Р. Б. Доскалиева



Pdf көрінісі
бет29/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

Гуманистік психология термині 1960 жылы Маслоудың 
жетекшілігімен ғылымға енгізілген. «Мотивация и личность» деп 
аталатын еңбегінен оның негізгі бағыттарын көреміз:
1) «Мотивация теориясы»;
2) «Психопатология мен нормаға сәйкестілік»;
3) «Өзін-өзі кемелдендіру (өзіндік кемелдену)»;
4) «Өзін-өзі кемелдендіретін адамдардың шығармашылдығы»;
5) «Жаңа психологияның мәселелері»;
6) «Ғылымға деген психологиялық көзқарас» атты тараулар
Маслоудың гуманистік теориясының негізінде жатқан 
тезис - әрбір адамды біртұтас қайталанбас, ұйымдасқан 
тұтастық деп қарастыру. Мотивация мәселесі – Маслоу 
еңбектеріндегі ең маңыздысы болып табылады, адамдар өздерінің 
жеке мақсаттарын іздестіруге мотивтелген. Мотивтелген үрдістер 
жеке тұлғаның гуманистік теориясының діңгегі іспетті. 
Маслоудың пікірінше, адамның қажеттіліктері төмендегідей 
иерархиялық жүйе бойынша орналасқан: 
- физиологиялық қажеттіліктер;
- сақтану және қорғану қажеттіліктері
- топ, қоғам мүшесі болуға және сезімдік қажеттіліктер; 
- өзін-өзі сыйлау қажеттіліктері; 
-өзіндік кемелдену және жеке тұлғалық жетілу қажеттіліктері. 
Маслоу зерттеулеріндегі ой-тұжырымдары төмендегідей: 
 - адамға денсаулық, шығармашылық, өзін жүзеге асырудың 
жоғары деңгейіне ұмтылу қасиеті тән; 
-невроздар өзіндік кемелдену жолындағы кедергі ретінде 
қарастырылады; 
-синергетикалық қоғамның дамуы – табиғи және қажетті 
үрдіс. Бұл барлық индивидумның бір-бірінің бостандығын 
шектемей, тұлғалық дамудың жоғарғы деңгейіне қол 
жеткізетін қоғам;
- бизнес пен тұлғалық дамудың тиімділігі сәйкес болып 
табылады. Шын мәнінде өзіндік кемелдену үрдісі әрбір 


51 
индивидтің өндірістік жетістігінің ұлғаюына әкеледі.
( Психология 5 т.) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет