73
себебіміз – қазіргі көптеген прозаиктер, солардың ішінде аса
танымал, мықтылары да мақал-мәтелдерді уәжсіз (мотивсіз)
өзгертіп
қолданатын болып кетті, уәжсіз дейтін себебіміз –
олар поэзияда, өлеңнің ұйқас, ырғақ, өлшем сияқты шарт-
тарына орай сәл өзгертіліп қолданылуы мүмкін, ал
мақал-
мәтелдердің атқаратын қызметі текстің мазмұндық-логикалық
сүйегін бекіту болғандықтан және прозада өлшем, ұйқас
сияқты сыртқы факторлар орын алмайтындықтан,
олардың
тіл тәжірибесінде әбден орныққан, дәстүрлі, көптеген аймаққа
ортақ үлгілерін өзгертпей қолдану қажет. Өйткені бұлар –
жалпыхалықтық қазына, ал ортақ қазынаны себепсіз бүлдіруге
құқымыз жоқ. Жазушының тілді осылай сезінуі оның көркем
әдебиет сияқты өнер иесі болуымен қатар, ұлттық, халықтық
мүддені діттейтін ақыл иесі екенін де танытады.
Көркем шығарманың синтаксистік бітімі, бір жағынан,
оның стильдік сипатын көрсететіні мәлім. Жоғарыда айтыл-
ды, романның жалпы тілдік стилі ықшамдық, икемділік прин-
ципіне құрылғандықтан, синтаксистік құрылымдары, яғни аб-
зацтары (периодтары), сөйлемдері, сөйлем мүшелері жайылма
емес, ықшам (қысқа) болып келеді. Әрине,
мұнда құрмалас
сөйлемдер, сөйлемнің жа йылма мүшелері мүлде жоқ деген
пікір тумасқа керек. Бұларсыз ешбір көркем шығарма тексінің
болуы мүмкін емес, сондықтан бұл жердегі әңгіме жалпы си-
патына қатысты болмақ.
«Қызыл жебенің» синтаксисінде жай сөйлемдермен баян-
далған, суреттелген тұстар жиі кездеседі:
Сұрай-сұрай Мекені де табады дейді. Сол айтпақшы, Ахат
пен Молдабек сұрай-сұрай Алматының абақтысын да тапты.
Басқаны білмесе де, жұрт түрмені біледі екен. Әуелі Ахат пен
Молдабек базарға барды. Ал базар – не сұрасаң да табылатын
жер (53). Міне, мұндай құрылымды абзацтарды шығарманың
өн бойынан жиі кездестіреміз.
Диалогтер де көбінесе келте-келте қайырылған:
Достарыңызбен бөлісу: