255
активтендіру әлеумет (көпшілік) талғамынан шығып отыр,
соның нәтижесінде бұл күнде қазақ әдеби тілінде оның
публицистикалық және
көркем әдебиет стильдерінде, радио
мен теледидар тәжірибесінде
майдангер, ардагер, иегер,
тәлімгер, қаламгер, жүлдегер, баспагер сияқты ондаған сөздің
қолданылуы нормаға айналды. Сол сияқты жаңа атаулар жа-
сауда
нама, хана сөздерін пайдалану
әлеумет талғамынан
шығып, көпшіліктің «оң жамбасына келіп» отыр, сондықтан
қазір
дәуірнама, жаднама, ғарышнама, халықнама, сапарна-
ма, өмірнама, мадақнама; перзентхана, жазхана, дыбысхана,
дәмхана, төлхана, ойынхана сияқты сөздердің жасалуы да,
қолданылуы да кәнігі құбылыс болып, нормаға айналды.
Достарыңызбен бөлісу: