Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет87/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   128
Сөз құдіреті

топ (доп) деп атағанын білеміз. Ал Қабдеш Жұмаділов: 
«Қазақтар ол кезде (яғни XVIII ғасырларда) зеңбіректі жәзайіл 
(дұрыс жазылуы не жазайыл не жезәйіл болса керек – Р.С.) 
деп атаған деп екі кітапта да бет соңындағы сілтемеде көрсетіп 
отырған. Сол сияқты уаң – князь, губернатор, арат, алба-
ты – (ойраттардың) шаруалары; ғұң – князь (қытайша), зуза 
– «ұлықтарды көтеріп жүретін балахана» деп түсіндіреді. 
Зуза дегенді бабаларымыз да білген болса керек, ол Қытай, 


200
Ман чжурия сияқты елдерде тірі адамдарды көтеріп жүретін 
арбашық – зембіл болса, Оралхан Бөкейдің шығармаларында 
ұрыста жараланған немесе шейіт болған сарбазды (көбінесе, 
әрине, қадірлі, ұлық, қолбасы сияқты ірілерді) ұрыс даласын-
да тастап кетпей, салып алып жүретін ағаштан құрастырылған 
құрылғыны атағанын білеміз. Жер асты не үстіне қойылатын 
сағананы Орта Азия халықтары сандық деп атағанын тарихи 
еңбектерден көреміз. Шыңғыс хан өзінің өсиетінде: «Мен өлген 
соң, денемді сандыққа салып, белгілі бір жерге апарып, жер 
астына түсіріп, үстінен жылқы үйірлеріне таптатыңдар, жермен 
жексен етіп, белгісіз орын етіңдер», – дейді. Сол сияқты Таңжуң 
қытайша генерал-губернатор деп түсіндіріп отырғаны да – 
орынды, өйткені бұндай атауларды қалың оқырман білмейді, 
бұлардың көбі тек тарихи ғылыми әдебиет пен тарихи көркем 
шығармаларда, жазба шежірелерде қолданылады.
Тілі мен стилін сөз етіп отырған «Дарабоз» туындысын-
да айрықша атап өтетін және бір құнды сәті (амалы) бар, ол 
– әңгіме орайына сай келген мақал-мәтелдердің молынан кел- 
тірілуі және тілдік құрылымы өзгертілмей, өте дұрыс келті- 
рілуі. Тек «Дарабоз» романында емес, Қ.Жұмаділовтің бар- 
лық көркем шығармаларында қазақтың мақал-мәтелдері, 
ұтқыр (қанатты) сөздері, бейнелі тұрақты тіркестері аса 
ұқыптылықпен, мағынасы мен сыртқы тұрпаты өзгертілмей 
қолданылғандығын баса айтуға бо лады.
Күнделікті тұрмыс-тіршілікке, әсіресе ұрыс-соғысқа қатыс- 
ты мақал-мәтелдердің бүгінде біз мағынасын жақсы білетін, 
өзіміз де қолданатын топтарынан басқа, біз көп естімеген, 
бірақ осындай түрлерінің барына шәк келтірмейтін, яғни 
орынды, сәтті қолданылған үлгілерін (әрине, барлығын түгел 
емес) көрсетсек, тіл қазынамыздың байлығына тәнті бо-
ларымыз хақ. Мысалы: қысасқақан, оқысқақұн (әдейі 
қысастықпен өлтірілген адамның қанына қан алу, оқыс, 
жаңылыста болса, оған құн төлеу деген қазақтың құқықтық 
ережесінің бабы); батырданбарымташы, барымташы-
дан – ұры, ұрыдан – қары, қарыдан – бәрі туады (нағыз сол 
заманның шындық түйіні), сойылдың бата тигенінен кейде 
қате тигені көп; сотқардың ажалы – сойылдан; судың алдын 
шым бөгейді, даудың алдын қыз бөгейді (жауласқан елдің хан-


201
дары, батырларының бір-бірлерінен қыз алып, қыз берісулері 
– татулықтың, келісімдердің амалы болған ғой); жұмылса 
ғана – жұдырық, жеке тұрса – қылдырық; бетеге кетеді, бел 
қалады деген сияқты мақал-мәтелдер мен қиюлы сөздер халық 
тілінде болған болу керек, бірақ қазір сирек кездеседі. Оларды 
жазушы контексте өте орынды келтірген. Бұлардың ішінде: өз 
күшіңді егіз десең, жаудың күші сегіз де; туған елің тұмарлы 
тұлпар болғанда, хан – ноқта, би – ауыздық, батыр – қамшы; 
боданнан құл туады, құлдан жетесіз туады; көктен сауып, 
жерден тауып алған; жарып сөйлеген жақсы, бірақ байыбы-
на барып сөйлесейік; билік айту қиын емес-ау, біліп айту қиын; 
өмірі басына ноқта кимеген, көзіне қамшы тимеген азат, 
асау ел едік тәрізді бейнелі экспрессивті түйдектер, авторлық 
афоризмдер болулары да мүмкін. Бұл жерде роман тілінің 
көркемдік сипатын көреміз. Әсіресе ер жаңылып қолға түседі, 
құс жаңылып торға түседі деген мақалды Қалдан Цереннің 
(қалмақ ханының) қолына түскен Абылайға қатысты орынды 
келтірген. Мұндай ситуативтік мақал-мәтелдер ішінде сирек 
қолданылатындары да баршылық: батпаққа батқан пілді піл 
ғана сүйреп шығарады (Абылайды тұтқыннан босататын ай-
бынды қазақ хандығының күші ғана болуға тиіс дегенге орай 
келтірілген).
Авторлық баяндау стилінде қазақы образдар баршылық. 
Мысалы: қайта аттаныс алдында ер қайратын сынап, қолтық 
жазып қаламыз; қол солтүстікке қарай бұйда созып бара жат-
ты; [бұл өңірдің тұрғындары] – қырық темірдің қылауынан 
құралған, ала-құла жұрт қой.
Тарихи шығарманы тарихи стиль тезіне салудың және бір 
амалы – кейіпкерлер тілін заманына, адамына, оқиға ситуаци-
ясына қарай сөйлете білу болса, бұл белгі кейбір жазушыда 
мейлінше қатаң сақталады, ал қайсыбір авторлар бұл талап-
ты шығарманың бойында, әрбір сәтінде берік ұстап отырма-
уы да мүмкін. Мұндайда кейіпкерлердің қалай сөйлегеніне 
аса зор мән бергеннен гөрі нені айтқанына, сөздің мазмұнына 
көбірек назар аударғаны байқалады. Әрине, жоғарғы талдау-
ларда айттық, бұдан бірнеше ғасыр бұрынғы қазақтың ауызекі 
сөйлеу тілін, қарапайым тұрмыстық тілін дәл беру мүмкін 
емес, өйткені хатқа түсіп қалған, бізге жеткен үлгілері жоқ. Де-


202
генмен жазушының тілдік интуициясы оны жақсы сезіп, биді 
бише – шешен, ханды ханша – уытты, батырды батырша – ба-
тыл, қараны қараша – қарапайым түрде сөйлетуге ұмтылады. 
Мұндайда әсіресе билерді әдемі сөйлетеді, себебі мұның 
шешендік сөздер деп бізге жеткен үлгілері бар.
ХVII-ХVIII ғасырлар – қазақ тарихында билер мен батыр- 
лардың қоғам өмірінде ерекше орын алған, жақсы көрінген 
кезеңі. Демек, осы дәуірлерді көркем дүние нысаны еткен 
қалам иелері әсіресе осы тұста, яғни би-хандарды сөйлетуде 
өздерінің де шешендік қабілетін танытады. Қабдеш суреттеп 
отырған кезең – ел тағдырын шешуде атақты үш бидің рөлі 
өрлеген кезең еді. Сондықтан бұл романда Төле би, Әйтеке би, 
Қазыбек билердің ғана емес, әр ірі тайпаның, әр рудың билері 
де ортаға «қамшы тастап» сөйлеп жатады.
Қазақтың сөз өнері тарихында тек билер ғана емес, 
Ақтамберді сияқты ақындары да, Қабанбай сияқты батырлары 
да, Абылай сияқты хандары да тауып-тамсандырып сөз айта 
білген. Роман авторы да осыны жақсы сезіп, бұлардың аузы-
на әншейін ұйқасты-ырғақты қызыл сөз емес, жүйелі, сындар-
лы, ақылды және әсерлі сөз салуды мейлінше көздеген. Бір-
екі иллюстративтік факті келтірелік. Кіші жүз Әбілқайырды 
Барақ сұлтаннын өлтіргеніне байланысты пікірлер мен билік 
айту үстіндегі Орта жүз биі – Қазыбектің монологінен алынған 
үзіндіге көңіл аударсақ:
– Уа, менің қажырлы халқым, жауынгер жұртым!.. Мына 
сексеннен асқан жасымда ел қонбаған шөлге, құс қонбаған 
көлге кезігіп отырмын. Осы ғұмырымда ер өлтіріп, Ертіс 
бұзған, Шуды шулатып, Таласты талқандаған небір телі мен 
тентекті көрсем де, менің тұсымда ханның басын хан алған 
жағдай ұшыраспаған екен... Қанша асып-тассаң да, аты жүйрік 
ажал құрығынан адам пендесі кашып құтылмайды екен. Енді, 
міне, кезек Әбілқайыр ханға келіп отыр... Мен білсем, біздің 
халқымыз тағы да тоғыз жолдың торабында тұр. Алаш ұлы 
ежелдің ең күнінен басына ноқта кимеген, жүген-құрық ти-
меген асау, арда ел едік... («Дарабоз», 1-кітап, 188-189-беттер).
Бұл жердегі Қазыбек бидің сөзі кітаптың екі бетіндей 
көлемде берілген. Бұл монолог – бастан-аяқ біз жоғарыда 
келтірген үзіндідегідей, тұнып тұрған (жоғарғы үзікте біз кур-


203
сивпен көрсеткен бейнелі қолданыстар сияқты) экспрессивті 
сөздер емес. Бидің негізгі айтпағы эмоциясыз-ақ айтылған, 
жүйелі, дәлелді қарапайым тілмен берілген. Әрине, бұл жерде 
автордың міндеті – бидің шешендігін көрсету емес, әділ билік 
шешімін дәлелдеген, логикасы күшті сөзін беру. Бірақ бидің 
сөзі болғандықтан, кезі келген тұстарында шешен сөздің аксес-
суарларын да көрсетіп қояды (жоғарғы микромәтінді қараңыз).
Романның 1-кітабында Төбет бидің (143-бет), Боранбай 
бидің (153-бет), Шекті биі – Сырлыбайдың (185-бет), Қазыбек 
бидің (188-190 және 275-276-беттер), Төле бидің (264-бет) 
сөздері және шешендігі мен бейнелілігі жағынан билер сөзінен 
кем түспейтін Қабанбай батырдың (150-бет), Ақтамберді 
ақынның (334-бет), Абылай ханның (350-бет) салмақты, 
әлеуметтік үні зор сөздерін жазушы мейлінше әсерлі етіп бер-
ген. Бұларда да: «сен бөлеңді бөтен санап, жақыныңды жарға 
итергенде, не мархадам табасың... Бетеге кетеді, бет қалады..., 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет