Р. Б. Доскалиева


және нәтижелерді бағалауға



Pdf көрінісі
бет6/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

және нәтижелерді бағалауға (А.Анастази, Л.Ф.Бурлачук, 
В.В.Столин, А.Г.Шмелев және басқалары). Оның негізгі 
шарттарының бірі – адамның жеке дамуы, денсаулық сақтау,
білім, өндіріс, жанұядағы қарым-қатынастар сияқты салалардағы 
практикалық 
міндеттерді 
шешуге 
мүмкіндік 
беретін 
психологиялық зерттеулерді мақсатқа лайық дамыту.Осылайша, 
әртүрлі психологиялық феномендер туралы нақты ақпарат алу 
мәселесі қазіргі таңда ерекше мәнге ие болып отыр. 
Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет: ғылыми, 
қолданбалы және практикалық тұрғыда қарастырылады.
Ғылыми жағы білім берудегі психологиялық қызмет 
мәселесінің 
зерттелуін, 
теориялық 
және 
әдіснамалық 
негіздемесін, психодиагностика жүргізу, қазіргі білім беру 
жүйесіне сай психологиялық білімді қолдану түрлері мен 
әдістерін дамыту және психологиялық түзетулерді қамтиды.
Қолданбалы жағы оқыту мен тәрбиенің, оқулықтың, 
дидактикалық 
және 
әдістемелік 
материалдардың, 
оқу 
бағдарламалардың психологиялық негіздерін жасау және оны 
талдау, барлық үрдістерді психологиялық жағынан қамтамасыз 
етуді қарастырады.
Практикалық 
жағы 
психологтардың 
білім 
беру 
мекемелеріндегі немесе білім беру жүйесіндегі психологиялық 
қызмет орталықтарындағы жұмыстарына тікелей қатысты 
тәжірбиелік 
жақтарын 
қарастырады 
және 
барлық 
психодиагностикалық әдіс-тәсілдердің негізін құрайды.
Психодиагностика 
адамның 
психологиялық 
даралық 
ерекшеліктерін зерттеп, бағалау барысындағы теориялары мен 
принциптерін қарастыратын психология ғылымының бір тармағы 
және психологиялық қызметтің негізгі бағыттарының бірі.
Психодиагностика-тұлғаның жеке басына тән ерекшеліктерді 
танып білудегі әдіс – тәсілдер мен әдістемелерді қолданудағы 
практикалық психологияның негізгі формасы. «Диагностика»
термині грек тілінен аударғанда («диа» және «гнозис») таным 
айырмашылығы деген мағынаны білдіреді немесе «жан 
айырмашылығын тану». Диагностика термині қазіргі кезеңде 
психология саласында ғана емес, сонымен қатар, педагогикада, 
медицинада, техникада және басқада ғылыми салаларда жалпы 


10 
тәжірибеде қолданылады. Диагностика ұғымын жалпы ғылыми 
түсініктер бойынша қарасақ, белгілі бір объект туралы танып 
білу және зерттей отырып диагностикалық категория бойынша 
топтау, жүйелеу.
Егер оқыту жүйесіндегі психодиагностиканы қарастыратын 
болсақ, қандай болмасын педагогикалық әрекет туралы ақпарат 
білуге болады. Бұл тұжырымнан түсінетініміз барлық 
педагогикалық іс-әрекет психодиагностикалық ақпараттар 
жинағынан басталып, психодиагностикалық зерттеулермен 
аяқталады. Ал медицинада ауру ерекшелігіне қарай диагноз 
қойып, нақты диагностикалық категория бойынша емдеу әдіс- 
тәсілдерін ұсынады, сонда ғылыми психодиагностикада 
бақыланған мәліметтер мен диагностикалық белгілер бойынша 
ерекше әдістемелер мен зерттеу тестері жүргізіліп, сандық-
сапалық эксперименттік шкала талап етіледі. Мұндай жағдайда 
психодиагностикадағы 
негізгі 
түсініктер 
диагностикалық 
белгілер мен диагностикалық категория. Белгілер тікелей 
бақылау мен тіркеу жағынан айырмашылығы болса, ал 
категорияда тікелей бақылау жасырын түрде жүреді. Сондықтан, 
сандық категорияда диагностикалық фактор атауы жиі 
қолданылады. Диагностикалық қорытынды – бақыланған 
белгілерден 
жабық 
категориялар 
деңгейіне 
ауысу. 
Психологиялық диагносикадағы бір қиындық, ол белгілер мен 
категориялар арасындағы өзара бір бағытты байланыстар. 
Мысалы, баланың сыртқы бір әрекеті бірнеше түрлі 
психологиялық 
себептерге 
байланысты 
болуы 
мүмкін. 
Қорытынды жасау үшін бір ғана белгі жеткіліксіз. Сондықтан, 
комплексті түрде белгілерді талдау қажет немесе түрлі 
ситуациядағы әрекеттер сериясын ескеруіміз керек. Жүйелеу 
барысында түрлі белгілер жасырын факторлармен байланысты 
болғандықтан эксперимент және тест арқылы қарастырылады. 
Тест-психодиагностикада 
жасырын 
факторды 
анықтауда 
стандартталған белгілі бір түрде зерттеу, сынау әдістемелері. 
Тест арқылы үлкен зерттеулер жүргізіледі. Түрлі практикалық 
тексеру және дифференциалды-диагностикалық зерттеу қазіргі 
тестілеу мәдениетінің негізгі қызметі. Тексеру дайын, талданған 
тестерді қолдану және сыналушы адамның писхологиялық
қасиеттері туралы мәліметтер арқылы қорытындылау. 


11 
Дифференциалды-диагностикалық зерттеу белгілі бір 
психикалық 
қасиеттерді 
анықтауда 
теориялық 
және 
эксперименталдық жақтарын кешенді түрде қарай отырып, 
диагностикалық белгілері туралы ақпараттар алу. Бұл жағдайда 
қазіргі кезеңде «психодиагностика» ұғымы «писхологиялық» 
тестілеу ұғымымен тығыз байланыста. Стандартталған тестермен 
қатар экспертті немесе клиникалық диагностикалық әдістер 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет