Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет27/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   128
Сөз құдіреті

Алматының аспанында да жаңа көктемнің толғағы бар. 
Көгілдір, түпсіз көк әлем. Бір қылау жоқ, бір қылпық жоқ 
(225) деген суретті оқып, біздер, Алматы оқырмандары, өзіміз 
жылда қарсы алатын көктемнің Алматыдағы картинасын көз 
алдымызға келтіріп, мәз болып отырмыз десек, жазушының 
көздегені – осы сурет арқылы бір жылдан астам түрменің ка-
мерасында отырып, күн көзіне бірінші рет шыққан Рысқұлдың 
жарық дүниені рақаттана сезінуін айту екен. Қысқасы, мұндай, 
адам – табиғат, табиғат – адам параллельдерін, табиғатпен бе- 


67
рілген нышана символдарды романның өн бойынан едәуір
молынан табамыз. Әсіресе наурызкөк құс дегеніміз – Ізбай- 
шаның Рысқұлға сәлемі – ойы (229) екенін; көл түбінде (бе- 
тінде) көрінген ақ торғын бұлттар жел жерге кетіп бара 
жатқан жас келінге салынатын ақ жаулықтың параллелі екенін 
(84); қарашаның қара суық желі мен аспанды қаптаған қара 
сұр бұлт (87) қыз алуға бөтен ауылға келіп жатқан Сайма-
сай болыстың аулында 1916 жылғы көтеріліс басталғанын 
естігендегі көңіл күйіне, еріксіз ұзатылып бара жатқан Нүкетай 
қыздың қам көңіліне үндестіре суреттелген микротекст екенін 
зерделі оқырман енді өзі де пайымдайды. 
Сөйтіп, роман беттерінде жиі ұсынылған табиғат көріністері 
– жазушының әрі стильдік, әрі үнемдеу құралы, әрі лирикалық 
үні. Көркем дүние – өнер өлемі лирикасыз болмайды, біз Шер-
хан шығармаларынан лиризм іздей қалсақ, көп тұстардан та-
бар едік, солардың бірі – оның табиғатты қатар сөйлетуі деп 
санаймыз.
Көп сөзбен баяндалатын, суреттелетін жайттарды табиғат 
көрінісі болып келген параллельдер кеп-келте айқындай са-
лады, жай қатарласа салмайды, оқырманның жанын тербейді, 
демек, өнер дүниесінің бір шартын орындауға көмектеседі. 
Табиғат пен адам жарасы – Шерхан Мұртаза қолтаңбасының 
даралық стилінің, шығармашылық мәнерінің бір белгісі, сәтті, 
қуатты қыры.
Енді жазушының стильдік тәсілдеріне тікелей қатысы жоқ 
болғанымен, кез келген шығарма тілін әңгімелеу үстінде на-
зар аударылмай қалмайтын бір тақырыпқа ойыссақ, ол – 
автордың сөзқолданысы, қолданған сөздерінің сыр-сипаты, 
ерекшеліктері туралы болмақ.
Сөзқолданыс дегенде, алдымен, жазушының жеке сөздер 
мен тіркестерді образ етіп жұмсауы, сөз құбылтуы (орыс тілі 
білімінде «словопреобразование» деп соңғы кезеңдерде өз 
алдына бөлек категория ретінде қарастыратын құбылысты 
біз осылай атадық), көне, сирек, жергілікті сөздерді «әдеби 
айналымға» түсіруі, синонимдер қатарын тандауы сияқты 
амал-тәсілдеріне назар аударылады.
Жоғарыда көрсеткеніміздей, жазушы бұл туындысында 
табиғат суреттерін молынан келтіретіндіктен, мұнда өсімдік, 


68
тал-терек, аң-құс атаулары да көбірек көзге түседі. Әсіресе 
белгілі бір өңірде өсетін көк атауларының, жайлайтын аң-құс 
аттарының қолданысынан ана тіліміздің сөздік қазынасының 
байлығына тәнті боламыз. Мысалы, осы шығармадан таулы 
өлкелер тұрғындары ғана білетін еңлік (эдельвейс) гүлінің 
қаргүл деген де синонимі бар екенін, ұлар деген құстың (оны 
да жазықтықтағы қазақтар біле бермейді) қақылықтайты- 
нын, барыстың сипаттама бір атауы сұлтан-шері болатынын, 
атқұлақ пен гүлқайыр, сиырқұйрық пен шайқурай деп өсімдік 
аттарын бейнелеп беретінімізді біліп, тіліміз неткен бай еді, не-
ткен образды деп сүйсінеміз. Жасыл орман мен көк майсалы 
далада туып өссек те, өзен-көл жағалап, суда малтып ер жет-
сек те, көбіміз басқа өңірді былай қойғанда, өз айналамыздағы 
өсімдік, тал-терек, бұталардың, сан алуан балықтардың атта-
рын жете түгел біле бермейміз. Ал шығармасында қолдану 
үшін, әсіресе образ етіп жұмсау үшін, жазушы бұларды 
есінде сақтап, ұмытқандарын есіне түсіріп, білмейтіндерін 
сұрастырып дегендей, көп еңбек сіңіруі керек және нағыз бо-
таник, зоологше қай өсімдіктің, қай ағаштың қайда өсетінін, 
қай құстың, қай тағының қылық-қимылы қандай екенін жақсы 
білуі керек. Бұл реттен келгенде, Шерхан Мұртаза – жаратылы-
станушы маман ба деп қаласың. Бұл да – шындықты діттейтін 
көркем шығарма шарты.
Екіншіден, романның екі кітабының беттерінен жазушы-
лардан көп кездестірмеген (бірақ кейбірі әйтеуір бар) бір алуан 
сөздерді ұшыраттық. Олардың мағынасы кон текст бойынша 
аңғарылатын да сияқты. Мысалы, Рысқұлдың 3-4 жасар қызы 
жортпаш Түйметай, Дмитриев ғалымның бір ғажайып әуен 
тындағандай бозым халі (22), шаруасы шінжәу Ахат шал (31), 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет