Р. Б. Доскалиева



Pdf көрінісі
бет42/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

Объективті тәсіладамның жеке басына тән 
ерекшеліктерді анықтауға арналған диагностика. Ол әдістемелер 
жеке тұлғалық ерекшеліктерді анықтауға арналған тестілер және 
интеллект анықтауға арналған тестілер болып екіге бөлінеді.
Субъективті тәсіл – адамның өзіне қатысты диагностика. 
Өзін-өзі бағалау, өзіндік сана-сезім, өзін-өзі бақылау немесе 
белгілі бір ситуациядағы көңіл-күйі, мінез-құлқы және т.б. 
ерекшеліктерін анықтау әдістемелері.
Жобалық тәсілмоторлы-экспрессивті, перцептивті-
құрымдылық, апперцептивті – динамикалық диагностика яғни, 
өзара жеке байланысын зерттеу әдістемелері. Сонда бұл тәсілдер 
арқылы мынадай жүйе құрылды: «Психодиагностикалық әдістер 
– тәсілдер - әдістеме» немесе «әдіс – тәсіл - әдістеме». 
Психологиялық диагностикада бұл әдістер зерттеу барысында 
өзара байланыстырылып және бірін-бірі толықтырып жүргізіледі.
7.3. Психологиялық зерттеу әдістерінің түрлері 
 
Психологиялық зерттеу әдістері заңдылықтарды ашады
бірақ олардың өздері пәннің ғылыми негізгі заңдылықтарына 
сүйенеді. Сондықтан, ғылымның даму барысында оның әдістері 
дамып, түрленіп отырады.
Психологиялық 
зерттеу 
әдістері 
ерекшеліктерімен 
зерттеулерді талдап, топтастыра отырып, қазіргі жүйеде 
төмендегідей қарастырылады. 
1.Ұйымдастыру 
әдістері: 
салыстырмалы 
әдіс 
(жас 
ерекшелік, іс-әрекеті бойынша әр түрлі топтарды салыстыру); 
лонгитюдтік әдіс (адамды ұзақ уақыт бойы бірнеше рет 


79 
зерттеу),кешендік әдіс (зерттеуге әртүрлі ғылым саласы 
қатысады, бір объектіні түрлі әдістер арқылы зерттейді).
2.Эмпирикалық әдістер. Олар бақылау және өзін-өзі 
бақылау, эксперименттік әдістер (табиғи, қалыптастырушы
лабораториялық); 
психодиогностикалық 
әдістер 
(тестілер, 
анкеталар, сауалнамалар, социометрия, әңгімелесу, сұхбат); іс-
әрекет нәтижелерін талдау; биографиялық әдістер.
3.Мәліметтерді өңдеу әдістері: сандық және сапалық 
(материалды топқа бөлу, талдау, мінездемелер, психологиялық 
анықтамалар, т.б.). 
4.Коррекциялық әдістер: аутотренинг, топтағы тренинг, 
психотерапиялық әдістер, оқыту, тәрбиелеу, т.б. 
Психология жеке ғылым ретінде қалыптасқаннан бері 
психологияның эмпирикалық әдістерінің тобы негізгі болып 
саналады. Эмпирикалық әдіске бақылау өзін-өзі бақылау және 
эксперименталдық әдістер жатады.
Бақылаудың психологияда екі негізгі түрі бар: өзін-өзі 
бақылау интроспекция және сыртқы объективтік бақылау.
Дәстүрлі интроспекциялық психология өзін-өзі басқаруды 
психологиядағы негізгі әдіс деп есептейді. Өзін-өзі бақылау 
арқылы өз психикасын тану сыртқы әрекеттің бақылауы арқылы 
жүзеге асырылады. Бақылау әдісінің қолданылуы ішкі мен 
сыртқының, объективтілік пен субъективтіліктің бірлігінен 
басталады. Объективтік бақылау әдісінің басты ерекшелігі: 
психикалық процестерді табиғи жағдайларда зерттеуге мүмкіндік 
береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет