Р. Б. Доскалиева



Pdf көрінісі
бет4/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018


психологиялық 
эксперименттің 
бір 
түрі 
ретінде
(С.Л. Рубинштейн, К.М. Гурьевич, П.П. Дерюгин және т.б.); 
- психологиялық диагноз қоюдағы әдіс-тәсілдердің дамып
қалыптасуы (Л.Ф. Бурлачук, С.М. Морозов, И.Ф. Девятко); 



- психологиялық диагноз қою заңдылықтарын оқып-тануда 
психологияның бір бөлімі және тәжірибеде қолданылатын 
психодиагностикалық 
құралдар-принциптері, 
әдістері, 
психологиялық бағалау құралы туралы бөлім деп қарастырылады 
(А.А. Бодалев, В.В. Столин, Н.И. Шевардин, Л.С. Выготский). 
Бұл түсініктерден екі түрлі көзқарас туындайды: біріншіден, 
психодиагностика 
адамның 
психикалық 
қасиеттерінің 
айырмашылығын зерттейді десе (Г. Витцлак), ал, екінші көзқарас 
бойынша психодиагностика мазмұндық сипатына сүйене отырып, 
объектінің жеке өзін зерттеп қана қоймайды, ол іс-әрекетті реттеп 
басқару қызметін 
атқаратын индивидуалды ерекшелікті 
зерттейді. Бұл ретте психодиагностика пәні психологиялық 
зерттеу әдістерін талдап, қолдану барысында теориялық және 
практикалық түрде мынандай көрініс береді:
- объективті бейнелеу барысында тұлғаның индивидуалды 
психикалық қасиеттерінің дамуымен өзара байланысы;
- ішкі және сыртқы заттық іс-әрекет регуляциясы мен 
болмыстық бейнесі.Бұл көзқарас психиканың түрлі формалары 
психодиагностика пәні деген түсініктен туындаған және олар үш 
түрлі қатынасты құрайды. Олар: 
1.Интраиндивидуалды 
байланыстар 
(диагностикалық 
мәліметтер 
тұлғаның 
психикалық 
қасиеттерінің 
өзара 
байланысын бейнелейді). 
2.Қасиеттердің 
интериндивидуалды 
вариациясы 
(диагностикалық мәліметтер нақты индивид пен өзге тұлға 
арасындағы 
ерекшеліктерді 
анықтауға 
негіз 
ретінде 
қолданылады) 
3.Объект-субъект қатынасы (диагностикалық мәліметтер 
адамның айнала қоршаған ортаның талабына қатынасы мен 
индивидтің қоғамдық ережелерді орындау тәсілдері туралы 
ақпараттар). Бұл түсінікте психодиагностика пәні индивидуалды 
психикалық қасиетті қоршаған ортаның талабына сай нақты 
жағдай тұрғысынан қарастырады. Келесі бір жағынан қарасақ
психодиагностика пәні зерттеу объектісінің құрылымын екі 
деңгейде көрсетеді. 
1. Феноменологиялық деңгей- іс-әрекет параметрлер деңгейі. 
2. Себепті негіздік деңгей немесе іс-әрекет параметрінің 
бірінші деңгейін қамтитын психикалық қасиет. Бұл ретте 
психодиагностика өлшеу құралдарын қолдана отырып, зерттейтін 



эксперименттің бөлімі немесе түрі деп есептеледі.Сонда, осы 
пікір-көзқарастармен түсініктерді негізге ала отырып, жеке 
адамды психологиялық зерттеуде психодиагностика тұтас жүйе 
ретінде қарастырылуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет