40
4.3. Жобалық тестілер дамуы
Ағылшын
клиникалық психологы Г.Ю Айзенк–тұлғаның
негізгі қасиеттерін зерттеуге арналған бірқатар әдістер мен
интеллектілік тестінің ("өз қабілетіңді тексер") авторы. Бұл
кезеңде тұлғалық құрылымды зерттеу барысында жобалық бағыт
кең өріс ала бастады. Сондықтан,
тұлға диагностикасында
Роршах дақтарына қызығушылардың қатары өсуінің арқасында
бұл тестінің маңыздылығы артып, кеңінен қолданыла бастады.
Роршах тестісі түрлі мәдениет адамдарын
зерттеудегі негізгі
құралы болып саналады. Мысалы:
-1945
жылғы
фрустрациялық
ситуациядағы
адамды
бейнелейтін суреттері;
- 1947 жылғы
Шейдманның суретті толықтыру және оны
баяндау тестісі;
- Осы жылғы
Саймондстың сөйлемді аяқтау тестісі;
- 1949 жылғы
Блектің сурет
бойынша әңгіме құрастыру
тестісі;
Жобалық тестілер мен әдістемелерді талқылаған,зерттеген
психологтар қатары молая түсті. Атап айтқанда
-М.Ловенфельдтің
«Мозайка тестісі» -геометриялық
формалар мен түстерден композициялар құрастырды.
- венгриялық-швейцарлық
психолог Л.Сондидің жобалық
тестісі түрлі психикалық дерті бар адамдардың фотосуреті
арқылы 6 сериямен жүргізіледі.
-
гештальттық психология өкілі-Лауретта Бендер тоғыз
геометриялық фигуралардан тұратын композициялар көмегімен
қабылдауды зерттейді.
Леопольд Франк «
Жобалық әдістемелер» термині бойынша
тестілерді жобалық гипотезалар негізінде интерпретациялайды.
Бұл жағдайда көптеген әдістемелер психометриялық бағытта
дамыды.
Психодиагностика саласындағы
білікті мамандардың бірі
Достарыңызбен бөлісу: