12
сынақтардан өткізді. Пифагор ең бастысы адамның интеллектуалдық
қабілетін жоғары қойып, әр адамға салыстырмалы түрде қиын
математикалық есептер берді. Пифагор жастардың күлкісіне үлкен
мән берген, себебі, «Адамның күлу манері ол адамның мінезінің
көрсеткіші» -деген.
Ертедегі Қытайда адамның қабілеті зерттеле бастаған. Атап
айтқан да жоғары лауазымды адамдарды дайындауда қабілеті мен
олардың ұйымдастырушылығын, білімділігін зерттеген.
Орта ғасырда Вьетнамда (1370-1372) әскери және басшы
қызметкерлерді, мемлекеттік аппаратты зерттеп, конкурстар мен
емтихандар өткізген.
Адам психологиясын зерттеуде қай кезде де, қай халықта
болмасын адамның жеке басына
тән тұлғалық қасиеттерін,
қабілетін қоғамдық өмірге байланысты қорғаған. Қоғам
дамуымен, ортасына қарай өзерістер басты назарда болып,
психологиялық диагностика да өз кезеңіне сәйкес дамып отырды.
Тесттердің нақты даму кезеңі XIX ғасыр аяғы XX ғасыр
басында жеке тұлғаның ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан зерттеу
барысында, тәжірбиелік зерттеу қажеттілігі туындады. Бұл
проблемалар алғашқы жаңа тестердің шығуына себепші болды.
Ағылшын оқымыстысы Ф.Гальтон 1884-1885 жылдарда 5-80
жас
аралығындағы
адамдардың
физиологиялық
және
психологиялық ерекшеліктерін 17 көрсеткіш бойынша тұлғалық
қасиеттерін зерттеген. 9337 адамға эксперимент жасай отырып,
салыстырмалы сипаттама берген.
XIX ғасыр аяғы психологиялық эксперименттің нақты
фундаменті болды. Эксперименттік психологияда алғаш
лабораториялық зерттеу негізін 1879
жылы Германияда
Вильгельм Вундт салған. Бұл кездегі
Дж. Кеттелл пікірі: «Өзінің
эксперименттік негізі болғанда ғана психология ғылымы нақты
ғылым бола алады». Дж.Кеттел алғаш рет тест арқылы адамның
тұлғалық қасиеттерін зерттеуге болатындығын дәлелдеген,1890
жылы 50 лабораториялық тест жазған. Осы кезден адамның жеке
басына тән қасиеттерін және интеллектуалды даму деңгейін
анықтауға арналған алғашқы тесттерді ұсынған оның еңбегі
«Интеллект тесттері және өлшеу».1890 жылы«Mind»
журналында жарияланған.
Психодиагностиканың алғашқы зерттеулері адамдардың
жеке басына тән тұлғалық ерекшеліктерін анықтаудан басталды.
13
Ерте кезден бастап-ақ адамдардың
өзіндік қасиеттеріне
қарай жүйелі топтай бастады. Мысалы Теофраст (372 – 287 б.э.д.)
«Мінездер» («характеры») деген еңбегінде адамдардың тұлғалық
ерекшеліктеріне қарай «өтірікші», «мақтаншақ», «өркөкірек»,т.б.
түрлерге бөліп сипаттаған. Бұдан басқа да зерттеулерде адамның
типтік ерекшеліктеріне қарай зерттеп, сипаттама бере бастады.
Олар: Гиппократ, Гален, Кант, Павлов, Кречмер, Шелдон т.б..
Адамның ақыл-ойын зерттеуге арналған тесттерді жазған,
алғашқылардың бірі-испан ғалымы Хуан Хуарт (1530-1589жж)
адамның жеке басына қарай ес, қиял процестерін зерттеген
(«Examen de ingenios» еңбегі 1975 ж).
XIX ғасыр аяғында XX ғасырдың басында френология,
физиогномика, графология ғылымдары дамуына байланысты
жеке адамның даралық ерекшеліктерін анықтап, зерттедің келесі
бір салалары дамыды. Американ психологы Анна Анастази алғаш
рет ақыл-есі кем адамдарды зерттеді.
Ғылыми психодиагностика
біріншіден эксперимент пен
өлшеу идеясымен байланысты. Психологиялық бақылау 30
жылдары дамыды. Бұл жөнінде неміс зерттеушісі Вольф зейіннің
көлемін анықтау барысында алғаш зерттеген.Соған байланысты
психометрия ұғымы ғылымға енгізілген.
XIX
ғасыр ортасында психологияда психофизикалық
зерттеулерді Э.Вебер мен Г. Фехнер түйсіну, қабылдау
процестері арқылы зерттеп, күрделі психикалық құбылыстар
заңдылықтарын түсіндірді. Сонда, психология ғылымының даму
тарихында психодиагностиканың даму барысы өз ерекшелігімен
әр ғылым саласында орны бар екендігін көрсетеді.
XIХ-XX ғасырда психодиагностиканың негізгі даму кезеңі
Ф.Гальтон, Бине, Дж.Кэттелл, Г.Эббингауз, Э.Креплин,
Г.Россалимо, Г. Роршах т.б. есімдермен байланысты, сонымен
қатар, «ақыл-ой өлшемі» әдісімен тығыз байланысты.
Психодиагностика термині ең алғаш 1905 жылы А.Бине және
Г.Симон
еңбектерінде
психиатриялық
диагноз
беруде
қолданылды.Содан соң 1921 жылдан бастап ғылыми түрде дамып
қолданылуына Г.Роршахтың диагностикалық еңбектерінің
маңызы болды.
Психология ғылымында диагностиканың даму кезеңдері XX
ғасырдың 20-30 жылдары В.М.Бехтерев атындағы Ленинградтық
психоневрологиялық
институттық
арнаулы
және
жеке
14
психодиагностикалық еңбектерді шығаруы, шетелдік диагностикалық
еңбектерді
орыс тіліне аударуы, психодиагностикалық мәселелерді
қарастыруы негізгі бастама болды. Диагностикаға ерекше мән беріліп,
қарқында даму кезеңі 70-80 жылдары.
XX ғасырда психологиялық тестілеу барлығына да әйгілі
болып, кең көлемде дамыды және оқу ағарту саласында,
өнеркәсіпте, денсаулық, әсекери т.б. барлық салаларда
қолданылды және жан-жақты дамыды.
Достарыңызбен бөлісу: