Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет91/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   128
Сөз құдіреті

«Біз қалада тұрамыз»
Көркем әдебиет үлгілерінің тілін әңгімелеуде зерттеушілер 
оған «Жазушы – мәтін – оқырман» үштігінің қырынан қарау ке- 
ректігін айтады, яғни тіл мен білім-таным және коммуникация 
(адамдардың бір-бірімен түсінісуі үшін жасалатын қатынас) 
дегендердің тұтастығын ескеріп, көркем шығарманы түсініп 
оқу қажеттігі дәлелденіп отыр.
Жазушы белгілі бір көркем дүниесін ұсынғанда, оның мәтіні 
арқылы өзінің бір идеясын (айтпақ ойын, діттеген мақсатын) 
білдіреді. Жай білдіруді емес, оқырман түсініп, түйсініп, 
сүйсініп оқыса дегенді көздейді. Сөйтіп, жазушы мен оқырман 
арасында ерекше қатынас жасалады, ғылымда оны дискурс деп 
атайды. Оқырман шығарманы түсініп оқу үшін:
1. шығарманың мәтіні;
2. сол шығармадағы оқиғалардың қыр-сыры, мезгілі жайын-
да білім-танымдарының болуы;
3. өз пікірінің болуы;
4. жазушының идеясын тануы қажет.
Осы қажеттіктер түгел болса, оқырман қолына алған көркем 
дүниені, оның ішінде, әрине, роман, повесть сияқты прозалық 
шығарманы қызыға оқиды, көп нәрсе түйеді.
Осы реттен белгілі жазушы Кәдірбек Сегізбайұлының 
«Біз қалада тұрамыз» (Алматы: Атамұра, 2003) атты көлемді 
шығармасына назар аудардық. Хикаяларда өткен ғасырдың 
60-70-жылдарындағы тірлігіміз сөз болады, ол қазіргі оқыр- 
мандардың (бұл шығарма соңғы басылымынан көп бұрын 
жазылған, оның алғашқы кітабы 1992 жылы жарық көрген бо-
латын) көбіне жақсы таныс, әр хикаядағы бас кейіпкерлердің 
әңгіме етіп отырған кезеңге дейінгі өмірлері туралы да айтыла-
ды (1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы мен одан кейін- 
гі жылдар). Бұл да бүгінгі (және ертеңгі) үлкен-кіші оқырман 
қауымға жақсы таныс: дәл сол жылдарда не ұрыс майданында, 
не елде болған ересектер өз бастарынан кешкендері арқылы 
білсе, бүгінгі жастардың ата-әжелерінің әңгімелерінен, 


210
көркем әдебиеттен, кинолардан көріп, оқып, естіп білетін 
мағлұматтары толық. Және осы мағлұматтарға қатысты өз ой-
лары, өз түсініктері бар. Демек, Кәдірбек Сегізбайұлының бұл 
шығармасын «Жазушы – мәтін – оқырман» үштігімен қара- 
ғанда, оның барлық өлшемдерінің үдесінен шығатын құнды 
туынды деп бағалауға болады.
Жазушы бұл туындысында бір оқпен бірнеше қоянды атып 
алғанға ұқсайды. Біріншіден, автордың өзі «Хикаялар» деп 
атаған бұл шығарманың макроқұрылымы ерек ше түзілген: 
бес бөлек повесть – бір желіге тартылған немесе қатарынан 
көгенделген қозылар іспетті деуге бола ды. Мұндағы көген 
(немесе желі) – әңгіме айтушы кейіпкер-автор. Әр хикая-
повестің бастамасы мен аяқталуында және бүкіл барысында 
кейіпкер-автордың өз «хикаясы» да кірігіп отырады. Мұның 
барлығы көріктеуіш тәсіл болып, стильдік жүк арқалаған. Де-
мек, шығарманың архитектоникасының өзі оқырманды бірден 
баурап әкетеді.
Екіншіден, діттеген идеясына таңдаған тақырыбы жақсы 
үндескен. Тақырыбы – XX ғасырдың екінші жартысындағы
дәлірек айтсақ 60-70-жылдарындағы, кеңес адамдарының 
қырғын-сүргін, жоқ-жұтаң ахуалды бастарынан кешкен тағдыр-
талайы. Автордың айтпақ идеясы – соғыс зұлматының әр отба-
сына қандай зардап әкелгенін шегіністермен айта отырып, сон-
дай ауыртпалықты кезеңде де адамдардың кісілік қасиеттерін 
биік ұстағанын қайта-қайта еске салу. Автор адамдардың ішкі 
жан дүниесіне үңіле отырып, бір-біріне жақсылық жасау, адам-
ды тани білу, сүйе білу, сыйлай білу сияқты ізгі қасиеттерді 
суреттейді. Бізге бұл жердегі керегі – «осы тақырып пен 
идеяның тілдік құндағы қандай, жазушы мен оқырманның 
арасындағы түсінісу жүйесі қалайша тартылған?» деген 
сауалдарға жауап іздеу.
Үшіншіден, автор кеңестік дәуірде өмір сүргендердің 
тұрмыстық-моральдық жағынан бастарынан кешкен ауыртпа- 
шылықтар мен келеңсіздік, әділетсіздік сияқты ащы шын- 
дықтарды шынайы көрсетеді. Мұны шығарманың атының өзі-
ақ әйгілеп тұр: ауылда туып, мектепті сонда бітіріп, жоғарғы 
оқу іздеп, Алматы сияқты астанаға келіп, арман-мұратының 


211
бір ұшын тұйықтап, университет бітіріп, әрі қарай ұмтылып, 
«жарқын болашағын» қуалап, қалада қалып, «ел қатарына» 
қосылуды көздеген жүздеген (әлде тіпті мыңдаған) қазақ 
жастарының барша тірлігі суреттеледі. Олар қалада тұратын 
баспана іздеп, қаланың о шетінен бұ шетіне шығып жүрген 
кезеңді – өткен ғасырдың 60-70-жылдарындағы өмір шындығын 
жайып салады. Сол бір кезеңдегі қазақ зиялыларының бәрінің 
дерлік басынан кешірер пәтерден пәтерге көшетін азапты 
тірлік. «Біз қалада тұрамыз», «Неменеге жетісіп тұрып жа-
тырмыз?» деген ащы мысқылды автор әр хикая сайын білдіріп 
отырады.
Шығарманың бұл орайдағы тілдік өрімінің әр тұсында, 
әсіресе жас журналистің (кейіпкер-автордың) бес-алты жылдай 
сергелдеңнен кейін екі бөлмелі «кең сарайға» қолы жетіп, сон-
да орналасқан алғашқы күндерін баяндаған микромәтіндерде 
әжуа-сықақ (юмор) араласады, адамның сыртқы портреттері 
беріледі, диалогтер кейіпкерлер бейнесін жасауға қатысады.
Шығармада екі желі қатар тартылған: жас журналистің үй 
ішімен пәтерден пәтер жалдап көшіп жүруі – бір желі; пәтер 
ауыстырған сайын «үйлерінен орын, көңілдерінен ықылас 
бөлген жайсаң жандар» хикаясы – екінші желі. Олардың 
әрқайсысы бір-бір романның басты кейіпкері болып көрінеді, 
өйткені бұлардың әрқайсысының адами бейнесі, бастан кешкен 
өмір соқпақтары суреттеуге тұрарлық. Осы жерде жазушының 
негізгі мақсаты – ізгілік идеясы алға тартылады. Мұның 
тілдік-стильдік құндағында көзге түсетіні – кейіпкерлердің 
әрқайсысына автордың көзқарасы, өз бағасы беріліп (сезіліп) 
отырады, кейіпкердің ішкі жан дүниесі, психологиясы
адамгершілік қасиеттері суреттеледі.
Енді осы айтқандарымызды мысалдармен дәлелдеп көр- 
сетелік.
Тұтас дүние (бір желіге тартылғандықтан) ретінде ұсы- 
нылған хикаялардың, жоғарыда айттық, композициясы қызық, 
айрықша: әр «пәтерші» (пәтер жалдаушы, пәтер иесі) және 
оның кейбір отбасы мүшелері өз өмірлерін өздері баяндайды. 
Біреулері өткендегі өмір белестері болып келеді, бұларды автор 
«Әминат айтқан: Соня шешей айтқан... Коля – Кәрім айтқан... 


212
Тася апай айтқан... Оның (Әминаттың) анасы айтыпты... 
Алексей айтады... деген тақырыпша етіп атайды, бұлардағы 
етістік шақтарының әртүрлі болып келуінде стильдік мән бар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет