Қр мемлекеттік кіріс комитеті органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасының мониторингі Аналитикалық есеп беру



бет17/35
Дата10.07.2016
өлшемі10.9 Mb.
#189447
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35

Салық тексерістері


Бұл қызмет түрін 3944 сұхбаткер пайдаланған. Сұхбаткердің 9%-ы бағаланып отырған мерзім ішінде (2014 жыл) көшпелі салық тексерісіне ұшыраған, бұл кезде орта (15,5%) және ірі бизнес (15,3%) шағын бизнеске (7,3%) қарағанда екі есе көп тексерістерге тап болған.

Кәсіпорынның 11,4%-ы салық тексерістерін тоқтатып қою және қайтадан тексерісті бастауға ұшыраған, мұндай кәсіпорындардың үлесі ірі кәсіпорындар арасында көп (25%). Салық тексерісінің ұзақтығы орташа есеппен шағын кәсіпорындар үшін 10 күн, орта кәсіпорындар үшін 12 күн, ал ірі кәсіпорын үшін 59 күн.

Тексерістің 19%-ы жоспардан тыс болған. Ірі бизнес өкілдері тексерістер жоспардан тыс көп болады деп көрсеткен (28,6%).

Кәсіпорын тексерістің басталатындығы туралы хабарламаны орташа есеппен 12 күнтізбелік күн бұрын алады.

Кәсіпорынның болатын тексерістің себебін білмеу 15%-ды құрады. Шағын және орта бизнес осы себептерді түсінбейтіндіктерін жиі көрсетті (15,2% және 17,6%), ал ірі бизнесте бұл сирек орын алған (4,5%).

Кәсіпкерлердің 18%-ы тексеріс алдындағы күні бұрын берілген ұйғарымды алмаған (тексерістің тағайындалғаны туралы акт), осы жағдаймен шағын бизнес жиі ұшырасады (21%).

43-кесте. Кәсіпорынның көлеміне байланысты салық тексерістері туралы ақпарат, кәсіпорындар %-ы




Кәсіпорын көлемі

Барлығы

Шағын (1-50 адам)

Орта (51-250 адам)

Ірі (250-ден астам адам)

2014 жылы көшпелі салық тексерісі болды

7,3

15,5

15,2

9,0

2014 жылы тексерісті тоқтату және қайтадан бастауға ұшырадық

9,3

14,8

25

11,4

Жоспарлы тексеріс

66,7

72,1

66,7

68,2

Жоспардан тыс тексеріс

17,9

18,9

28,6

18,8

Тексеру себебі түсініксіз болды

15,2

17,6

4,5

15,2

Тексеріс алдындағы күні бұрын берілген ұйғарым көшірмесін алдық (тексерістің тағайындалғаны туралы акт)

79,1

87,9

85,7

82,0

Салық тексерісін жүргізу тәртібі туралы хабардарлықты 10 мүмкін балдың ішінен 7,4 балмен бағалады. Бұл баға салық төлеушінің хабардарлығында олқылықтың барын білдіреді. Бұл кемшілік орта (7,6) және ірі (8,4) бизнеспен салыстырғанда шағын бизнес үшін (7,3 балл) көбірек тән.
37-диаграмма. Бизнестің көлеміне байланысты салық тексерісін жүргізу тәртібі туралы хабардарлықты бағалау, орташа баға, кәсіпорын %-ы, N=3944

Сұхбаткерлердің 54%-ы салық тексерісі кезінде айтарлықтай мәселе туындамағандығын айтады. Аталған мәселелер ішінде қызметкерлердің әдепсіздігі (6%), олардың біржақты қатынасы (5,4%), қызметкерлер тарапынан психологиялық қысым (5%) және тексеріс мерзімдерін созу (5%) жиі аталады.

38-диаграмма. Тексерістен өту кезінде кәсіпорын соқтығысатын мәселелер, жауаптардың %-ы, N=481

Тексеріс нәтижелеріне шағымдану көптеген жағдайларда (45%) 15 күнге дейін жүрді, бірақ жағдайдың 8,5%-ында бұл мерзім 45 күнге дейін созылған. Сұхбаткерлердің 74%-ы 3 күн ішінде шағымдарды қарастыру мерзімін 30/40 күнге дейін созғандығы туралы хабарламайтынын айтты.

44-кесте. Шағымдарды қарастыру мерзімдері, жауаптардың %-ы, N=47




Кәсіпорын көлемі

Барлығы

Шағын (1-50 адам)

Орта (51-250 адам)

Ірі (250-ден астам адам)

15 күнге дейін

56,7

14,3

66,7

44,7

30 күнге дейін

20,0

50,0

,0

27,7

45 күнге дейін

13,3

28,6

33,3

19,1

45 күннен көп

10,0

7,1

,0

8,5

Салық тексерістерімен қанағаттану жалпы орта есеппен 7,4 балды құрады, меморган мен лауазымды тұлғаның әрекетіне шағымдану 6,9 балға ие. Салық тексерісін жүргізу ережесі туралыақпаратпен - 7,5 балл, шағымдану процедурасы туралы ақпаратпен - 7,4 балмен қанағаттанған. Ірі бизнес осы пунктер бойынша анағұрлым көп қанағаттанады.


45-кесте. Қызметпен және оның жеке аспектілерімен қанағаттану, орташа балл




Шағын

Орта

Ірі

Орташа балл

Жалпы салық тексерісімен

7,5

7,1

8,3

7,4

Меморган мен лауазымды тұлғаның әрекетіне шағымдану

7

6,7

7,9

7

Салық тексерісін жүргізу ережесі туралы ақпаратпен

7,6

7,2

7,4

7,5

Шағымдану процедурасы туралы ақпаратпен

7,5

7

7,9

7,4

Қызмет туралы пікірлер:

«Тексеріс тез келді, еш иындық болған жоқ, дегенмен тексеріс аяқталғаннан кейін ешқандай құжат берілген жоқ»;

«Алда тұрған салық тексерісі туралы мәлімдеу керек»;

«Қарама-қарсы салық тексерістері жиі жүреді, көп уақыт алады»;

«Алда тұрған салық тексерісі туралы мәлімдеп, құжаттарды көрсету керек»;

«Жеке байланысты мүлде жою керек»;

«Ешқандай актіге шағымданған жоқпыз. Тексерушілердің кеткеніне қуандық, оларды тексеріс аяқталғанға дейін 10 күн бойы тамақтандырып, ішкіздік».


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет