125
кейіпкерлер сөзінде немесе кейіпкер көзімен берілген авторлық
баяндауда қазақша дыбысталуымен келтіруі орынды:
Барыс
хан (Борис Годунов),
Бәселей бек (Василий Шелкалов),
Көлке
(Колька) т.т.
Жазушының жеке сөз қолданыстарын, сірә, әңгіме еткен
екенбіз, мұндағы тағы бір-екі тұсына тоқталуға тура келеді.
Алдымен, ішінара жоғарыда да айтып кеттік: жазушы Мағауин
қазақ түсінігінде жоқ кейбір ұғымдардың
атауын өзі жасауға
барған, көп ретте олар сәтті шыққан. Мысалы, патша сарайын-
да немесе кеңселерінде болатын ресми «прием» дегенге
қабыл
сөзін ұсынады: Патша сарайындағы бірнеше
қабыл, отырыс,
кездесулерден соң... (II, 191), хан ордасында «бас қымызшы»
деген ресми қызметші болатынын білдіру үшін
сабадар деген
сөз жасап қолданады, әскери сапты («строй» дегенді) білдіретін
түзем сөзі де автордың туындысы тәрізді, Кремльдегі «ответ-
ная палата» деп аталатын жайды
жұбапхана деп, «посольский
приказ»-ды
елшілік дуаны деп бергендері де – автордікі.
Сирек кездесетін
-сын жұрнағын жалғап себесін, бөгесін,
панасын сөздерін жасайды:
себесін – «септігі тиетін»,
бөгесін
– «бөгет жасайтын»,
панасын – «пана болатын» деген мағы-
наларды білдіретін жасанды сөздер.
Сұлтан атына алқау
(І, 56) дегендегі
алқау сөзі де тосын, ол шамамен бүгінгі
тост
дегенімізге жуық мағынаны білдіреді: ол – Ораз-Мұхамед сұл-
танның саулығы үшін тоғыз аяқтан қымыз ішу дегенге байла-
нысты айтылған сөз. Жас баланы
жеткін деп атау (бұл күнде
жеткіншек)
да жазушының ықтиярымен қолданылған. Әрине,
мұндай авторлық жасанды сөздер көп емес, бірақ барлығы –
дерлік зәруліктен туған қолданыстар.
Бұрын тілде аталмай
келген ұғымдарды (заттарды, құбылыстарды, іс-қимылды
т.т.) аналитикалық жолмен, яғни сөз тіркестерімен түсіндіріп
атауға да болады, жазушылар көбінесе осы тәсілді пайдалана-
ды, ал Мағауин бес-он тосын атауды жеке сөз етіп өзі ұсынуды
қалапты. Аса бой ұрып кетпесе, бұл әрекетті дұрыс деп таба-
мыз, өйткені,
біріншіден, тілі жаңа номинацияларға (әр зат-
ты бөліп-бөліп жеке атауға) әрқашан зәру болады, екіншіден,
тілдік тосын элементтер: сөздер, тіркестер, грамматикалық
құрылымдар, стильдік тәсілдер көркем текстің эмоциялық боя-
126
уын күшейтіп, оны әрлендіре түседі. Жазушы саналы түрде де,
интуициямен де оны жақсы сезген.
Қадырғали Жалайыридың «Тауарихында»
қолданылған
кіріфтар болу (тұтқынға түсу),
сипаһ (әскер),
йесір (тұтқын),
ақрұқ (Жалайырида
ағрұқ – қатын-бала мінген әскердің
тыл жағында жүретін үлкен көлік көші – обоз),
бұлғақ (ел
наразылығы, бүліншілік),
сандал (тақ),
күріген (күйеу),
жұңқар
(сол қанат),
барұңғар (оң қанат),
күрен (көшпелі жұрттың 1000
үйден тұратын аулы), ал
христиан – христиан дініндегі жұрт –
«Тауарих» тексінде:
үлкристан, ноян (текті тұқымға берілетін
титул, князь сияқты),
дәргейіне келу (әміршінің алдына бару,
тағзым ету, «приемында болу») сияқты сөздер роман тексінде
де қолданылған. Бұл да – құптарлық әрекет. Романның оқиғасы,
кейіпкерлері негізінен тарихшы, шежіреші бабамыз – жалайыр
Қадырғали бидің «Тауарихынан» алынғандықтан, жазушы бұл
еңбекпен
жақсы танысқан, тілін де жақсы игерген.
Өзге де тарихи еңбектерде және қазақтың кейбір жырларын-
да кездесетін
қазақ шығып кету термин-тіркесін де ұтымды
етіп қолданған:
Өзі (яғни Көшім хан –
Р. С.) имандай сенген таза мұсыл-
мандар, кеше ғана құлдық ұрып, шашбауын көтеріп отырған
көп халық... бүкіл Сібір жұртына
тірек болған тайпалы ел
тұтасымен
қазақ шығып кетті. Көшкен жоқ. Ауған жоқ. Бүкіл
қонысымен, жайлау-жұртымен (қазақ ханы Хақ-Назарға –
Достарыңызбен бөлісу: