Қр денсаулық сақтау министрлігі с. Д. Асфендияров атындағЫ


НЕСЕПТІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫНЫҢ ӨЗГЕРІСТЕРІ



бет2/7
Дата22.06.2016
өлшемі1.56 Mb.
#153707
1   2   3   4   5   6   7

НЕСЕПТІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫНЫҢ ӨЗГЕРІСТЕРІ

( Зимницкий сынауымен және жалпы зәр талданымымен анықталады)


Зәрдің салыстырмалы тығыздығы бүйректің қоюландыру қабілетін сипаттайды, ол еріген заттардың мөлшеріне ( мочевина, несеп қышқылы, тұздар, креатинин) байланысты.

Несептің салыстырмалы тығыздығы қалыпты жағдайдан 1,002 –ден (суды артық қолданғанда) 1,035 (құрғақ тамақ қабылдағанда) дейін ауытқып тұрады. Әдеттегі тамақтану кезінде 1,018 –1,025 құрайды.

Несептің салыстырмалы тығыздығының өзгеруі өзекшелер қызметінің бұзылуына байланысты.

Гипостенурия –зәрдің салыстырмалы тығыздығының төмендеуі (Зимницкий сынағының барлық бөлігінде 1,018 - ден аз)

Изостенурия - зәрдің салыстырмалы тығыздығының әрқашан біркелкі, алғашқы несеп тығыздығына (1,010 –1,012) тең, бұл бүйректің қоюландыру қабілетінің мүлдем жоғалуын көрсетеді.

Гиперстенурия – несептің салыстырмалы тығыздығының жоғарылауы.


  1. Көрсетілетін материал: дәрістің мультимедиялық көрсетілімі

  2. Әдебиеттер

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2007. – Б. 555-579

  2. Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–М.: Гэотар-Медия. -2008.-С. 420 - 423

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, т.2, 2009 .-С.425-448

  4. Патологическая физиология. Учебник, п/р Н.Н.Зайко, Киев, 2004г.- С. 516-526

  5. Патофизиология. Основные понятия. Учебное пособие под ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008.-С. 172-181

Қосымша

  1. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 212 – 221

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Изд-во Том.ун-та, 2006.С. 598-606

  3. Джеймс А. Шейман. Патофизиология почки. М. –СПб: изд-во БИНОМ, 2002.- 206с




  1. Бақылау сұрақтары

  1. Тұқым қуатын тубулопатияға мысал келтірініз.

  2. Гематурияның патогенезі қандай?

  3. Протеинурияның патогенезі қандай?

  4. Изостенурия нені мәлімдейді ?

2 тақырып. Бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінің патофизиологиясы.



Мақсаты: БСЖ патогенезі мен этиологиясының сұрақтарын меңгеру.

Дәріс жоспары:

  1. БСЖ этиологиясы, патогенезі, сатылары, көріністері.

  2. Уремия туралы түсінік, уремиялық синдромның клиникалық көріністері.


Дәріс тезистері

Бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінің (БСЖ) патофизиологиясы
- бүйрек қызметінің үдемелі төмендеуі

Себептері:

Бүйректің созылмалы аурулары:

гломерулонефрит, пиелонефриттер, бүйрек поликистозы, бүйрек амилоидозы, несеп тас ауруы, қантты диабетте бүйректің зақымдануы, гипертониялық аурулар кезінде, атеросклерозда кездеседі.

Патогенезі:

Нефрондардың үдемелі түрде өлуі және олардың дәнекер тіндермен алмасуы (нефросклероз) ® өзекшелер мен шумақтар қызметінің үдемелі төмендеуі ® несеп түзілуінің төмендеуі ® уремия ® уремиялық кома

БҮЙРЕК ҚЫЗМЕТІНІҢ СОЗЫЛМАЛЫ ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІНІҢ (БСЖ) САТЫЛАРЫ

Бүйрек қызметі бұзылуының дәрежесі бойынша:

Жасырын саты

Қандағы қалдық азот қалыпты, шумақтық сүзілу деңгейі 50%-ға дейін төмендейді.


Гиперазотемиялық саты

Гиперазотемия, шумақтық сүзілу деңгейі 20% -ға дейін төмендейді.

Уремиялық саты


Уремия, жоғары дәрежелі гиперазотемия, шумақтарда несептің сүзілу деңгейі 10- 5% -ға дейін төмендейді.

Диурез бойынша:

Жасырын саты

диурез қалыпты, Зимницкий сынауы қалыпты, жүктемелік сынауда (құрғақ тамақтанғанда) бүйректің қоюландыру қабілетінің төмендеуі байқалады.

Полиурия саты

Гипостенурия, бүйрек түтікшелерінің қоюландыру қабілетінің әдеттегі жағдайдан төмендеуі.

Олигурия саты

Уремия, изостенурия, диурез 500 мл- ден аз.



Уремия ( грекше. uron –несеп, haima - қан) – зәрліқан.

Бүйрек қызметінің теңгерілмеген кезінде пайда болатын синдром.

Патогенезі:


  1. Қалыпты жағдайда бүйрек арқылы несеппен шығарылтын, зат алмасу өнімдерімен организмнің аутоуыттануы:

- қалдық азоттың құрамбөлшектері - азоттық (аммиак, креатинин, несеп қышқылы, зәрнәсіл ж.б.) қалдықтармен

- аминқышқылдары метаболизмі (фенол, скатол, индол) ж.б. өнімдерімен



  1. су-электролиттер алмасуының бұзылуы:

  • гипоосмолялдық гипергидратация = сумен улану;

  • гиперкалиемия, гипермагниемия, гипокәлциемия, гипонатриемия, гиперфосфатемия, гиперсульфатемия;

  1. метаболизмдік ацидоз (биокарбонаттар кері сіңірілуінің бұзылуы, сутегі иондары шығарылуының төмендеуі);

  2. гормондар, витаминдер (вит.Д) метаболизмінің бұзылуы,

  3. эритропоэтиндер, простагландиндер, кининдер ж.б.түзілуінің бұзылуы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет