15
және психотерапия). Келесі бір әдіс –нақты өмір жағдайында
бақылау. Бұл әдістер арқылы зерттелуші туралы мәліметтер мен
ақпараттар білуге болады. Сондықтан психодиагностикада ар-
наулы психодиагностикалық әдістемелер
жеке тұлғаның немесе
топтың психологиялық ерекшеліктерімен барлық жағдайды
зерттеу
барысында
қолданылады.
Психодиагностикалық
әдістемелер мынадай ерекшеліктерімен сипатталады:
1. Диагностикалық ақпараттарды қысқа мерзімде алу;
2.Алынған ақпараттан адамның жеке ерекшеліктерін білу;
3. Салыстырмалы түрде сандық және сапалық ақпараттар алу;
4.Психодиагностикалық әдістемелер көмегімен алынған
ақпараттар индивидтің белгілі бір іс-әрекетте қабілеттілігін
немесе
даму
барысында
және
қарым-
қатынастағы
ерекшеліктерін ескеруге көмектеседі.
Психологиялық диагностиканың
принциптері диагностикалық
әдістеменің әдістемелік, теориялық және эксперименталдық
жақтарын негізге ала отырып, олармен байланысты дамиды.
Жалпы психодиагностика жалпы психология, әлеуметтік
психология, дифференциалды психологиямен байланысты болса,
арнаулы психодиагностика
жас ерекшелігі психологиясы,
медициналық, заң, әскери, спорт, енбек т.б. психология
салаларымен байланысты дамуда.
Психология
пәні
мен
аталған
ғылым
салалары
психологиялық диагностиканың негізін құрайтын бір бөлімі
болып саналады. Жалпы психодиагностиканың екінші бір
базалық негізі немесе фундаменті деп дифференциалды
психометрия есептеледі. Дифференциалды
психометрия ілімі
диагностикалық әдістерді талдау, есептеу, өлшеу жақтарын
қарастырады. Психодиагностиканың үшінші негізі практикалық
салада
қолданылатын
психологиялық
ілім
яғни,
психодиагностиканың мақсат-міндеттерін анықтап, кешенді әдіс-
тәсілдерді қолдану және белгілі бір объектіге нақты,
жан-жақты
зерттеу жүргізудегі психологиялық заңдылықтарды білу.
Психологиялық диагностиканың даму барысы осы негіздерге
сүйене отырып, кешенді диагностикалық зерттеу жұмыстарын
жүргізуге болады.