Р. Сыздык 6-том indd


Демек, жалпы тілдік норма



Pdf көрінісі
бет110/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   128
Сөз құдіреті

Демек, жалпы тілдік норма дегеніміз – белгілі бір кезең 
ішінде көпшілік қабылдаған, тұрақталған қолданыстар, яғни 
сөздердің мағынасы, олардың фонетикалық-графикалық көрі- 
нісі (тұлғасы), сөз жасау және сөз өзгерту модельдері, синтак- 
систік амалдары. Әрине, норма, яғни дәл солай қолданыс (сол 
мағынада, сол тұлғада, солайша құбылтуда т.т.) – бір уақытта 
пайда болып, ешбір өзгермей, қатып қалатын категория емес. 
Тіпті әрі-беріден соң сол қолданыс дәл сол кезеңде дұрыс 
деп көпшілік қабылдаған норма болғанмен, тіл тіршілігінде 
(тәжірибеде) өзгеріп, «үлгілілік» сипатынан айырылып отыруы 
мүмкін немесе «норма осы» деп көрсетілгеніне қарамастан, 
оған бағынбаған кейбір элементтер күнделікті қолданыста 
көпшілік тарапынан баспасөзде, радио мен теледидарда, ғы- 
лыми әдебиет пен шаршы топ алдындағы шешендік сөздерде 
қолдау тауып, кеңінен жұмсала бастайды да жаңаша нормаға 
айналады. Мысалы, қазіргі қазақ тілінің грамматикалық нор-
масы бойынша етістіктің барған жоқ па, келген жоқ па деп 
қолданылуға тиісті тұлғалары барды емес пе, келді емес пе бо-
лып жұмсалуы етек ала бастады. Немесе үстіміздегі ғасырдың 
50-60-жылдарында қазақ көркем әдебиеті мен публицистика- 
сы тілінде бірыңғай екі сын есімнің я болмаса екі үстеудің 
арасына қайталанбайтын да шылауын қолдану активтенді: 
жұмсақ та жылы, қатал да үнсіз, батыр да батыл т.т. Ал 
бұрын да шылауының қайталамай қолданылуы негізінен 
етістік тұлғаларына тән (норма) болатын (келді де кетті, оты-


256
ра қалды да ойланды деген сияқты), демек, бұрынғы норма сәл 
өзгерді де сол бұрынғымен қоса жаңа қолданыс орын ала ба-
стады.
Жалпы әдеби тілдік норманың кейбір сәттерінің өзгеріп
жаңаларының әлеуметтік қолдау табуы, әсіресе сөз жасау сала-
сында көзге түседі. Бұған норма ретіндегі кейбір жұрнақтардың 
пассивтенуі, оның есесіне бірқатар сараң қолданылатын 
жұрнақтардың активтенуі немесе екі тұлғаны біріктіріп бір сөз 
жасау сияқтылар мысал бола алады. Бұның баршасы – тілдің 
жалпы құрылымдық (структуралық) нормаларына қатысты 
айтылғандар. Ал норма мәселесіне келгенде, жоғарыда айттық, 
әңгімені екіге бөліп сөз ету керек болады:
бірі – жоғарыда көрсетілген жалпы әдеби тілдің құрылым- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет