. П.Я.Гальпериннің ақыл-ой теориясы
7. А.Н.Леонтьевтің психологиялық тезистері.
8. Психодиагностиканың қазіргі психологиялық қызметтегі
маңызы
9. Қазақстандағы алғашқы психологиялық зерттеулер
10. Отандық психологиялық еңбектер
63
6. ПСИХОДИАГНОСТИКАНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
6.1. Педагогикалық-психологиялық зерттеулер
Психодиагностика мәселелері адам тұлғасын жан-жақты
зерттеу және дамыту мен оның мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану
мақсатындағы
адам
іс-әрекетінің
әртүрлі
салаларында
психологиялық білімді қолдана білудің маңызды мәселелерінің
қатарына жатады. Қазіргі таңда мектептегі бұл өзгерістерге
байланысты мәселелердің білім саласындағы, соның ішінде,
жалпы орта білім беретін мектеп үшін өзектілігі арта түсті.
Ғылыми негізделген диагностикалық әдістер көмегімен
балалардың мектепке дайындығын және қазіргі жүйелі оқыту 6
жастан басталатындықтан, баланың оқуға әзірлігін анықтауда
диагностикалаудың
маңызы
зор.
Сонымен
қатар,
психодиагностикада оқытудың дамытушылық әсерін бақылауға,
жекелеген пәндерді игерудегі оқушылардың жетістіктері туралы
шынайы ақпарат алуға, оқытудың әртүрлі әдістерін, түрлері мен
құралдарының тиімділігін салыстыра бағалауға болады.
Мектептегі кәсіптік бағдарлау жұмысын алатын болсақ та,
мектеп оқушысының жалпы және арнайы қабілеттердің даму
деңгейін, тұлғаның әртүрлі қасиеттерінің қалыптасу шегін, оқуға
бейімділігінің түрін зерттемей, оған мамандық таңдау жөнінде
ақыл-кеңес берудің еш негізі жоқ. Психодиагностикалық
әдістердің практикада қолданылғанына біршама уақыт болды.
Батыста және АҚШ-та тестілер білім саласында, кәсіби-еңбек іс-
әрекетінде, әскери күштерде кеңінен қолданылды. Тест арқылы
тексеру қорытындысы негізінде адамның белгілі бір мамандыққа
бейімділігі анықталып, болашағына бағыт жасалды. 70-ші
жылдардың аяғында Карнеги-Мелон университетінің әлеуметтік
психологтарының тобы АҚШ-тың оқу мекемелерінде басқа
елдермен салыстырғанда тестілердің ерекше қолданылуының
себебін білуге тырысты. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде
американдықтардың тестіге мән беріуінің үш себебі анықталды:
1) адам ресурстарын мейлінше тиімді пайдалануға бағытталған
іскерлік қызығушылық;
2) әлеуметтік тегіне қарамастан дарын иесін ынталандыруға
ұмтылу;
64
3) американдықтардың ұлттық стандарттарды жасауда баршаға
белгілі қажеттілігі. Бұл айтылғандар шын мәнінде, кез-келген ел
адам мүмкіншіліктерінің мейлінше тиімді жұмсалуына ынталы.
Біздің қоғамда мынадай түсінік қалыптасқан: «Әркімнің
қабілетіне қарай». Адамға деген мұндай қарым-қатынас
қабілеттерді анықтап беретін әдістердің болуын қажет етеді және
қоғамның диагностикалық әдістерге деген оң қажеттілігі
көрсетілген. Осылайша әр қоғам дарынды адамдарды анықтауда
мына мәселелер қарастырылады:
1) кез-келген қоғамның адамның қабілеті, білімі мен біліктерінің
деңгейі, темпераменті мен мінез-құлық ерекшеліктерін білуге
деген ынталылығы;
2) диагностиканың нақты қолданылатын құралдарының сапасы
және олардың көмегімен алынған мәліметтердің шындыққа
жақындығының деңгейі.
Тест жақтаушыларының өздері де тест құрау ғылымының
теориялық және әдіснамалық мәселелерін терең, жүйелі зерттей
отырып, шетел тестілерін біздің жағдайымызға бейімдеу
қажеттігін
мойындаған.Қоғамдық
практиканың
көптеген
салалары диагностикалық мәселелерді шешумен тікелей
байланысты болғандықтан, 50-60-шы жылдары диагностикалық
әдістер
мәселесі
қайтадан
күн
тәртібіне
қойылды.
Психологиялық-педагогикалық
басылымдарда
кеңестік
психологияның озық мамандарының мақалалары пайда болды.
Тестілерді құрастыру мен стандарттаудың барлық іс-
шаралары осы алғышарттардан бастау алады. Таза сандық
көрсеткіштерден интеллектінің жас ерекшеліктеріне қарай дамуы
байқалады. Тест мамандары Ж.Пиаже еңбектерінде суреттелген
интеллектуалдық даму кезеңдеріне қызығушылық білдіре
бастады. Бұл тест тапсырмаларын таңдағанда балалардың қандай
жас кезеңінде екендігін ескеру деген сөз. Бұл құбылысты
Ж.Пиаже «көлденең декаляж» деп атады.
Д.Б.Эльконин
мен
В.В.Давыдовтың
жетекшілігімен
бастауыш
мектепте
балаларды
оқытудың
жаңа
түрін
ұйымдастыруда сыналушы балалар басқа мектеп оқушыларымен
салыстырғанда, үлгерімнің ғана емес, ақыл-ой дамуы бойынша да
жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізген.Ақыл-ой дамуын
диагностикалау барысындағы адам қабілеттеріне, интеллектісіне
деген іс-әрекеттік көзқарас адамды бір ақыл-ой даму кезеңінен
65
екіншісіне көшуде мазмұнын ашуды, әрбір кезеңде танымдық іс-
әрекеттің сапалық өзгешеліктерін анықтауды талап етеді. Мұндай
көзқарас кезінде интеллект диагностикалау сыналуға тиісті іс-
әрекеттің мазмұнды түрлерінің болуын қажет етеді. Бұл тек ақыл-
ой дамуының деңгейін бағалауға бағытталған диагностикаға ғана
емес, сондай-ақ танымдық іс-әрекеттің жекелеген түрлерін
қалыптастыру дәрежесін анықтауға да қатысты. Бұдан шығатын
қорытынды, диагностиканың теориялық жағы осы саладағы
психологиялық зерттеулермен қатар жүріп отыруы тиіс. Адам
ақыл-ойы мен қабілеттерінің жаратылысы мен мазмұнын түсінуге
қатысты бұл айтылған көзқарас психодиагностика мәселелерін
мүлдем жаңа жолдармен шешуге бастады.
Біріншіден, жас ерекшеліктері нормаларының мәселесі
қоғамдық-тарихи жағдайларға, соның ішінде, күнделікті оқыту
мен тәрбиелеу түріне байланысты болды.
Екіншіден, жас ерекшеліктері нормалары ақыл-ой дамуының
интеллектуалдық іс-әрекеттердің көбеюі есебінен ғана емес,
олардың сапалық-өзгешелік жағдайының өзгеру жолымен
жүретінін де ескереді. Диагностика дамудың бірінші де, екінші де
желілеріне бағытталуы тиіс.Жекелеген іс-әрекеттің жағдайын
бағалау интеллектуалдық іс-әрекеттің кез-келген түрінің
генезисінің негізгі кезеңдерін көрсететін сынау үлгісімен, ал
ақыл-ой дамуын бағалау –жаңа ойлар логикасын көрсететін
сынау үлгісімен жүргізіледі. Сонымен бірге, өзекті даму аймағы
ғана емес, «жақын арада даму аймағы» да назарда болады. Ойлау
іс-әрекеттерін қалыптастыруға бағытталған әдістемелер баланың
ақыл-ой дамуы жөнінде шынайы мәлімет бере алатын «жақын
арада даму аймағын» анықтауға мүмкіндік береді. Бұл көзқарас
қабілет пен білім, білік, дағды арасындағы қарама-
қайшылықтарды жояды. Білім –қашанда белгілі бір іс-әрекеттің
құрамды бөлігі, ал білік, дағды, қабілет –белгілі бір
ерекшеліктермен сипатталатын әрекет немесе әрекеттер жүйесі.
Балалардың психикалық дамуының барысын бақылауға
мүмкіндік беретін әдістемелердің негізіне әрбір жас кезеңіндегі
іс-әрекет түрлерін жіктеу, жетекші іс-әрекет түрлерін есепке алу,
психикалық
үрдістердің
әртүрлі
жас
кезеңдеріндегі
сипаттамаларына (рефлексия түрі, шегі, т.б.) сай дамудың басты
жолдары алынады.
66
Біздің еліміздегі көптеген зерттеу топтары балалардың оқуға
бейімділігін, мектепке дайындығын анықтауға мүмкіндік беретін
диагностикалық әдістерді жинақтауда. Қазіргі таңда танымдық іс-
әрекеттің жекелеген түрлерін диагностикалау ұстанымдары
қаралды, олар ақыл-ой дамуын диагностикалау үшін, сондай-ақ,
мектеп оқушыларының жекелеген пәндерді меңгерудегі
табыстарын бақылау үшін де қолданылады.
1967 жылы ГДР психологтарының қоғамы жанынан
Г.Витцлактың
басқаруымен
психодиагностика
жөніндегі
комиссия
құрылды.
Комиссияның
міндеттеріне
«психодиагностиканың әдіснамалық және теориялық мәселелері
жөніндегі
жұмыстарды
үйлестіру,
психодиагностиканың
қоғамның жаңа талаптарына сай ғылыми негізделген әдістерін
қалыптастыру және оларды практикада психологтардың
көмегімен дұрыс қолдана білу» енді.
Психодиагностика
орталығы
елдегі
психодиагностика
мәселелерімен айналысатын барлық зерттеу ұжымдарымен тығыз
байланыста болды (Лейпциг және Грейфсвальд университеттері,
Дрезден мен Потсдам пединституттары). Бұл практикалық
психодиагностикалық әдістемелерді жасау жөніндегі теориялық-
әдіснамалық зерттеулерді өзара байланыстыруға мүмкіндік береді.
Басылымдардың өзара тілдерге аударылуы психодиагностика
да бірлескен еңбектің бір көрінісі болып табылады және
диагностика ұстанымдарына негізделген бірқатар жұмыстар
жарық
көрді.
Олардың
арасында
Достарыңызбен бөлісу: |