Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет88/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   128
Сөз құдіреті

сойылға жығылып, сорпа ішіп жатқандар бар (Төбет би), 
сілтеген сойылдың бата тигенінен кейде қате тигені көп бола-
ды (Қабанбай сөзінен); «Жә, сұлтан, сабыр ет. Әлден от алып, 
қамысқа түсіп қайтесің. Айтаққа жүгініп, арыла сөйлейтін 
кез алда... (Абылай хан сөзінен); «біздің айтар сөзіміз – жаптым 
жала, жақтым күйе емес, сорғалаған қан, сойдақталған ізбен 
келіп отырмыз... (Шекті биі Сырлыбайдың сөзінен). Романның 
бас кейіпкерінің бірі – Абылай ханның аузы әмір-бұйрықты
ақыл-кеңесті, әділ алғысты ғана емес, әсерлі сөзді, жүйелі-
ойлы болып келеді. Абылай кей-кейде шешендерше көсіледі: 
«Уа, қара ағаштай қалың найман! Дара туған Дарабоз!... Хан 
жарлығына құлақ асып, Түркістанды тұғырына қондырдың. 
Сырдың бойын сыпыра сүзіп, талас қала Тәшкентке қол 
ұшын бердің. Ата жауды Алатаудан аластап, Жетісудан жел-
келеп қуып шыққанда да, майданның қызу ортасында сендер 
жүрдіңдер. Алаш ұранды ағайыннан аянып қалған жерің жоқ 
(1-кітап, 350-бет).
Бұл – Абылайдың нақ аузынан шыққан сөздің стенограм-
масы емес, оны жазушы осылайша сөйлетіп отыр. Мұнда 
қара ағаштай қалың, дара туған сияқты әсірелеген сөздер, 
тұғырға қондыру, сыпыра сүзу, желкелеп қуып шығу сияқты 
бейнелі фразеологизм – етістіктерді былай қойғанда, т, с, а ды-


204
быстарымен берілген ассонансты-аллитерациялы құрылымдар 
хан сөзіне пафосты үн беріп тұр. Сарбаздарына, әскеріне 
ризашылығын осылайша білдірмегі – бір жағынан, шындыққа 
саятын («бір өзінде қырық кісінің ақылы бар» хандар қай сөзді 
қай жерде қалайша айту керектігін жақсы білуге тиіс!), екінші 
жағынан, жазу шы қаламының шеберлік пәрменін танытатын 
фактілер. Дегенмен, қайталап айталық, жазушы Қ.Жұмаділов 
бұл шығармасында тұтас лирикалық үн сақтауға тырыспаған, 
билерді, жақсы мен жайсаңдарды барлық сәтте, барлығын 
бірдей, тіпті бірінен бірін асырып, суырыла сөйлетіп қоймайды, 
бір қарағанда, олар ситуация (оқиға, кезең) иелері ретінде 
көрінеді де сол сәттегі қимыл-қарекетіне, ой-пайымына сәйкес 
кәнігі тілмен сөйлеп жатады. Бірақ қара дүрсін емес, жиында, 
талқыда айтатын сөздері күнделікті отбасы, ошақ қасындағы 
ауызекі айтыла беретін дағдысы да емес: жібі (логикасы мен 
тілдік көрінісі) түзу, ойы айқын ана тілі.
«Дарабоз» романының тілі мен жазушы мәнері туралы бұл 
әңгімеміздің желісінде, әрине, авторлық баяндаудың стилі 
де «байқалып тұр». Автордың баяндау тілі дегенімізге оның 
сөзқолданыс, сөз таңдау мәнері, сөз қиыстыру (синтаксистік 
амалдары) жүйесі, жалпы үні (тоны) жататыны белгілі. Әдетте 
белгілі бір жаңа шығарма туралы жарияланып жататын рецен-
зияларда: «Бұл шығарманың тілі жатық, көркем», – деп қысқа 
қайырылған жалпы баға жиі айтылады және ол «мырзалық» 
ғылым-таным үшін дәнеңе бермейді. Қалайша жатық? (жал-
пы «жатық тіл» деген не?), несімен, қандай белгілерімен 
жатық (жатық дегенді жағымды сипат деп ұғамыз ғой)? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет