Р. Б. Доскалиева


Б тізімі (инструменталды құндылықтар)



Pdf көрінісі
бет77/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

Б тізімі (инструменталды құндылықтар)
- ұқыптылық заттарын реттілік тәртіпте ұстай білу ісіндегі
реттілік; 
- тәрбиелі (жақсы мәнерлер); 
- шарықтаған тілектер (өмірге деген жоғарғы талаптары мен зор 
дәмеленуі); 
- жарқын жүзділік (әзіл-оспақты түсіне білу);
- орындаушылық (тәртіптілік); 
- тәуелсіз (дербес, батыл әрекеттенуге талаптану); 
- өзінің және өзгелердің кемшіліктеріне деген ымырасыздық;


132 
- білімділік (білімінің молдығын, жоғары жалпы мәдениеті); 
- жауапкершілік (сөзінде тұра білу, кемеліне жеткен орынды 
шешімдер қабылдау); 
- өзін-өзі бақылау (ұстамдылық, өзін ұстай білушілік); 
- өз пікірін, көзқарастарын қорғаудағы табандылық; 
- тұрақты ерік (өз айтқанында тұра білу, қиындықтардан 
қорықпау); 
- шыдамдылық (өзгелердің пікірі мен көзқарастарына, өзгелерге 
олардың қатесі мен жаңылыстарын кешіре білу); 
- дүниеге көзқарасының кеңдігі (біреудің пікірін түсіне білу, өзге 
талғамдарды, дәстүрлерді, дағдыларды құрметтей білу); 
- адалдық (шыншыл, ықыласты); 
- істеген жетістік (еңбексүйгіш, жұмыстағы нәтижелік); 
- қайырымдылық (қамқорлық). 
Әдістеменің құндылығы – оны өткізудегі және өңдеудегі 
әмбебаптылықта, ыңғайлылықта, ұтымдылықта, мәліметтерді 
(құндылық 
тізімі) 
дәл 
солай 
нұсқауларды 
түрлендіру 
мүмкіндігінде. Негізгі сериядан кейін зерттелушіден төмендегі 
сұрақтарға жауап береотырып, карточкаларды тізуді өтінеді: 
-- «Берілген құндылықтар сіздің өміріңізде қандай реттілік пен 
қандай шамада (пайыздық) іске асырылған?» 
-- «Егер сіз өз армандағаныңыздай болсаңыз, сіз бұл 
құндылықтарды қалай орналастырар едіңіз?» 
-- «Мұны, сіздің ойыңызша, барлық жағдайда маңдайалды 
саналатын адам қалай істер еді?» 
-- «Сіз бұдан 5 немесе 10 жыл бұрын мұны қалай орындар 
едіңіз?»
-- «Сіз 5 немесе 10 жылдан соң мұны қалай орындар едіңіз?»
- «Сізге жақын адамдар карточкаларды қалай тізер еді?» 
Құндылықтың бағыну тәртібін талдағанда, сыналушының 
оларды әр түрлі негізде маңызды блоктарға топтастырылғанына 
назар аудару қажет. Мысалы, нақтылы және дерексіз, кәсіби 
түрде және жеке өмірінде өзін іске асыра алу құралы 
құндылықтар этикалық құндылықтарға, қатынас құндылығына, 
іс-әрекет құндылығына топтасуы мүмкін, даралық және ұқсас, 
альтруистік құндылықтар, өзін таныта білудің құндылығы мен 
өзгелерді қабылдау құндылығы, т.б. Егер бірде-бір заңдылықты 
анықтау мүмкін болмаса, құндылықтардың сәйкестелмеген 
жүйесін немесе тіпті жауаптардың жалғандығын шамалауға 


133 
болады. Екі немесе бірдей адамдардың жекеленген құндылық
бағдарламаның ұқсастық дәрежесін құндылықты тізудің әр 
түрлі нұсқаулары бойынша Спирменнің дәрежесінің өзара 
байланыстық коэффициентінің көмегімен анықтауға болады. Бұл 
коэффициенттің өте қиын мәнділігі мынада: п = 18-0,401 (5 
пайыз) және 0,550 (мәнділігінің дәрежесі 1 пайыз). Дәл осы 
тәсілмен жекелік бағыну тәртібінің құндылығын топтың 
жалпыланған тәртібімен жақындығын салыстыруға болады. Әр 
құндылық туралы топтық нәтиже алу үшін бар топтың 
мәліметтерінің арифметикалық мәні есептеледі, содан соң орта 
есебі қайта тізіледі.Бұл жерде біз мақсатты, яғни, қабылданған 
құндылық тәртібіне сай әрекеттенуге әзірлікті танып білетінімізді 
айта кеткен жөн, бірақ мақсатты іске асырудың өзі жағдайдың 
себептері мен жеке тұлғаның өзін-өзі реттеу деңгейіне 
байланысты. Адамның өзін-өзі реттеу деңгейін және өз 
тағдырына деген қатынасын танып білу үшін Дж.Роттер кеңес 
психологтары өңдеген локус – бақылаудың арнайы межелігін 
жете зерттеген. Бұл жіктеу бойынша адамдар экстерналдар мен 
интерналдарға ажыратылады. Экстерналдар жетістік немесе 
сәтсіздік сыртқы күштің әсерінің, сәттіліктің қоршаған ортаның 
нәтижесі болып табылады деп сенеді. Интерналдар болса, 
олардың өмірі толықтай өз қолдарында және өзінің күшіне 
бағынышты деп есептейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет