284
Мысалы, «
оқсын-оқсын»
, «
бірсін-бірсін», «керме-қар», «еме-
жемге келгенде», «
бәкін-шүкін» сияқтылардың
оқтын-оқтын,
біртін-біртін, кереғар, жеме-жемге келгенде, кәкір-шүкір
параллельдері әдеби норма ретінде біршама орныққан тәрізді,
оның үстіне алдыңғы дублеттердің стильдік артықшылығы да
шамалы болмақ.
Етістіктердің ішінде де әдеби жазба тілде бұрын көп кездесе
бермейтін бірқатар сөздер бұл күнде қайсыбір жазушылардың
тілінде еркін әрі жиірек қолданылатын болды. Мысалы,
О.Бөкеевте:
алқұлымдау (Орталарынан
алқұлымдап дарын
шыққандай болса, дандайсып кетпей... Тек
алғұлымдап аман-
есен ортамызға қосылса дейміз ғой),
қаңғылестеу («Адасқан
қаздай
қаңғылестеп жүргені»),
адағайлау («Атып
тұрып
адағайлап әр тұсқа коз жүгіртіп еді»),
қаптағайлау («Қар
ұшқындап, қаулаған өрттей
қаптағайлайды»), Ә.Кекілбаевта:
аңылжу («Ата қоныстың
аңылжып иесіз қалғанына...»),
Т.Әлімқұловта:
мәтібисіну, салқомсоқтану, тәмпіштену
(«Мақы
тұқымының мәтібисініп, салқомсоқтанып, балағы
жырық шалбар киіп
тәмпіштенгеніне жынымыз келуші еді»),
алағаржақтану («Әлденеден өңілі
алағаржақтанып...»),
кәрімсіту («...Әдемі ақ сүр бетін
кәрімсітіп көрсетті»), Д.Дос-
жановта:
алаағаттану («Құжыра сырт сылағы түсіп, ала-
ғаттанып қалыпты. Жол ер қажаған ат арқасындай
алағатта-
нып көрінеді»),
әңкүстену («Ендігі буын
әңкүстенбей, әділ
етсе»), М.Мағауинде:
ошаң ету («Таяу төңіректе
ошаң ет-
кен жан жоқ») сияқты қимыл атаулары кездеседі.
Бұлардың
бірқатары жергілікті сөз болуы мүмкін
(аңылжу, алқұлымдау,
әңкүстену, алағаттану, алағаржақтану), бірсыпырасын жа-
зушы өзі жасауы да мүмкін
(кәрімсіту, мәтібисіну т.б.), енді
біразы сөйлеу тілінде бар,
бірақ сирек жұмсалып, мағынасы
көмескі тартқан элементтер болуы мүмкін. Бұл сияқты бейта-
ныстау етістіктердің қолданысын әрдайым нормадан жөнсіз
ауытқу деуге болмайды. Өйткені бұлар көп ретте стильдік
жүгі бар қолданыс болып келеді. Мысалы, «біртегіс емес, ала-
құла болып көріну»
мағынасында ала-құлалану деген бейта-
рап сөзден гөрі
алағаттану сөзінің бояуы қоюырақ, бейтарап
реңді
әңгілену, әумесерлену дегендерге қарағанда,
әңкүстену
ұтымдырақ. Демек, бұдан нормадан
мотивті ауытқулардың
түрлері әр алуан болатындығы көрінеді.