Р. Б. Доскалиева


Тұлғалық бағдар диагностикасы



Pdf көрінісі
бет78/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

11.5. Тұлғалық бағдар диагностикасы 
 
«Бағдар» ұғымы психологияда көп жағдайда индивидтің 
стимул, жағдай, оқиғаның нақты кластарына оң немесе теріс 
көрінген бағыттылығы ретінде анықталады. Бағдарлар тікелей 
байқалмайды, бірақ вервалды емес түрде сыртқы құбылыстардан 
байқалады. 
Өмірлік тәжірибеде «бағдар» ұғымы әлеуметтік оқиғалар мен 
анағұрлым жиі байланысты және индивидтің осы оқиғаларға 
эмоционалды қатынасынан көрініс береді. Көп жағдайда 
«бағдар» ұғымы «пікір» ұғымымен алмастырылады, бұл екі ұғым 
өзара байланысты қолданылады. Сонымен қатар, адам не айтады 
және не істейтіні арасындағы қарым- қатынас, жалпы айтылған 
бағдарлар мен олардың жеке бағдарлары арасындағы қарым – 
қатынастарды валидтіліктің ерекше жағдайы деп қарастыруға 


134 
болады. Қарым – қатынас шкаласы сұрақтары бірқатар 
критерийлер бойынша валидті болуы мүмкін.
- Индивидтің қарама – қарсы әлеуметтік топтарға қарым- 
қатынасы. 
- Оның жақын таныстарына бағасы. 
- Сыналушымен әңгіме барысында алынатын биографиялық 
мәліметтер. 
- Денсаулық мәліметтері және т.б.
Бағдарлардың индивидтің бір өлшемді континумдағы 
жағдайының сандық өлшеуі үшін бағдарлар шкаласы құрылды.
Ең алғаш Л.Терстоун мен Е.Чейв (1959) алынған мәліметтерді 
сандық өлшеу үшін психологиялық сұрақнамаларды қолданды.
1932 жылы Р.Лайкерт бағдарлар шкаласын бағдарлауға басқа 
тәсілді ұсынды. Оны қолдану барысында эксперттер тобының 
тапсырмалары жіктелді. Тапсырмалар ішкі келіспеушілік критерийі 
бойынша стандартты таңдаудағы жауаптары негізінде таңдалып 
алынды.Сонымен қатар, Лайкерттің шкалалар ережесіне сай 5 
категория бойынша әрбір бекітудің градациясын талап етті.
- Толық келісемін 
- Келісемін 
- Сенімсізбін 
- Келіспеймін 
- Толық келіспеймін
Бағдарлар шкаласын құруда басқа да әдістерді таңдау және 
салыстыру әдісін қолдануға болады.
АҚШ- 
та 
бағдарлар 
шкаласының 
психиометриялық 
параметрлерін бағалай отырып, А.Анастази нормалар және 
валидтілік туралы мәліметтердің жетіспеушілігін айтады. Оның 
негізінде бұлардың практикалық қолдануларға емес, тек зерттеу 
жобаларына тиімді екені мойындайды. Бағдарлар сұрақ – жауабында 
өзіндік сана - сезім, өзіндік - қатынас диагностикасына бағытталған 
әдістер жатады. Адамның өзіне және жеке тұлғасына қатынасы 
әлеуметтік психологиялық тұрмыстық қатынасының ең маңызды 
ерекшелігінің бірі болып табылады. Тұлғаның ішкі бағдарлануы мен 
тенденцияларын анықтауда бағдарлар шкаласы, П.Терстоун, 
Р.Лайнерт шкалалары, адамның өзіндік сана-сезімін, өзіне қатынасын 
анықтау әдістемелері және С.Г.Пактилев пен В.В.Столин, 
М.Снайдердің қарым-қатынаста өзін-өзі бақылау әдістемелері 
қолданылады. 


135 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет