Жеке тұлғаның бағытталуын анықтау (бағдарлы сұрақнама) 1967 ж. Б.Басса жеке тұлғаның бағытталуын анықтау үшін
ТМД және басқа елдерде пайдаланылып жүрген бағдарлық
сауалнаманы бейімдеп, баспадан шығарды.Сұрақнама 27 пікірден
тұрады, олардың әрқайсысы бойынша жауаптың жеке тұлғаның
бағытталуының 3 түріне сәйкес келетін 3 нұсқасы болуы мүмкін.
Сұраққа жауап беруші пікірін ең көп шамада білдіретін немесе
шындыққа сәйкес не керісінше, оның пікірінше ең алыс немесе
шындыққа ең аз сәйкес келетін бір жауапты таңдауы керек. Ең
көп деген жауап – 2 балл, ең аз – 0, таңдалмай қалғанды 1 балл
деп алады. Барлық 27 пункт бойынша алынған балл
бағытталуының әр түрі бойынша жеке жинақталады. Әдістеменің
көмегімен мына бағдарлар анықталады:
1.
Өзіне бағытталу (Мен) – ең бастысы өз мақсаты, өз
жоспары, өз ойы бірінші орында.Қызметте өз көзқарасы бойынша
өз талабын қанағаттандыру, өз ойынша әрекет жасау, статусқа
қол жеткізу тән, кей кездерде агрессия, өктемдік, бақталастық,
ашушаңдық, мазасыздық қасиеттері де байқалады.
2.
Қарым-қатынасқа бағытталу (Қатынас) – кез-
келген жағдайда топқа, ұжымға бағытталу, адамдар ой-пікірімен
санасу, адамдармен қарым-қатынаста болуға тырысу, топқа
тәуелді, әлеуметтік қолдауды қажет етеді, адамдармен қатынаста
болғанды қалайды, көп мән береді.
3.Іс-әрекетке бағытталу (Іс-әрекет) – іс-әрекет мәселелерін
шешуге құштарлық, жұмысты жақсы орындау, іскерлік
ынтымақтастыққа бейім, қызмет мүддесін қорғау, жалпы мақсатқа
жетуде өз пікірін сақтау. Қызметті жетекші орынға қояды.
Сұрақ парағында 27 сұрақ берілген. Олардың әрқайсысына 3
нұсқа бойынша жауап беруге болады: А,Б,В.
1. Әр салаға берілген жауаптардың ішінен берілген сұрақ
бойынша өз көзқарасыңызды өте жақсы айқындайтын жауапты
таңдаңыз. Жауаптардың кей нұсқасы бірдей болып көрінуі
ықтимал, сонда да, өзіңізге аса көп шамада пікіріңізге сәйкес
біреуін ғана белгілеңіз.
2. Сонан соң саланың әрқайсысына берілген жауаптың ішінен
өзіңізге онша бағалы емес, өз көзқарасыңыздан алшақ тұрған
жауапты таңдаңыз.
136
Нұсқалардың ішінен «жақсы», немесе «жаман» деген
жауаптар жоқ, сондықтан жауаптың қайсысы өзіңіз үшін «дұрыс»
немесе «өте жақсы» болатынын болжауға тырыспаңыз.