Қр денсаулық сақтау министрлігі с. Д. Асфендияров атындағЫ


Шумақтық мембрананың айқын зақымдануының



бет6/7
Дата22.06.2016
өлшемі1.56 Mb.
#153707
1   2   3   4   5   6   7

Шумақтық мембрананың айқын зақымдануының


  • Тіректік мембранада C3 әсерленуі, иммундық кешендердің шөгуінің

  • Мезангиум жасушаларының артық өсіп өнуінің

  • Бүйрек өзекшелерінің некрозының

    37. Иммундық кешендермен зақымдану тән (4)

    1. Тез үдемелі гломерулонефритке

    B) Мембранасы өсіп өнетін гломерулонефритке

    С) Мембраноздық гломерулонефритке

    D) Гудпасчер синдромына

    E) қауырт гломерулонефритке



    38. 3 жасар балада фарингит ауруынан 10 күннен кейін жайылған ісінулер дамыды. Зерттеуханалық зерттеулер: айқын әлбуминурия, гипоәлбуминемия, гиперлипидемия. Науқаста болуы өте мүмкін:

    1. аздаған өзгерісті нефропатия+

    2. мембраналық-өсіп-өнулік гломерулонефрит

    3. мембраналық гломерулонефрит

    4. тез үдемелі гломерулонефрит

    Е) жедел стрептококтық гломерулонефрит

    39. Бүйректік гипертензияның патогенезі байланысты

    A) Дегидратациямен

    B) Ренин сөлденісінің жоғарлауымен, простагландиндер сөлденісінің төмендеуімен+

    C) Ренин сөлденісінің төмендеуімен, простагландиндер сөлденісінің жоғарлауымен

    D) ААФ белсенділігінің төмендеуімен

    E) Ангиотензин II деңгейінің төмендеуімен



    40. Ауқымды протеинурия (тәулігіне 40г көп) дамиды

    A) пиелонефритте

    B) жедел гломерулонефриттте

    C) созылмалы гломерулонефритте

    D) нефроздық синдромда+

    E) несеп-тас ауруында



    41. Нефроздық синдромға тән (4)

    1. айқын протеинурия

    B) Гематурия

    C) Гипертензия

    D) Олигурия

    E) «жуылған ет» түсті зәр



    42. Балалардағы шумақ бүлінісінің жиі кездесетін түрі

    А) аздаған өзгерісті нефропатия +

    В) мембраналық-өсіп - өнулік гломерулонефрит

    С) мембраналық гломерулонефрит

    D) бөліктік гломерулонефрит

    Е ) созылмалы гломерулонефрит



    43. Жедел стрептококтық гломерулонефрит кезіндегі протеинурия

    1. Талғамсыз+

    2. талғамды

    3. жүктемелік

    4. әлбуминурияның басымдығымен

    Е) Tamm-horsefall нәруызының басым жоғалту

    44. Науқас М., 28 жаста, дене қызымының көтерілгенімен, ауыру сезімімен жиі дәретке отыратындығына, беліндегі ауыру сезіміне шағымданды. Зәрінде көптеген нейтрофилдер, лейкоциттік цилиндрлер. Бактериологиялық зерттеуде зәрінде 105 бактерия/мл-ден көп анықталды. Берілген дерттің мүмкіндік себебі болуы мүмкін:

    A) Pseudomonas aeruginosa

    B) Proteus vulgaris

    C) Haemophilus influenza

    D) Escherichia coli

    E) Neisseria gonorrhoeae



    45. Шумақтардың антиденелермен зақымдануының мысалы

      1. аздаған өзгерісті нефропатия

      2. мембраналық-өсіп-өнулік гломерулонефрит

      3. мембраналық гломерулонефрит

      4. Гудпасчер синдромы +

    Е) жіті гломерулонефрит

    46. БЖЖ кезінде олигурияның патогенезіндегі маңыздысы (4)

    A) бүйрекпен ренин өндірілуінің күшеюі

    B) нефрон өзекшелерінің өткізгіштігінің бұзылуы

    C) шумақтық сүзілудің жоғарылауы

    D) бүйрек ұлпасының ісінуі

    E) пәрменді сүзілулік қысымның азаюы



    47. БЖЖ кезінде диурез бұзылуының сатылары

    A) бастапқы, олиго-анурия, диурездің қалпына келуі, полиурия

    B) бастапқы, полиурия, диурездің қалпына келуі , олиго-анурия

    С) бастапқы, олиго-анурия, полиурия, диурездің қалпына келуі +

    D) олиго-анурия, полиурия, диурездің қалпына келуі

    Е) бастапқы, үдемелі, ақтық



    48. БЖЖ олигоануриялық сатысына тән

    A) гиперазотемия, метаболизмдік ацидоз+

    B) гипокалиемия

    С) сусыздану

    D) гиповолемия

    E) қанда қалдық азот деңгейінің төмендеу



    49. БСЖ бірінші сатысында байқалады

    1. олигоанурия

    2. қанда креатинин мөлшерінің ұлғаюы

    3. қанда зәрнәсіл мөлшерінің ұлғаюы

    4. қанның қалдық азот деңгейінің жоғарылауы

    5. шумақтық сүзілудің 50% ға төмендеуі+

    50.. БСЖ гиперазотемилық сатысында шумақтық сүзілу төмендеген

    A) 10%-ға

    B) 30% -ға

    C) 40% -ға

    D) 50% -ға

    E) 80% -ға +



    51. БСЖ олигуриялық сатысында дамиды

    A) полиурия

    B) уремия +

    C) несептің салыстырмалы тығыздығының жоғарылауы

    D) шумақтық сүзілудің жоғарылауы

    E) өзекшелік кері сіңіріілудің жоғарылауы



    52. Уремия кезіндегі анемияның патогенезінде маңыздысы (4)

    1. организмнен азотты қалдықтардың шығарылуы мен сүзілудің бұзылуы

    2. гипоосмолялдық гипергидратация

    3. ацидоз дамуы

    4. организмнің дегидратациясы

    5. гормон, витаминдер метаболизмінің бұзылуы

    53. Уремия кезіндегі сүйек жүйесі бұзылыстарының патогенезінде маңыздысы (4)

    1. бүйректе Д витаминінің белсенді түрінің түзілуінің бұзылысы

    2. гипокәлциемия

    3. ішекте кәлций сіңірілуінің артуы

    4. екіншілік гиперпаратиреоз

    5. остеомаляция, кәлциноз

    54. Уремия кезіндегі анемияның патогенезінде маңыздысы

    1. эритропоэтин өндірілуінің төмендеуінің+

    2. эритропоэтин түзілуі жоғарылауының

    3. спектрин түзілуінің тұқым қуатын ақауы

    4. эритроциттердің осмостық төзімділігі жоғарылауының

    5. орақ тәрізді эритроциттер түзілуінің

    55. Нефроздық ісінулердің негізгі патогендік жайты болып табылады

    1. гипопротеинемия +

    2. қан тамыр қабырғасының өткізгіштігің жоғарылауы

    3. гиперпротеинемия

    4. лимфаның ағып кетуінің қиындауы

    5. қанда гидростатикалық қысымның төмендеуі.

    56. Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі кезіндегі остеопорозды дамытады

    1. гиперкәлциемия

    2. гипопаратиреоидизм

    3. D витамині алмасуының бұзылысы +

    4. алғашқы гиперпаратиреоидизм

    5. гиперкалиемия

    57. БЖЖ олигоануриялық сатысына тән

    1. гиповолемия

    2. гиперкәлциемия

    3. изоосмолялдық гипергидратация+

    4. артериялық гипотензия

    5. алкалоз

    58. Уремияға тән (4)

    1. ісінулер

    2. анемия

    3. Куссмауль тынысы

    4. дегидратация

    5. артериялық гипертензия

    59.Крипторхизм - бұл

    1. ұмада бір жұмыртқаның болмауы

    2. ұмада екі жұмыртқаның болмауы

    3. екі жұмыртқаның іш қуысына бітуі

    4. іш қуысынан ұмаға жұмыртқалардың түсуінің кешеуілдеуі

    5. жұмыртқалардың орналасуы

    60. Жүре пайда болған фимоздың себебі

    1. Баланопостит

    2. орхит

    3. простатит

    4. эпидидимит

    5. кавернит

    61. Крипторхизм мыналардың пайда болуының қауіп-қатерлі ықпалы болып табылады

    1. Семиноманың+

    2. хориокарциноманың

    3. тератоманың

    4. меланоманың

    5. эндометриоздың

    62. Аналық бездердің салдарлық гипофункциясының себептері бола алады

    1. эстрогендер түзілуінің тұқым қуалайтын ақауы

    2. энцефалиттер, жарақаттар, гипофиздің өспелері кезінде ГТГ өндірілуінің төмендеуі +

    3. аналық бездердің поликистозы

    4. аналық бездердің ГТГ-ға төмен сезімталдығы

    5. аналық бездердің аутоиммунды зақымдануы

    63. Аналық бездердің салдарлық гипофункциясының көрінісіне жатпайтыны

    1. жыныстық жетілудің кешеуілдеуі

    2. аменорея

    3. мезгілінен бұрын жыныстық жетілу

    4. дисфункциялық жатырдан қан кету

    5. бедеулік

    64. Етеккірдің болмауы мына терминмен белгіленеді

    1. аменорея

    2. полименорея

    3. олигоменорея

    4. меноррагия

    5. альгоменорея

    65. 7 күннен артық ауқымды етеккір мына терминмен белгіленеді

    1. аменорея

    2. полименорея

    3. олигоменорея

    4. меноррагия

    5. альгоменорея

    66. Аналық бездердің гиперфункциясының көріністеріне жатады

    1. жыныстық ерте жетілу+

    2. акромегалия

    3. крипторхизм

    4. әтекейлік

    5. адреногениталдық синдром

    67 Ата бездің гипофункциясына әкелуі мүмкін (4)

    1. ГТГ сөлденісін бұзатын қабыну, жарақаттар

    2. Бүйрек үсті безінің жыныстық гормондарының артық өндірілуі

    3. Ата без тінінің аутоиммундық зақымдануы

    4. Ата без дамуының бұзылысы

    5. гонадолибериндердің артық сөлденісі+

    68. Ата бездің гипофункциясының көріністеріне жатады (4)

    1. жыныстық жетілудің кешеуілдеуі

    2. әтекейлік

    3. кахексия

    4. семіру

    5. бедеулік, белсіздік+

    70. Ата бездің гипофункциясына әкелуі мүмкін

    1. гонадолибериндер өндірілуінің азаюымен сипатталатын ми өспесі

    2. Ата без тінінің аутоиммундық зақымдануы

    3. семіру

    4. ГТГ сөлденісінің артық болуы

    5. Тиреотропты гормонның артық сөлденісі

    71. Тұқым қуатын тубулупатияның мысалы болады

    1. Фанкони синдромы +

    2. Нефроздық синдром

    3. Нефриттік синдром

    4. Гудпасчер синдромы

    5. Конн синдромы

    72. . Анорхизм - бұл (1)

    1. ұмада бір жұмыртқаның болмауы

    2. ұмада екі жұмыртқаның болмауы

    3. екі жұмыртқаның іш қуысына бітуі

    4. іш қуысынан ұмаға жұмыртқалардың түсуінің кешеуілдеуі

    5. ата бездің өзінің қалыпты орнында орналаспауы

    73. Монорхизм (1)

    1. ұмада бір жұмыртқаның болмауы

    2. ұмада екі жұмыртқаның болмауы

    3. екі жұмыртқаның іш қуысына бітуі

    4. іш қуысынан ұмаға жұмыртқалардың түсуінің кешеуілдеуі

    5. ата бездің өзінің қалыпты орнында орналаспауы

    74.Қуықтың экстрофия (1)

    1. қуық қабырғасының қалта тәрізді томпиып шығуы

    2. қуықтың жыланкөзі

    3. қуықтың туа пайда болған жабысуы

    4. зәрағардың артқы қабырғасының болмауы

    5. қуықтың алдыңғы қабырғасының туа пайда болған жырығы

    75. Аналық бездердің алғашқы гипофункциясының себептері болуы мүмкін (5)

    1. эстрогендер өндірілуінің тұқымқуатын ақауы

    2. аналық бездердің поликистозы

    3. аналық бездердің ГТГ-ға сезімталдығының төмендеуі

    4. гипоталамустың немесе гипофиздің зақымдануы

    5. аналық бездердің аутоиммундық зақымдануы

    6. аналық бездердің гипоплазиясы

    76. Аналық бездердің салдарлық гипофункциясының себептері болуы мүмкін (2)

    1. эстрогендер өндірілуінің тұқымқуатын ақауы

    2. гипофиздің өспелерінде, жарақаттарда, энцефалиттерде ГТГ өндірілуінің азаюы

    3. гонадолибериндер өндірілуінің бұзылуы

    4. аналық бездердің поликистозы

    5. аналық бездердің ГТГ-ға сезімталдығының төмендеуі

    СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР әр тақырыптан қараңыз


    ТӘЖІРИБЕЛІК МАШЫҚТАРДЫҢ ТІЗІМІ


    1. Бүйрек аурулары кезіндегі негізгі синдромның патогенезін түсіндіре білу (несептік, нефритикалық, нефротикалық, жедел және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі)

    2. Репродуктивті жүйенің және жыныстық жетілу синдромының бұзылысын түсіндіре білу

    3. Бүйрек қызметінің бұзылысы кезіндегі қан және зәр анализіндегі өзгерістерді қорытындылай білу


    Оқу құралдары

    1) Барлық тақырып дәрістерінің қазақша, орысша және ағылшын тілдеріндегі мультимедиялық презентациясы:

    2) Сабақтың демонстрациялық материалдары


    № тақырып

    Тақырып

    Көрнекілік құралдың түрі

    кесте және папкалар №

    1

    Несеп –зәр шығару жүйесінің патофизиологиясы

    Таратылатын материалдар

    Кестелер


    Жануарлар жабдықтары



    ЖМ 9-ТЖ
    27.1 Несеп түзілуді реттеу

    27.2 Нефрон қызметі мен құрылысы

    27.3 Тіректік мембрананың иммундық зақымдалуы

    27.4 Несептік синдром

    27.5 БСЖ себептері

    27.6 БСЖ көріністері

    27.7 Пиело- және гломерулонефриттер

    Тышқандар

    Воронкілер, өлшегіш пробиркалар, штативтер, шприцтер, мочевина ерітінділері, физ.ерітінді

    СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР әр тақырыптан қараңыз


    Жауаптардың эталондары
    Тақырып: «Несеп-шығару жүйесінің қабыну ауруларының патофизиологиялық сипаттамасы. Обструкциялық уропатиялар»


    1 тапсырма

    «Пиелонефриттің этиологиясы мен патогенезі» кестені толтырыңыз.




    Пиелонефриттің жиі себебі

    Ішек таяқшасы (90%), сирек стафилококктар, протей, псевдомонас, стрептококктар, энтерококктар

    Жұқпалардың ену жолдары

    Уриногенді, гематогенді, сирек лимфогенді

    Жұқпалардың үрпі жолдарымен енуі

    Уретриттер, зәр қапшығын катетрлеу, циститтер, қуық-зәрағарлық рефлюкс, түбекше-бүйректік рефлюкс.

    Жұқпаның гематогенді жол арқылы енуі

    Созылмалы ошақты жұқпалар (септицемия, инфекциялық эндокардит, созылмалы тонзиллит, гайморит, тіс жегісі, созылмалы қабынулар)

    Пиелонефриттің пайда болуына әсер ететін жайттар

    Обструктивті уропатиялар, жынысы (әйелдерде 40 жасқа дейін 3 есе жиі), жасы (жиі балалық шақта басталады), мұздау.

    Патогенезі

    Бүйректің интерстициальды тінінің қабынуы (жедел және созылмалы қабыну патогенезін қараңыз)

    Қандағы өзгерістер

    Жедел ағымды қабынуға сәйкес, қабынудың жалпы белгілері. Қабыну патогенезін қараңыз

    Несептік синдром

    Шумақтардың бірмезгілде қабынуы кезінде лейкоцитурия, пиурия, бактериурия, цилиндрурия, протеинурия кездеседі.



    2. тапсырма Келтірілген суретті қолдана отырып обстуктивті уропатия қалыптасуының мүмкін болатын нұсқаларын атаңыз.

    3. тапсырма

    1есеп

    Диурез – тәулігіне 420 мл (олигурия)

    Тығыздығы – 1011 (гипостенурия)

    Нәруыз – 2,0 г/л (протеинурия)

    Көру аймағында аздаған сілтілі эритроциттер (микрогематурия)

    Гиалинді, балауызды, түйіршікті цилиндрлі (цилиндрурия)

    АҚ – 175/95 мм сын.бб. (гипертензия)

    Қалдық азот – 190 мг% (гиперазотемия)

    БСЖ, гиперазотемиялық сатысы.
    2 тапсырма «Бүйрек патологиясының жекелеген түрлерінің патофизиологиялық сипаттамасы (жіті және созылмалы гломерулонефриттер, нефроздық синдром).»

    1 тапсырма. Бүйректің шумақтық сүзілулік мембранасының иммундық зақымдануының



    патогенездік сызбанұсқасын құрастыру. Сүзгі мембранасының зақымдану механизмін, негізгі дәнекерлерін, антиген-антидене кешенінің орналасуын, антигенді сипаттау.

    1. Иммундық кешендік механизм (III түрі) - шумақтардың иммундық кешендермен зақымдануы.

    Антигендер: эндогендік ( ЖҚЖ кезінде), экзогендік –стрептококкты жұқпа, вирустар

    (В гепатиті, С гепатиті ), безгек плазмодийі, спирохеталар, кейбір өспелердің антигені ж.б.

    Кешендер айналымда түзіліп, сосын шумақтарда ұсталынады → комплемент жүйесі, лейкоциттер, мезангиальдық жасушалар белсенеді → ББЗ шығарылады (оттегінің белсенді радикалдары, азот тотығы, лизосомалық ферменттер, цитокиндер, кининдер, эйкозаноидтар және т.б.)→ лейкоциттердің сіңбеленуі, эпителийдің, мезангиалды және эпителиалды жасушалардың пролиферациясы. Мезангиумда, эндотелий асты, тіректі мембрана мен подоциттердің арасында депозиттің табылуы.

    2. Цитотоксиндік механизм (II түрі) – антиденелермен зақымдануы. Бүйректе ұсталынған антигендермен немесе тіректі мемебрананың антигендерімен антиденелер әрекеттеседі (катионды молекулалар, ДНК, бактерия өнімдері, агрегатталған ірі нәруыздар). Иммундық кешендер негізі тіректік мембрана және мезангиумда анықталады. → ББЗ шығарылуы (комплемент құрамбөлшектері, оттегінің белсенді радикалдары, азот тотығы, лизосомалық ферменттер, цитокиндер) → мезангиолиз және мезангиалды жасушалардың пролиферациясы, қантамырлар тромбозы және эндотелий жасушаларының зақымдануы, айқын протеинурия және подоциттердің зақымдануы.

    3. Жасуша-қатысуымен өтетін механизм (IVтүрі) – сезімталдылығы жоғарылаған Т-лимфоциттермен, табиғи жендеттермен зақымдану (лимфокиндер, перфорин)

    1 есеп



    1. 2 жыл бұрын қойылған «жіті гломерулонефрит» диагнозына полиурия болуы қайшы келмей ме? (Жіті гломерулонефриттің созылмалы түріне ауысуын полиурия және гипостенурия дәлелдейді).

    2. Осы жағдайда гипостенурия және полиурияның даму тетіктері қандай? (өзекшелерде сулардың кері сорылуының төмендеуі, ағымға қарсы –бұрылу механизмі жұмысының бұзылуы)

    3. Науқаста полиурия дамуының себептері қандай? (компенсаторлы, қандағы қалдық азоттың жоғарылауын тежейді)

    2 есеп




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет