252
тикалық тұлға-тәсілдердің орын алуы – заңды. Сондықтан
олардың баршасын нормасыздық, яғни нормадан ауытқу, сөз
мәдениетінің бұзылуы деп тануға болмайды.
Үшіншіден, көркем сөздің лексикалық нормасына та рихи
даму (өзгеру) тұрғысынан қарау – зерттеудің басты амал-
дарының бірі болмақ. Сөз жоқ, қазақ көркем прозасы норма-
сының және мәдениетінің бүгінгі күй-қалпы мен сипаты өткен
ғасырдағы және үстіміздегі
ғасырдың алғашқы онжылдық-
тарындағы түрімен бірдей емес. Айталық, соңғы 30-40 жылдың
ішінде проза жанрында тілдің сөздік байлығын мейлінше кең
қамту бағыты пайда болды. Ол үшін жұмсалу аясы шектеулі
диалектизмдерді де, мағынасы күңгірттенген көне сөздерді де,
бұл күнде жиі жұмсалмайтын мән-мағынасы бейтаныстау си-
рек сөздерді де, жаңадан еніп жатқан қолданыстарды да кәдеге
асыру әрекеті бар екенін айтуға болады.
Жергілікті ерекшеліктерді зерттеуші диалектолог ғалымдар
қазақтың көрнекті жазушыларының шығармаларында, автор
сөзінің өзінде бірсыпыра кәсіби сөздер мен диалектизмдердің
орын алғандығын айтады. Мысалы, Ә.Нұрпейісовтің, Ә.Сәр-
сенбаевтың прозалық шығармаларында Арал, Каспий балық-
шыларының тіліне тән бірқатар кәсіби атаулардың мағыналары
сілтемеде көрсетіліп, орынды қолданылғандығын Шора Са-
рыбаев атайды. Зерттеуші сонымен қатар Әбдіжәміл Нұр-
пейісовтің
тілінде тек кейіпкерлер емес, авторлық баянда-
уларында да жергілікті сөздердің біршама кездесетіндігін
көрсетеді.
Сондай-ақ Дүкенбай Досжановтың шығармаларында өзге
өлке тұрғындарына түсініксіз, жалпы қазақ әдеби тіл норма-
сында жоқ сөздердің жиі қолданылатындығын көркем әдебиет
тілін қадағалап келген Ғабит Мүсірепов атап көрсеткенін
білеміз (1984 жылы өткен «Бүгінгі қазақ прозасының тілі»
атты конференцияда жасаған баяндамасында).
Тіл маманы
– Байынқол Қалиев те Д.Досжановтың 1966 жылы шыққан
«Жусан мен гүлдер» атты кітабынан
55
бастап, 1980 жылға
«Табалдырығыңа табын» деген сияқты көлемді-көлемді 9 кіта-
бынан 400-ге тарта әдеби нормаға кірмейтін сөзді жинап
55
Сарыбаев Ш. Көркем әдебиет тіліндегі жергілікті ерекшеліктер // Жазушы және
сөз мәдениеті.
- Алматы, 1983. - 99-102-беттер.
253
алып, оларды топ-топқа бөліп әңгіме етеді. Зерттеуші Д.Дос-
жанов тілінің байлығын, көркемдігін, оның тілге келгенде
іздемпаздығын ерекше атай отырып, диалектизмдерді шамадан
тыс көп және уәжсіз қолданғандығын кемшілігі деп табады.
Жазушы қолданған
әдімулық («жақсылық»),
әтел («оңтайлы,
әзір»),
бәйшең («бейпіл»),
енепат («алапат, жойқын»),
көлпар
(«күпілдек),
мәп («олжа») сияқты есім сөздер мен
қылтқу,
леглу, салмақсоқтану, уажымдау сияқты етістіктер тіпті диа-
лектология сөздіктерінде тіркелмеген
жергілікті не сөйлеу
тілі элементтері болып табылады дейді
56
. Зерттеуші олардың
диалектологиялық сөздіктерге кірмегендерін контексімен алып
көрсетіп, беретін мағыналарын (жақша ішінде тырнақшамен
көрсетілгендер) шамалайды. Мүмкін, бұл 400 сөздің ішінде
бірен-сараны диалектизм болмай,
көне сөз немесе жасанды
тұлға болуы, бірақ қайткенде де жазушымен жерлес, өңірлес
емес оқырман Дүкенбай шығармаларының кей тұстарын
қиналып оқитындықтары, бейтаныс сөздерге бола сөйлем
мағынасын тап басып, тани алмайтындықтары айтылған.
Сөйтіп, жазушы Д.Досжанов тілінде уәжді-уәжсіз диалек-
тендіру (диалектизация) құбылысы бары байқалады екен,
қаламгердің 8-9 шығармасында әдеби нормадан тыс тұрған 400-
дей сөздің қолданылуы –
біздің байқауымызша, жазушының
салақтықтан, әдеби тіл нормасын білместіктен емес, саналы
түрде өзі қалап барған әрекеті сияқты. Бұл әрекет ішінара өзге
жазушыларда да байқалатынын біз де атаған болатынбыз
57
.
Әрине, әдеби тілде баламасы жоқ немесе сын есім, үстеу-
лерге үстеме реңк беретін синоним қатарларын түзетін диалек-
тизмдерді уәжімен (орнымен, қажеттіліктен шығарып) қолдану
– көркем әдебиетке сыйымды, дұрыс амал. Ал аса қажеттілік
жоқ жерде де жазушы жергілікті элементтерді әдейі қолданса,
оның да мақсат-себептерін іздестіруге тура келеді. Бұны да –
жеке бірді-екілі жазушының «қиқарлығы» деп емес, көркем тіл
тәжірибесінде жол ала бастайтын ағымдардың өмірге келуі деп
қарау ке рек болар.
56
Қалиев Б.Д. Досжанов шығармаларындағы диалектизмдер мен сөйлеу тілі
элементтері жайында // Жазушы және сөз мәдениеті. - Алматы, 1983. - 107- 121-беттер.
57
Сыздықова Р. Сөз қолданыс және әдеби норма // Жазушы және сөз мәдениеті. -
Алматы, 1983. - 31-36-беттер.
254
Ғылым тілінде әр алуан «-изация»-лармен
келетін бұндай
ағымдардың бірі – диалектизация (қазақша мұны «жергі-
ліктену» дейміз бе, «диалектілік стиль тезіне түсу» дейміз бе,
«диалектілену» дейміз бе – әйтеуір бұл құбылысты атайтын
термин табу керек). Диалектілік элементтерді әдейі шама-
дан тыс қолдану болса, бұл әрекеттің қазақ көркем сөзінде де
көріне бастағанын айту қажет.
Сөйтіп, бүгінгі қазақ көркем әдебиеті, оның ішінде проза
жанрының тілін тануда оның пайда болып, әрі қарайғы даму
барысында әр алуан бағыттардың, амалдардың болғанын және
бар екеніне назар аудару керек. Ол үшін ұлттық көркем әдеби
нормаларын айқындап алуды бірінші кезекке шығарамыз.
Достарыңызбен бөлісу: