133
Жазала! Аяма! Бейпіл ауызға қақпақ, ақылы азға тоқпақ
болсын!; аузымнан жырып, асымды берем, астымнан түсіп,
атымды берем; сен үшін аранға түсер биің, ажалға аттанар
батырың болсын...; сұлтанымызға сүйеу, бізге тіреу болар
деп...
Ұйқасты, ырғақты, өлшемді қатарлар параллель түзілістер
тек билердің аузынан емес, тігггі қарапайым адамдардың ау-
зынан да шығады. Мысалы, қол астындағы жұртының «аужай-
ын білмекке» шыққан Ораз-Мұхамедтің атының шылбырын
ұстаған қарапайым қарт:
–
Аң аулап жүріп адастың ба, сейіл құрып жүріп қыр
астың ба... төре жігіт? – деп хал-жай сұрасады (І, 97). Ал Ораз-
Мұхамед сұлтан, Құл-Мұхамед елші, Әз-ханым әжелердің ау-
зынан шыққан сөздерінде өте әсерлі, астар лы мағыналы парал-
лель құрылымдарды көптеп оқуға бо лады.
Параллель құрылымдар образдылығымен ұтымды, өйткені
образдар (бейнелілік) әсерлі, уытты келеді,
сондай-ақ қатар-
ласқан ұқсас түзілістер құлаққа жағымды тиеді, ол қасиетті
сөз ұйқастары мен тұлға жағынан біркелкілік түзеді. Жоғарғы
мысалдардағы
ауызға –
азға, қақпақ –
тоқпақ, аузымнан –
астымнан, асымды –
атымды, аранға –
ажалға, түсер –
ат-
танар, сүйеу –
тіреу де ген тұлғаластық пен ұйқастықтар осы-
ны дәлелдейді.
Образды фразеологизмдер – жалпы айтылар сөздің көркі.
Олар тек ауызша, жазбаша ұсынылған әдеби тіл үлгілерінде
емес, ауызекі сөйлеу тілінде де берік орын ала ды. Ал билер,
шешендер, салиқалы сөз иелері болса, об разды сөздер мен тір-
кестерді қолданбай отыра алмайды. Мысалы: аса астарлы, сон-
дықтан көп сөзді етіп сөйлемей, ойын қысқа-қысқа қайырып,
бірақ әсерлі етіп баяндаған Тәуекел хан
қамалдың қабырғасын
сүзу (қамалға шабу),
жан тартып келген жақын (жақындасу),
ордасын ортасына түсіру (талқандау, жеңу),
жанын тастай
алмай жатқан (өле алмай),
құшақ ашу (жақындасу, табысу)
сияқты образды фразеологизмдермен тіл қатады.
Бейнелемей сөйлеу – шешенге тән емес. Және ол бейнелі
тіркестердің басым көпшілігі жоғарыдағыдай дәстүрлі, халық
қолданысындағы фразеологизмдер болып келеді. Әрине, әр
134
кейіпкер (шынына келсек, жазушы)
өзі жасаған авторлық,
контекстік ұтырлы жаңа үлгілер жоқ емес.
Шешен сөздің иелері тек билер емес, жоғарыда айттық,
хан-сұлтандар да, елшілер де, Әз-ханым,
Ай-Шешек сияқты
ханымдар да қара жаяу, яғни күнделікті тұрмыста айтылатын
үлгіде сөйлемейді, ыңғайына қарай, әсіресе өзгелер отырған
тұста («жұрт алдында») жазушы оларды шешен, әсем тілмен
сөйлетеді. Мұның мотиві (уәжі) тереңде жатыр.
Шешендік – сөз өнері, ал сөз – қазақ үшін культ болған, яғни
қасиетті құбылыс санап, табынатындай күш болған. Қазақтар
сурет салу (ислам діні тыйып тастаған), тас мүсін (скуль-
птура) жасау (символдық тас мүсіндер соғу өнері ертеректе
болғанмен), гүл өсіріп, оны өрнектеу (жапондардың икебана-
сы сияқты), жаппай қала орнатып, салтанатты үйлер тұрғызу
(ол ішінара орын алғанымен) сияқты өнер түрлері дамымаған
болса да, өнердің көптеген басқа түрлерін
жақсы білген,
шұғылданған. Сол өнерлердің ішінде ең бастысы, ең сыйлысы,
ең демократшылы – сөз өнері болған, ал сөз өнерінің көрінетін
майданы – шешендік. Алдымен өзін өзі, атақ-абыройын, одан
соң тыңдаушысын шын сыйлаған адам қалай болса солай
сөйлеуге құқығы жоқ. Әсіресе аузына көпшілік қарайтын ел-
жұрт билеушілер, әмір-бұйрық берушілер, үкім-жарлық айту-
шылар, қысқасы, адам мен қоғам тағдырына тікелей қатысты
сөз айтатындар билерше төгіліп тұрмағанмен, әсерлі де әдемі
сөйлеулері керек болған. Сондықтан, тегі, хандық дәуірлердегі
би (бек, әмірші) адам бір жағынан, ұлыс, ру басы болып та-
нылса, екінші жағынан, ол шешен болмағы керек. Сірә,
би
сөзінің
шешен сөзімен синонимдес келуі кейін пайда болған,
адам әуелі
бек би (ұлыс бегі, ру бегі) болады, ал бек (би) болған
адамның сөзі әдемі, әсерлі болуға тиіс, демек, ол енді «шешен»
аталады, сондықтан қазір біз «шешендік сөз» десек, билер сөзі,
би десек, «шешендік» ұғымы ассоциацияланады (ойымызға
оралады).
Осы ұлттық, тарихи шындықты жазушы жақсы біледі, сол
себептен де ол хан-сұлтандарды да, елшілерді де (елші рес-
ми адам, ханның өкілі), Әз-ханым сияқты ақылгөй аналар-
ды да салмақтап сөйлетеді, ұлттық дәстүрді бұздыртпайды.
135
Әсіресе болашақ хан – Ораз-Мұхамед жастығына қарамастан,
«қызыл тіл мектебін» жақсы өткендігін танытып отырады,
оның шешендігі алдымен айтар ойының логикасында жатады,
дәлелі мықты, аргументтері күшті бо лып келеді, сөйлемді кей-
де қысқа қайырады, кейде айшықтап, шиыршықтап көп сөзбен
береді. Ал Әз-ханым ше?
Достарыңызбен бөлісу: