Қр мемлекеттік кіріс комитеті органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасының мониторингі Аналитикалық есеп беру


Бизнеске арналған кеден қызметтері



бет19/35
Дата10.07.2016
өлшемі10.9 Mb.
#189447
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35

Бизнеске арналған кеден қызметтері

    1. Шекарада кәсіпкерлерді кедендік бақылау


Бұл қызмет бойынша 879 сұхбаткерден жауап алынды. Кедендік бекеттер бойынша қызмет алушылардың саны біршама әр түрлі. Сұхбаткерлердің басым бөлігін құраған кедендік бекеттер: Қордай КБ – 18,9%, Қорғас КБ – 17,9%, Сарыағаш – 11,4%.

47-кесте. Кедендік бекеттерге байланысты кедендік бақылауды іріктеу



 

N

%

Қордай

166

18,9

Қорғас

157

17,9

Сарыағаш

100

11,4

Бауыржан Конысбаев атындағы

87

9,9

Достық

69

7,9

Бақты

50

5,7

Сыпатай Батыр

49

5,6

Аэропорт

47

5,3

Қалжат

35

4,0

Қарасу

32

3,6

Майқапшағай

28

3,2

Қапланбек

24

2,7

Тажен

14

1,6

Жібек жолы

10

1,1

Ақтау теңіз бекеті

8

0,9

Айша бибі

2

0,2

Темір баба

1

0,1

Барлығы

879

100,0

10 балдық шкала бойынша орташа қызметпен қанағаттану: 8-10 балды қойғандар 7,5 балл немесе 61,6%. Қалжат, Қапланбек, Майқапшағай, Сарыағаш, Жібек Жолы бекеттері бойынша жоғары балдар (орташа балл 8-ден жоғары). Сыпатай Батыр бекеті қанағаттанушылықтың 3,1 деген балына ие болды.


48-диаграмма.Бекеттер бойынша қызметпен қанағаттанушылық



Ескерту: сұхбаткерлер саны аз болғандықтан Темір баба және Айша бибі бекететрі алынып тасталды

Қызметті автоматтандыру деңгейі

Әзірге тұтынушылардың 28,1%-ы ғана қызметті жартылай электронды түрде алады және ал 71,9%-ы қағаз түрінде қол жеткізеді.

49-диаграмма. Қызмет ұсыну формасы, %

Бизнестің көлеміне байланысты ірі (32,4%) және шағын (32,2%) бизнестер кеденнен жартылай электронды түрде өтеді. Орта бизнес жартылай электронды формасын аз қолданады (19,4).

50-диаграмма. Бизнестің көлеміне байланысты қызметті ұсыну формалары, %


Кәсіпорын менеджерміне болған сұхбаттан: «Электронды форматтағы қызметпен ұшырасқанда оның өзгешеліктері бар. Қызметті сапалы түрде алу үшін кеден органына өзіміздің барғанымыз дұрыс. Қазіргі таңда тікелей кеден органына қағаз түрінде қызмет алу айтарлықтай ыңғайлы. Әрине, электронды форматты жетілдіру керек. Өмір бір жерде тұрмайды ғой, сол сияқты кеден қызметі де өз бағытында әрі қарай жетілуі тиіс».

Уақыт шығындары

Қызметті алу нәтижесіін күтуге орта есеппен 421,7 минут жұмсалды. Шекарада кедендік бақылау процедурасынан өту үшін орта есеппен 72,2 минут жұмсалады.

48-кесте. Қызметке қол жеткізу үшін жұмсалатын уақыт шығыны

Қызмет нәтижесін күту уақыты

Бір рет жүгінген кездегі кезектегі күту уақыты

421,7 минут

72,2 минут

Жеке кәсіпкермен болған сұхбаттан: «Ештеңе көңілімнен шықпайды. Кедендік бақылаудан өту уақыты 20 минуттан 3-4 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Қызметкердің бәрі шетінен парақор. Уақыттың біраз бөлігін өткізетін «қызыл коридордың» жабдықталуы малдарға арналған қашаға ұқсайды. Декларация толтырылатын бөлмелерде тіпті жазуға арналған столдың өзі жоқ».


Кедендік бекеттерге байланысты нәтижені күтудің барынша көп орташа уақыт мына бекеттерде тіркелген: Жібек Жолы, Қапланбек, Ақтау теңіз бекеті.
49-кесте. Қызметті алуға жұмсалатын уақыт шығыны, орташа уақыт, минут

Жібек Жолы

2390,0

Қапланбек

1043,7

Ақтау теңіз бекеті

939,4

Майқапшағай

522,4

Достық

492,4

Тажен

488,6

Қорғас

477,0

Бауыржан Қонысбаев атындағы

443,0

Бақты

370,3

Сарыағаш

300,2

Қордай

289,7

Қалжат

211,6

Сыпатай Батыр

201,1

Қарасу

181,7

Шекарада кедендік бақылаудан өту үшін бір рет жүгінгенде, құжаттарды тапсыру және нәтижені алуға кететін орташа уақытты қарастыратын болсақ, ең көп уақыт Ақтау теңіз бекетінде (249,1 минут), Тажен бекетінде (151,4 мин.), Сыпатай Батыр бекетінде (109,9 мин.) байқалған.


50-кесте. Қызметті алуға жұмсалатын уақыт шығыны, бір рет жүгіну кезіндегі орташа уақыт, минут

Ақтау теңіз бекеті

249,1

Тажен

151,4

Сыпатай Батыр

109,9

Жібек Жолы

99,5

Қордай

91,1

Достық

89,3

Қорғас

79,4

Қалжат

77,8

Сарыағаш

62,5

Бақты

54,5

Қарасу

45,2

Майқапшағай

37,7

Бауыржан Қонысбаев атындағы

25,0

Қапланбек

20,1

Қызмет параметрлерімен қанағаттанушылық

Кезекті күту уақыты бойынша ең аз баға берілген – орта есеппен 7,5 балл. Нашар параметрлерге техникалық жабдықтау мен қызметті ұсыну жағдайлары жатады – 7,7 балдан.

Кәсіпкерлер қызметкерлермен (7,8), жағдайлармен (7,7), электронды коммуникациямен және ақпарат мазмұнымен (7,9 балл) аз қанағаттанған. Кәсіпкерлер жоғары бағаны бланк өнімдеріне, құжат үлгілеріне берді – 8,5 балл.

51-диаграмма. Қызмет параметрлерімен қанағаттану, орташа балл




Жеке кәсіпкермен болған сұхбаттан: «Қызмет сапасын жақсарту керек. Шекарадағы кеден құрылымы қызметкерлерінің тәртібі көңілімнен шықпайды. Өздерін дөрекі ұстайды, заңды түрде тасымалданатын тауар үшін ақша талап етеді, жүкті тәркілейміз деп қорқытады».
«Бұан екі жыл бұрын кеденшілер өз «тәбеттерін» ұстамды түрде көрсететін, ал қазір ештеңеден қорықпайды, бәрінің көзінше ашық түрде бопслаумен айналысады. Біз Қырғыз жақтағы өркениеттімойындаймыз, біздің кеденшілермен салыстырғанда соларға ерекше құрмет көрсетер едік. Дегенмен соңғы уақыттарда қырғыз жақта алыммен айналыса бастады, бірақ олардың мөлшері біздікілерден 10 есе аз».
«Қызмет сапасына жемқорлық ықпал етеді. Ақы төлемейінше қызыл коридорда басқа да алып-сатарлармен бірге тұра бересін. Шыға берісті жауып, кім ақша береді деп күтіп отырады. Бұл «қорада» жағдай мүлде жасалмаған, адамдар есінен талып жатады».

Мәселені жалдалмалы жүк тасушылар ушықтыра түседі, олар осындай кезектердің санын қаптатып қояды. Пара берген кезде паспорттық тексеріс бөлмесінің ішінде тағы да 33 «әмиян» күтіп отырады, ұалған ақшаның бәрін сыпырып алады. Ақша төлемесен, бір шетке шығарып, өткізбей қояды, тіпті тауарды контрабанда ретінде тәркілеп қояды».

51-кесте. Кедендік бекеттер бойынша параметрлермен қанағаттанушылық



 

Уақыт

Процедура

Бланктер, үлгілер, сілтеуіштер

Ақпарат мазмұны

Электрон-ды коммуни-кация

Қызметкер

Техника

Жағдай

Қорғас

7,1

8,1

8,8

7,7

7,3

7,7

7,4

8,4

Бақты

7,9

8,2

8,6

8,2

8,3

8,2

8,2

7,7

Достық

8,2

8,2

8,6

8,3

8,1

8,4

8,0

8,2

Қалжат

9,5

9,6

9,6

9,4

8,6

9,5

8,3

9,6

Майқапшағай

8,8

9,1

9,2

8,8

8,9

9,0

8,6

8,6

Қордай

7,1

7,4

8,0

7,4

7,6

7,3

7,4

6,9

Сыпатай Батыр

2,9

4,3

5,8

3,7

5,8

4,0

5,2

2,5

Бауыржан Қонысбаев атындағы

7,8

7,9

8,4

7,9

8,3

8,0

8,2

7,9

Қарасу

5,5

6,0

7,5

7,4

5,7

6,3

7,4

6,5

Тажен

6,9

7,1

7,0

7,2

7,5

7,2

7,2

7,2

Қапланбек

9,5

9,4

9,2

9,2

8,8

9,1

7,7

8,9

Сарыағаш

8,3

8,5

8,8

8,7

8,5

8,8

7,3

8,3

Жібек Жолы

8,0

7,9

7,9

7,9

7,8

8,2

7,7

8,1

Ақтау теңіз бекеті

7,0

7,1

7,1

6,8

7,0

6,7

6,9

6,5

Кеден заңын түсіндіру

Жалпы тұтынушылардың 70%-ы салық заңдылығын түсіндіруге қанағаттанған. Сұхбаткерлердің 69%-ы кеден органдарына жеке басының жүгінуі арқылы қанағаттанса, 66,9%-ы телефон арқылы, ал Call-орталық арқылы 70,9%.

52-диаграмма. Заңдарды түсіндіру жұмыстарына қанағаттанушылық, қанағаттанған сұхбаткерлердің %-ы

ЖК сұхбатынан: «Мәселелер заңдарға қатысты туындайды. Тауардың салмағына байланысты заңдар дұрыс қабылданбаған. Жүк тасушыларды қолдана отырып, бұл заңдардан бәрі айналып өткілері келеді. Қабылданған заңдар тек жемқорлықтың дамуына ықпал етіп отыр. 20-30 кг атуарға ие болып, декларацияны толтыру кезінде кеден қызметкерлері артық салмақ қосып қояды, олардың бар ойы сатуыларды тонау. Толтырылған декларацияларды қабылдамайды, кассадан аттап, төлемді бейресми түрде алғылары келеді».



Мәселелер

Шекарада кедендік бақылаудан өту кезінде түрлі кедергілер мен мәселелермен ұшырасқан сұхбаткерлердің үлесі 31,6% құрады. Сыпатай Батыр (89,8%), Тажен (71,4%), Қордай (40,2%), Ақтау теңіз бекеті (37,5%) және Қорғасы (36,3%) бекеттерінде мәселелер көп аталған.

53-диаграмма. Кеден бекеттеріндегі мәселенің бар болуы, оңтайлы жауаптар үлесі %

Шекарада кедендік бақылау кезінде кедергілер арасында сыбайлас жемқорлық аса көп аталады – 45,9%, өткізу қабілеті төмен – 42,3%, бейресми делдалсыз қызметке қол жеткізу мүмкін емес – 17,8%, тауарға арналған кеден төлемі үлкен – 16,7%, құжаттарды өңдеуге қабылдау процесін әдейі соза түсу, кеденшілердің қызмет алушыларды мойындамауы – 13,2%, еңбек дұрыс ұйымдастырылмаған, қызметкерлердің салақтығы – 12,5%, қоймалардың қымбаттылығы (уақытша сақтау қоймасы) – 10,7%.

Өз тарапынан жіберілген қателіктерге байланысты мәселелердің туындайтындығын кәсіпкерлер мойындады (кеден заңдылығын білмеу), ондай жағдайлардың үлесі аз – 0,7%

Кәсіпорынның менеджер-логистімен болған сұхбаттан: «Сыбайлас жемқорлық өте жоғары. Шекара арқылы өткізу кезінде жүктің атауы мен оның рұқсат етілген салмағы жасырын болады. Тауардың түрлі атауына түрлі баж салығын төлемеу үшін істелінеді. Үлкен компаниялар кеденшілермен ауыз жаласып алған, олардың тұрақты клиенттері болғандықтан жүкті әкелген сайын оларға сый-құрмет көрсетеді».

54-диаграмма. Алынған қызмет сапасына теріс ықпал ететін мәселелер, %



Сыбайлас жемқорлық

Таныс арқылы қызметке қол жеткізуді тұтынушылардың 13,1%-ы көрсетті, ал бейресми сый бергендер – 19,5%.

Сұхбаткерлердің пікірі бойынша шекарадағы кедендік бақылау кезіндегі бейресми төлемдер бейресми делдалдар арқылы жиі беріледі – 28,3%, сондай-ақ тікелей қызметкерге – 19,4%, кеден өкіліне – 15,2%.

55-диаграмма. Бейресми төлемдердің берілу жолдары, %



Жемқорлықты ауыздықтайтын механизм жұмыс істемейді, кеден шекарада бейресми делдалдардың болуын заңдастырып алған, соынмен қатар кеден өкілдері пара беру механизмі ретінде қолданылады. Қызметкерге тікелей сыйақы беру мүмкіндігі бейне бақылау, қауіптілік жүйесі, әдептілік бұл жерде жұмыс істемейтіндігін көрсетті, сонымен қатар кадрларды толық алмастыру жүргізілгенге ұқсайды.



Шағымдар

Қызмет алушылардың 25,3%-ында меморган тарапынан болатын әрекетке шағымдану себебі болды, тек 5,8%-ы ғана шағым түсірген. Сұхбаткерлердің жартысынан көбісі шағыммен кімге және қайда бару керектігін біледі (62,8%) және ақпаратқа қолжетімді екенін көрсетті (60,9%).

56-диаграмма. Шағымдану, %


Сұхбаткерлердің шағымданбау себептерінің кең тараған түрі (шағымдануға себеп болған кезде) – өздеріне кейін зияны тиюі мүмкін деген қауіп.
57-диаграмма. Шағымданбау себептері, %


Шағымдарды қабылдау процедурасымен қанағаттанушылық: 4,1 балл, қарастырылған шағымдар нәтижесімен қанағаттанушылық: 5 балл. Шағымдарды қарастыру мерзімдері бұзылған: 20,0%, шағымдарды қарастыру мерзімін білмейді: 73,3%.

Тұтынушылар кеденшілердің заңсыз әрекеттерінен қорғайтын механизмнің жоқ екендігін айтады.



Тұтынушылардың пікрілері:

«Шағымдану пайдасыз, шағымның қарастырылатындығына кепіл жоқ», «Шағымдану пайдасыз дейді», «Олармен байланысқым келмейді, кім шағымданып, айтып қоятын болса, кейін соның бәрін кеденшілер жауып қояды», «Олар (кеденшілер) міндетті түрде есіне сақтап алады, кейін міндетті түрде кедергі келтіреді», «Кейін менің жолыма бөгет болады», «Шағымдансаң өзіңе кейін қымбатқа түседі».

Кедендік қызмет туралы пікір

«Кеден органдарында жоғары білікті мамандар жұмыс істейді» және «кеден органдары заманға сай технологияны қолданады» деген критерийлер бойынша – 7,9 және 8 балға ие болған. Кеден органының сыбайластықпен байланысы жоқ деген пікір ең төмен бағаға ие болып отыр – 6,7 балл және айыппұлдың көлемі заңды бұзу ауыртпалығына сәйкес келеді деген пункт төмен бағаланды – 6,8 балл.

58-диаграмма. Кедендік қызмет және Қазақстандағы кеден жүйесі туралы пікірлер, 10 балдық шкала бойынша орташа балл



Қызмет сапасын жақсарту жөніндегі тілектер

Қызмет көрсету сапасын, мәдениетін жақсарту керек.

Жұмысты ұйымдастыру және сервердің жұмысын жақсарту.

Заңдарды толық түсіндіріп, жұмысты жылдам атқару.

Қызметкерлердің жұмысы ашық, айқын болғаны дұрыс.

Кеден органдарындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес.

Өткізу бекеттерінің саны көп болса, кезектер саны да азаяр еді.

Заңды өзгерту керек (оны ешкім қолданбайды).

Қолжетімді ақпарат көп болу керек.

Өз қызметкерлерін тәртіп мәдениетіне үйрету.

Күтуге арналған тұрмыстық жағдайларды дұрыстау керек (су диспенсері, дәретхана, дивандар).

Айыппұлдар көлемін қайта қарастыру керек, базаның жұмысын жақсарту.

Ресми төлемдерді азайту. Декларацияны толтыру жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Тауар баж салығын азайту, бәрібір ақша мемлекет қазынасына түспейді.

Күту мерзімдерін қысқарту.

Ақша бопсаламау үшін кеден қызметкерлерін бақылауды күшейту.

онлайн-консультант болу керек.
ЖШС өкілімен болған сұхбаттан: «Әр кеден органында, ол шекарада болсын, тіпті ішкі бекеттер болсын ақпараттық-кеңестік пункттер жұмыс істеу керек. Ол пункттерде сауатты қызметкер отыру керек, ол телефон арқылы ақпараттық кеңестік қолдау көрсетуі тиіс немесе кеңес беру журналын ашып, жазып отыру керек».

Қорытынды мен пікірлер

Өткізу пунктінде және КБ аймағынан тыс жердегі пункттерде шекарада кедендік бақылаудан өту уақытын қысқарту жөнінде шаралар қолданған жөн.

Сонымен қатар қызмет алу барысында сапа компоненттеріне назар аударған дұрыс – жеке және телефон арқылы жүгінген кезде ақпаратқа қолжетімділік.

Қызмет алу кезінде жемқорлық қауіпін жою, кеден бекеттеріндегі өткізу қабілеттілігін арттыру, тауарға қойылатын кедендік баж салығын төмендету бағытында кеден органдары жұмыла іс атқару керек.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет