248
оларды түзейтін ғылыми негізді ұсыныстар жасау қажеттігі
даусыз. Бұл – бүгінгі күнгі теориялық та, қолданбалы да тіл
біліміне қойылып отырған басты талап. Демек, көркем әдебиет
тілін синхронды-нормативтік тұрғыдан зерттеу – бүгінгі қазақ
тіл білімінің өзекті проблемаларының бірі болмақ. Әрине, ал-
дымен диахронды-нормативтік ізденістерге барудың жөні бар.
Ал бүгінгі таңдағы талап – тіл мәдениетін көтеру тұрғысынан
қарасақ, синхронды-нормативтік зерттеулерге баса көңіл ауда-
ру қажет болады. Атап айтқанда:
1. жалпыхалықтық ұлттық әдеби
тіл нормалары мен көр-
кем тіл нормаларының айырым белгілері, ұштасатын-ажыра-
тылатын тұстары, даму принциптері мен бағыттары қандай?
2. Қазіргі қазақ көркем әдебиеті тілінде ұлттық әдеби тіл
нормасынан ауытқушылықтар бар ма, ол ауытқушылықтардың
жөнімен-жөнсіз (уәжді-уәжсіз) түрлері қандай және ауытқу-
шылық көркем әдебиеттің кай жанрында, тілдің қай қаттауында
көбірек сезіледі?
3. «Жазушы тіл құралдарын творчестволықпен жұмсай
білген бе, жоқ болса, оның қазіргі сөз мәдениетімізге тигізетін
әсері, зияны қандай, қай дәрежеде?» деген проблемалар қой-
ылады.
Көркем әдебиет тілін стильдік ерекшеліктер мен сөз
мәдениеті тұрғысынан зерттеуде де объектілерді проза, поэ зия,
драматургия түрлеріне бөліп, айырып талдау, тану керек. Оның
үстіне қатты ескеретін нәрсе – нормалылық дегенді тілдің
қай қаттауына (қабатына) қарай іздеу керектігі. Айталық, лек-
сика қабатына қатысты нормалылықты
зерт теу объектілері
жағынан ғана емес, сөздің семантикалық мағынасымен
қатар, эстетикалық жүгін есепке алып отыру жағынан да
ерекшеленеді. Және бұл ерекшелік проза тілі мен поэзия не-
месе драматургия тілінде тағы бөлініп кетеді. Синтаксистегі
нормалылықты іздеу – ең алдымен, көркем текстің стильдік-
эстетикалық нысанасымен көзделеді. Синтаксистегі түзулік
(нормалылық) структуралық (жалпы тілдік) нормаға сайма-
сай түспейді. Көркем әдебиет тілінде структуралық нормадан
ауытқу көркемдік талабынан шығып тұрса, ол – көркем тілдегі
нормалылық болғаны. Бұндай «нормадан тыс нормалылық»
поэзия жанрында мүлде айрықша болып келеді.
249
Стилистикада лексиканы
талдап-тану басты орын алады,
тегі, ол синтаксистен қалыспайды. Сондықтан көркем әде-
биеттің (басқаларының да) тіл мәдениетін зерттеуде де лексика-
фразеологиялық қабат алдымен қолға алынуға бейім. Қазақ
көркем әдебиетінің проза саласындағы лексикалық нормалар-
ды танып-білуде, біздіңше, бүгінгі таңда мынадай сәттерге
(объектілерге) назар аудару қажет:
1. диалектизмдердің (жергілікті элементтердің) жұмсалуы,
яғни орыс тіл білімінде диалектизация деп аталатын құбы-
лыстың қазіргі қазақ көркем әдебиеті тіліндегі көрінісі, күй-
қалпы,
өріс алу бағыты;
2. жалпыхалықтық тілге тән бейнелі (образды) сөздерді
жұмсау тәсілі, фразеологизмдердің сөгілуі;
3. қарапайым, көне, сирек сөздердің жұмсалуы;
4. синонимдерді тандау; идеографиялық және стильдік
синонимдердің қолданысы;
5. лексикалық жаңа қолданыстардың орын алуы (қажетсіз
тұста жаңадан сөз жасау немесе қажеті бар жерде ұсынылған
жаңа қолданыстың сәтті-сәтсіз болуы);
6. штамп сөздер мен тіркестерді қолдану; сөздердің тіркесу
аясын кеңіту арқылы
сөз мағыналарын жаңғырту;
7. лексикалық варианттардың қолданысы, яғни морфоло-
гиялық, орфограммалық, семантикалық, генезистік т.б. жары-
спалы элементтердің дұрыс-бұрыс жұмсалуы;
8. белгілі бір сөз тудырушы элементтердің және синтаксистік
тәсілдердің көркем әдебиет тілінде активтенуі;
9. көркем әдебиет тілі арқылы лексиканың стильдік жіктерге
(поэтизм, қарапайым сөздер, канцеляризм т.т.) ажыратыла
түсуі.
Бұл объектілердің бірқатарының зерттелуі сөз орынды-
лығына (функционалдығына)
қатысты болса, бірсыпырасы
әдеби тілдегі варианттылық проблемасына тікелей байланы-
сты, яғни әдеби нормаға қатысты ең үлкен мәселенің бірі – тіл
элементтерін (айталық, сөздерді) өз орнында, өз қызметінде
дұрыс жұмсау жайында бол са, екіншісі – варианттылық,
жарыспалылық туралы болмақ. Бұл екеуі – жалпы тіл мәдениеті
проблемасының өзегі, ең мәнді жақтары
54
.
54
Скворцов Л.И. Норма. Литературный язык. Культура речи //Актуальные проблемы
культуры речи. - М., 1970. - С. 31.
250
Осы объектілерді зерттеу үстінде
қазақ көркем әдебиеті
лексикасының ұлттық нормалары айқындалады; қазақ әдеби
тілін проза тілі арқылы нормалану процесі танылады; бұл про-
цесте орын алатын сөз таңдау принциптері айқындалады; жал-
пы әдеби нормадан ауытқу құбылыстары танытылады.
Сонымен қатар көркем шығарманың лексикасын әдеби
норма аспектісінен зерттеуде әңгіме екі үлкен мәселе айна-
ласында болады: бірі – сөзді дұрыс қолдану, екіншісі –
сөзді
Достарыңызбен бөлісу: