Өзіндік бақылау сұрақтары
1. Психодиагностикалық алғашқы зерттеулер
2. Психодиагностикалық зерттеулер теориялары
3. Ақыл-есі төмен және психикалық науқас адамдарға
психологиясын зерттеу жүргізген психологтар
4. XIX ғасыр аяғында эксперименттік психологияда
алғаш зертханалық зерттеу негізін салған кім?
5. Дж.Кеттел алғаш рет қандай тест жасаған?
6. Бине –Симон тестілері қандай?
7. Жобалық тестілер түрлері
8. Семантикалық дифференциал-қандай әдістемелер
44
5. ПСИХОДИАГНОСТИКА ТАРИХЫНДАҒЫ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
5.1. Ресейдегі психологиялық зерттеулер
ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы психология
ғылымында диагностиканың дамуына тоқталсақ, В.М. Бехтерев
атындағы
Ленинград
психоневрологиялық
институтының
арнаулы және жеке психодиагностикалық еңбектерді шығаруы,
шетелдік диагностикалық оқу құралдарының орыс тіліне
аударылуы, психодиагностикалық мәселелерді қарастыруы
негізгі бастама болды. Диагностикаға ерекше мән берілген,
қарқынды дамыған кезеңі 70-80-ші жылдар еді. XX ғасырда
психологиялық тестілеу мүмкіндігінше нақты орнықты деуге
ХХ
ғасырдағы
кеңестік
психологиядағы
маңызды
мәселелердің бірі –іс-әрекет теориясы болды.Бұл бағытта
А.Н.Леонтьев,
С.Л.Рубинштейн,К.А.
Абульханова–Славская,
А.Н.Ждан, В.В.Давыдов, А.А.Леонтьев,О.К.Тихомиров еңбектері
психологиялық зерттеулердің дамуына негіз болған ең басты
идеяларды
ортаға
салды.
Іс-әрекет
процесінде
фило-
онтогенетикалық,
тарихи-функционалдық
дамуындағы
психикалық бейнелеудің жаңа құрылымдарын талдау –
психиканы зерттеудің бастапқы әдісі болып табылады. Кеңес
психологиясы ғылымының тұжырымдамаларының бірі – іс-
әрекет үлгісі; жалпы және тарихи даму белсенділігі; қоғамдық-
тарихи
тәжірибені
меңгерудегі
экстериоризация
–
интериоризация; сыртқы және ішкі іс-әрекет құрылымының
бірлігі; психикалық бейнелеудің іс-әрекет құрылымындағы
объектінің басты ұстанымдарына негізделеді. Бұл ұстанымдар
кеңес психологиясы өкілдері А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн,
К.А.Абульханова–Славская
еңбектерінде
берілген.
Біздің
елімізде осы ағымның талабына сай жүргізілген зерттеулер бүкіл
психология ғылымының жетістігі еді. Оның қалыптасуына
Л.С.Выготский мен А.Н.Леонтьев мектептері ғана емес, басқа
бағыттағы мектептердің өкілдері, Б.Г Ананьев, М.Я.Басов,
П.П.Блонский, С.Л.Рубинштейн, И.М.Сеченов, Б.М.Теплов және
Д.Н.Узнадзе сияқты көрнекті ғалымдар үлкен үлес қосты. Іс-
әрекеттің психологиялық теориясы қолданбалы ғылымдармен
тығыз байланысты. Іс-әрекет теориясының негізгі ережелері
45
психология
ғылымының
барлық
салаларында
көптеген
зерттеулерді бірыңғай арнаға бағыттады және психология
ғылымын теориялық біртұтастыққа бағындырды.
С.Л. Рубинштейн ғылыми еңбектерінің түрлі кезеңдерінде
тұлға
бағытын
талдап,
оны
әдіснамалық
ұстаныммен
байланыстырған: бірінші кезең- сана мен іс-әрекеттің бірлік
негізіне, екінші кезең–детерминизм қағидасына, ал үшіншісі-
философиялық талдауға байланысты. Сонда, С.Л Рубинштейн
еңбектерінде бірінші кезеңде тұлғаның дамуы мен пайда болуы,
ал екіншісінде тұлғаның белсенділігі туралы айтылады. Бірінші
кезеңде тұлға дамуында іс-әрекеттің рөліне, ал екіншісінде
тұлғаның өзінің рөліне, оның белсенділігіне ерекше көңіл
бөлінеді. Тұлға іс-әрекет барысында дамиды. С.Л Рубинштейн
тұлғаға сәйкес даму ұстанымын зерттей отырып, қабілеттілікке
талдау жасайды. Адам тіршілік әрекетін меңгеру ғана емес,
сонымен қатар, жаңадан жасауға негізделген шығармашылық
қабілеті де дамиды. С.Л Рубинштейннің теориясы бойынша,
адамның сыртқы ортаға қатынасы дағдыға айнала бастаған кезде
тұрақты сипатына және мінез-құлық қасиетіне ауысады.
С.Л.Рубинштейннің әдіснамалық бұл ұстанымынан бірнеше
нәтижелер келіп шығады:
- Әр тұлғаның белсенділігі олардың іс-әрекетіне түрліше
қатысты болады.
- Әрбір тұлға өздерінің іс-әрекеттерін әр шамада жүзеге
асырады.
Тұлға мен іс-әрекеттің қарым-қатынасы жайлы әдіснамалық
мәселені Л.И.Анцыферова былай тұжырымдаған:«Тұлға іс-
әрекет кезінде дамиды деген қағида-әрбір іс-әрекет тұлға
дамуына жағдай жасайды деген сөз емес». Бұл жағдайда іс-әрекет
туралы тұлға жүйесінің дамуының ашық ұстаным тұжырымы
жүзеге асады. Іс-әрекетті «нығайту» ұстанымы қажеттіліктің
маңыздысы болып табылады. Бұл принцип Л.И.Анцыферова,
В.Г.Асеева, Г.С.Тарасованың еңбектерінде қарастырылған. Бұл
ретте, іс- әрекетте тұлғаның арнайы қажеттілігі қалыптасады.
С.Л.Рубинштейн,
А.Н.Леонтьев
пен
В.Н.Мясищевтердің
қағидасына сүйене отырып, В.Г. Асеева «Адам өмірінің мәні
қажеттіліктерді қанағаттандыруда ғана емес, іс- әрекеттің өзінде»
-деген болатын. Егер В.Г. Асеева қажеттіліктің динамикалық-
46
энергетикалық жағын қарастырса, Г.С.Тарасов іс-әрекеттегі
қажеттіліктердің кәсіптік айырмашылығын көрсетті.
С.Л.Рубинштейн еңбектерінде: «адам өмірді өзгертетін
практикалық іс-әрекетті жүзеге асыра отырып, сол тіршілікке
деген қатынасын жүзеге асырады» – деп қарастырған Қатынас
және іс-әрекет диалектикасы өзінің даму сипатында тұлғаның
белгілі бір даму қатынасына жауап беретін іс-әрекет барысында
жүзеге асады. Тұлғаны қатынас арқылы анықтау және қатынас
пен іс-әрекет ұғымын ажырату жөнінде кеңес психологы
В.Н.Мясищев те зерттеу жүргізген.
В.Г.Асеевтің мотивация мәселесі зерттеулерін жетілдірудегі
зор үлесінің бірі – ол мотивацияға деген жүйелі бағыттың негізін
белгіледі. Сондықтан да, бұдан әрі тек мотивация аймағы туралы
ғана емес, сонымен бірге, тұлғалық өлшемдер мен даралық
ерекшеліктер туралы қарастырылды.Мотивация аймағы тұлғаға
тән мотивтер жүйесі – қатынастардың (адамдарға, өмірге,
еңбекке, т.б) типтік жүйесімен байланысты. Бұл қатынастар жеке
адамға тән субъективті қатынас емес, өмірлік іс-әрекетінің негізгі
жағдайларымен өзара әрекеттесу тәсілі болып табылады.
Мәдени-тарихи теорияның идеясына сүйене отырып, іс-
әрекеттің ортақ психологиялық тұжырымдамасы жасалды, бұл
отандық және әлемдік психологиядағы құнды теориялық
бағыттардың бірі болып табылды.
Қазіргі кезде психологиялық-теориялық бағыттарда танымал
болған іс-әрекет тұжырымдамасы А.Н Леонтьевтің 30-шы
жылдардың басында іс-әрекет мектебінде іс-әрекет мәселесіндегі
теориялық және эксперименттік зерттеуге қосқан еңбегінің
нәтижесі болып табылады. Оның ұсынған іс-әрекет құрылымы
сызбасының
(іс-әрекет
-
әрекет
–
операция
–
психофизиологиялық функциялар ) мотивациялық аймақ
құрылымы- мотив – мақсат – әрекет негізінде барлық
(қабылдау, ойлау, ес, зейін және т.б) психикалық құбылыстарда
кеңінен қарастырылады және сананы талдауға (мағынаның, оның
негізгі бөліктері ретінде «сезінуге арқау болуы», бөлінуі) аса
көңіл бөліп, ерекше мән берген.
А.Н Леонтьев адам психикасының қоғамдық-тарихи бағытын
дамыта отырып, адам тәжірибесінің екі түрі – туа берілетін және
жүре пайда болатын ғана емес, оған қоса, үшінші түрі де
болатындығын дәлелдеді. Ол адамзаттың өмір сүру барысында
47
игерілген тәжірибесі болып табылады. Адам тұлғасының
ерекшелігі осы тәжірибенің негізінде дамиды. Бұл тәжірибенің
алдыңғы екеуінен мазмұны жағынан ғана емес, игерілу механизмі
бойынша да басқаша болатыны анықталды. А.Н. Леонтьевтің іс-
әрекет және сана туралы ойлары психологиялық тұлғаны
теориясын жасауға негіз болып табылады. Іс-әрекеттік бағыт
тұжырымдамасы психологиялық ойдың дамуына қосылған мәнді
мәселе болып табылады, себебі, ол психика мен психикалық
құбылыстардың пайда болуы мен дамуын ғана емес, одан кейінгі
психологиялық зерттеудің де болашағын анықтайды.Осы тұрғыдан
кеңестік психологияда сана мен іс-әрекеттің жүйелі әдіснамалық
бірлігінің ұстанымы жасалған. ( Психология 2т.63-65б.)
Л.С.Выготский
дамытқан
сананың
мәдени-тарихи
теориясындағы негізгі ұғымдар: “мәдениет”, “тарих”, “сана”
болып табылады. Ол тек кеңестік психологиядағы ғана емес, әлемдік
психологиядағы құбылыс. Адам жан дүниесінің сыр-сипатын терең
зерттеген Л.С.Выготскийдің адам психикасының мәдени-тарихи
Достарыңызбен бөлісу: |