290
су», жанжалдасу, дауласу» семантикасы болғанмен, бұл сен-
тенция
осы бір бейтаныстау, бірақ тілде бар тұлғаның (
егесу
сөзінің) қатысуымен әсерлі болып тұр.
Сөздерді өз орнында жұмсамау этнографиялық ұғымдарға
байланысты қалыптасқан қолданыстарды (сөз тіркестерін,
күрделі етістіктерді, мақал-мәтелдерді т.б.) бұзып, олардың
құрамын
өзгертіп, компоненттерін мағыналас синонимдер-
мен ауыстырып атауда көзге түседі. Мысалы,
құйрық-бауыр
жеу – этнографиялық рәсім атауы, ол – құда түскендерге
келісім беру рәсімі,
сондықтан бұл тіркес көбінесе құда бо-
лып, құйрық-бауыр жесті түрінде қолданылады. Осы күрделі
этнографизмді
құйрық-бауыр асасып тарасты деп
өзгертіп
қолданғанда (У.Қалижанов) оны рәсім атауы ретінде емес, жай
ғана тағам жеу, қонақ болу мағынасында деп түсіну керек бо-
лады. Сол сияқты
бел сөзі
бел баласы, бел құда тіркестерінде
келіп, біріншіде «әкенің өз баласы, туған баласы»
ұғымын
береді, ал
бел құдалар деген этнографиялық атау – тумай жа-
тып ұл-қыздарын атастырған адамдардың атауы. Сондықтан
нағашыммен бел құрдаспыз деген сөйлемде
бел сөзі орынсыз
жұмсалған.
Қазіргі қазақ прозасы тілінде сипаттама сын есімдердің
ішінде де өте сирек қолданылатын не жергілікті, не көне,
не жасанды тұлғалары жиірек қолданыла бастады. Мыса-
лы, Д.Досжановта: «
жұлмыт жігіттер», «
жұлмыт елші»,
«
мұғдарлы күй», «
мұғдарлы әсер»
, «
марайма мінез»
;
О.Бөкеевте: «
мантырақ ой», «
тымсақ адам», «
қойторы
тірлік», «
қоймырет адам», «
жөш қуаныш»; Т.Әлімқұловта:
«
мондыбас біреу», «
сарамжал қыз»; С.Бердіқұловта:
«
тотанақ мезгіл» т.б. сияқты анықтауыш сөздер кездеседі.
Мұндай сөздердің бірқатарын
бірнеше жазушы бірдей
қолданып, тұрақтандыра бастағандары да байқалады. Мысалы,
20-40-жылдардағы қазақ прозасы тілінде көп ұшыраспайтын
«
можан-топай» (қыздар), «
ұлы жіңгір»
(той), «
мамырстан»
(заман), «
төрткүл» (дүние), «
құйын-перен» (спортшы) сияқты
сөздер О.Бөкеев, Ә.Кекілбаев, С.Жүнісов, С.Бердіқұлов т.б.
жазушыларда жиі кездеседі. Бұл сөздердің әдеби тілде әлі
берік орын теуіп лексикалық нормаға еніп болмағандығын
291
олардың әртүрлі жазылып, кейде тіпті әртүрлі
мағынада
қолданылып жүргендігін танытады. Мысалы:
можан-топай ~
Достарыңызбен бөлісу: