Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет29/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

Пайдаланған  әдебиеттер: 
1.  Қазақтың ұлттық ойындар. Е. Сағындықов 1993ж   Алматы “Рауан”. 
2.  Қазақтың ұлттық ойындары Б. Төтенаев Алматы қаласы “Қайнар” 
1994жыл. 
3.  Қазақтың салт дәстүрі – Сейіт Кенжахметов. Алматы. Ана-тілі 1994жыл. 
4.  Қазақтың ұлттық ойындары. Р.Н. Нұрғалиев Алматы – 1990жыл.  
5.  Уаңбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері – Алматы “Атамұра” 2005ж.  
6.  Ұлт тағылымы №6 2000жыл. 
 
 
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА  
ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ 
 
Оспанбаева М.П., 
 пс.ғ.к., қауым.профессор,  «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы  
Жамбыл облысы бойынша ПК БАИ 
 
Бүгінгі  күні  білім  беру  жүйесі  түбегейлі  жаңаша  ойлауға  негізделген 
іргелі реформалар кезеңіне қадам басты. Дүниежүзілік экономикалық форум 
XXI  ғасырдағы  табысты  адамның  білімі  мен  іскерлігінің  16  түрін  атап 
көрсетті. 
Олардың 
ішінде 
бастамашылық, 
көшбасшылық 
қасиет, 
командадағы жұмыс дағдылары, қаржылық және азаматтық сауаттылық, IT-
құзыреттілік атап өтуге тұрарлық [1].  
Экономикалық  ынтымақтастық  және  даму  ұйымы  әлемнің  жаһандық 
сын-қатерлермен  бетпе-бет  келіп  отырғанын  негізге  ала  отырып,  қазіргі 
уақытта ақпарат әрбір екі жыл сайын екі еселенетінін, оны жаттаудың мүмкін 
еместігін  және  пайдасыздығын  анықтады.  Мысалы  XVII  ғасыр  адамының 
бүкіл өмірінде алған ақпаратты қазіргі заман адамы 1 айда ғана алады және 
өңдейді  екен.  Мұндай  жағдайда  оқушыны  өмір  сүруге  дайындау  үшін 
академиялық  білім,  функционалдық  дағдылар,  жеке  тұлғалық  қарым-


40 
 
қатынастар  мен  құзыреттіліктер  жеткіліксіз.  Мүлдем  жаңа  сапа  – 
метабілімділік,  метақұзыреттілік,  адамгершілік  метафизикасы  (оймен  ғана 
пайымдауға  болатын  ең  жоғарғы  бастамалар;  өмір  сүру  мағынасы)   қажет. 
Бұл ретте тәрбиелеу жүйесін басқарудың жаңа қағидалары – адамгершіліктің 
жоғары ұстанымы, қадыр-қасиет заңын орнатуға қадам басу керек. Ол үшін 
өзара  сыйласым  шеңберінде  әр  педагогтың  өзін-өзі  бағалауы,  қайталанбас 
даралығын  ұғынуы,  өз-өзіне  сенімі,  өзіндік  пікірі,  тәуелсіз  көзқарасы,  еркін 
ойлауы,  рух  күші,  иманы  берік  болуы  тиіс.  Оқушыларды  табиғатпен 
үндестікте  тәрбиелеу  үшін  педагогтар  кеңістік  заңдылықтарын  ұстана  өмір 
сүре отырып, жеке басының ұлағатымен үлгі болуға ұмтылулары қажет [2]. 
Қазіргі  таңда  Қазақстандық  мектептер  жаңа  бастау  сатысында  тұр. 
Инфрақұрылымдық  даму  және  жаңартылған  мазмұнға  көшу  басты 
басымдықтар  қатарында.    «100  нақты  қадам»  Ұлт  жоспарын  іске  асыру 
аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын 
көтеруге  бағытталған  іс-шаралар  жүзеге  асырыла  бастады:  жоғары 
сыныптарда  жанбасылық  қаржыландыруды  енгізу,  табысты  мектептерді 
ынталандыру  жүйесін  құру;  мектеп  бағдарламасына  «Мәңгілік  ел» 
құндылықтарын  енгізу.  «Мәңгілік  Ел»  –  ұлттық  сана-сезімі  жоғары, 
жауапкершілігі  мол,  табысты  адам  қалыптастыру  стратегиясы.  Оны  орта 
мектеп  жағдайында  жүзеге  асыру  пәндердің  мазмұнын  толықтыру, 
зерттеушілік  іс-әрекет,  қосымша  білім,  элективті  курстар,  сыныптан  тыс  іс-
шаралар  және  жобалар  арқылы  жүреді.  Оқушыға  осылай  кең  ауқымды, 
кешенді  ықпал  ету  нәтижелі  болатыны  сөзсіз.  Міне,  осыдан  келіп,  білім 
мазмұнын жаңарту жағдайында тәрбие жүйесін басқарудың жаңа ұстанымы – 
оқу-тәрбие үрдісінің бірлігі  туындайды [3].  
Оқыту  және  тәрбиелеу  бірін  бірі  толықтыра  отыра,  бір  мақсатқа  – 
оқушы  тұлғасының  біртұтас  дамуына  қызмет  етеді.  Білім  берудің  тұлғалық 
парадигмасына сәйкес, кез-келген пәнді оқытудағы тәрбиелік мақсат – оның 
мазмұнынан  оқушылардың  бойына  адамгершілік  құндылықтарды  сіңіру 
болып  табылады.  Оқыту  үрдісінде  тәрбиелеу  –  білімге  мағынаны  қоса  беру 
қабілеттерін  дамытуға  бағытталған  мұғалім  мен  оқушының  бірлескен 
әрекеті. Бұл ретте мұғалімге қойылар талап – әр сабақтың тәрбиелік әлеуетін 
аша  білуі  және  оны  оқушыға  сезіндіре  алу  іскерлігі.  Әдістемелік  тұрғыда 
дұрыс құрылған сабақтың әр кезеңі тәрбиелейді. Мұғалім оқу материалының 
өзектілігін  арттырып,  оқушыны  қызықтыру  арқылы  оның  пәндік 
құзыреттіліктерді игеруімен қатар, кісілік келбетінің де қалыптасуына ықпал 
етеді.  Сондықтан,  балаға  тәрбие  беруде  мұғалімге  зор  жауапкершілік 
жүктеледі.  
Білім  берудегі  тәрбие  компонентінің  мұғалімдер  мен  оқушыларға 
бірдей дәрежеде қатысты құндылықты басымдықтарын нақтылау қажет:  
– тұлғаның жалпыадамзаттық гуманистік құндылықтарға бағдарлануы;  
– демократиялық және толеранттық;  
– космизм және ұлттық идеяның үйлесуі;  
– тұлғаның маңызды креативті қабілеттіліктерін ашу;  


41 
 
– шығармашылық әлеуетті көркеюге бағыттау.  
Пәнді  жоспарлау  барысында  мұғалім  ең  алдымен,  сабақтың  тәрбие 
міндеттерін белгілеуі тиіс. Нақты нені және қалай тәрбиелеу керек? Ол үшін 
мұғалімге  сыныптың  және  ондағы  әр  оқушының  тәрбиелік  деңгейінің 
диагностикасы  қажет.  Бұл  проблемалы  тұстарды  анықтауға  және  тәрбие 
мақсаттарын  саналы  түрде  құруға  мүмкіндік  береді.  Сабақ  барысында 
тақырыпқа  сәйкес  тұлғалық  қасиеттер  талқылануы  міндетті.  Ол  әр 
оқушының  тұтас  педагогикалық  үрдіспен  қамтылғанын  сезінуі,  мұғалімнің 
тәлімгерлік  мәртебесін  түйсінуі  және  оның  тәрбиеші  рөлін  ұғынуы  үшін 
қажет. Ал мұғалім тарапынан оқушыны қолдау, турашылдық және ашықтық 
сипаттары  сыныпта  сенімділік  және  жайлылық  ахуалын  тудырады.  Мұндай 
жағдайда  оқушы  өз  іс-әрекеті  мен  мінез-құлқына  жауапкершілікті  сезінетін 
болады және мұғалімге сабақтың тәрбиелік міндеттерін түзету оңайға түседі. 
Қойылған тәрбие міндеттеріне сәйкес, сабақтың әр кезеңінде оқушы әрекетін 
ойластыру  маңызды  (бұл  –  қысқа  мерзімді  жоспарлау  алгоритмінде 
қарастырылған алғышарт) [4]. 
Білім  беру  мазмұнын  жаңарту  аясында  оқу-тәрбие  үрдісі  оқушының 
белсенді қызметімен сипатталады. Бұл жағдайда мұғалім баланың танымдық 
іс-әрекетінің  ұйымдастырушысы  ретінде  болады.  Жаңа  стандарттар 
құзыреттілік 
тәсіліне 
негізделген, 
соған 
сәйкес 
білім 
беру 
бағдарламаларының  құрылымы  өзгерді:  меңгерілуі  тиіс  материалдан, 
күтілетін  нәтижеге  қарай  әрекет  жасаймыз.  Бұл  білім  беру  парадигмасымен 
қатар,  оқушы  қабылдауының  да  өзгергенін,  яғни  авторитарлықтан 
ынтымақтастыққа көшуді білдіреді. 
Оқушыға  берілер  материалдың  тәрбиелік  әлеуетін  күшейту  үрдісінде 
көзделеді:  
–  материалдың  өмірмен,  баланың  жеке  және  келешек  (кәсіби) 
жоспарларымен байланысы;  
– пәннің вариативтік бөлімін аймақтың, нақты социумның мүддесі мен 
қажеттілігін,  балалардың  қызығушылығы  мен  қажеттілігін,  ата-аналардың 
әлеуметтік тапсырысын ескере отыра анықтау;  
–  материал  мазмұнын  аксиологиялық  тұрғыдан  іріктеу,  оның 
құрамдастарының  құндылықты  және  адамгершілік  аспектілеріне  көңіл 
аудару;  
–  оқу-тәрбие  міндеттерін  шешуде  өз  елінің,  қаласының,  ауылының 
тарихи және мәдени мұра материалдарын және деректерін пайдалану;  
– пәнді оқытуда өлкетану материалдарын қолдану, жергілікті дәстүрлер 
мен мәдени құндылықтарды ескеру;  
–  сәйкес  тақырыпты  қарастыру  үрдісінде  оқушыларды  елдің  өзекті 
проблемаларын, жергілікті мәселелерді шешуге және талқылауға тарту [5]. 
2018-2019 оқу жылында мектеп тәрбие жұмысының ерекшелігі «рухани 
жаңғыру»  идеясының  қоғамдық  сипатын  тұлғалық  бағдарға  ауыстыру. 
Бәсекеге  қабілеттілік,  прагматизм,  білімқұмарлық,  зердені  дамыту,  сананың 
ашықтығы,  эволюционизм,  ұлттық  сана  сынды  стратегияларды  жалпы 


42 
 
насихаттай  отырып,  жеке  оқушы  бойында  қалыптастыру  формалары  мен 
тәрбие тәсілдерін ойлап, табу қажет. Ол үшін жаңа оқу жылында педагогтар 
(сынып жетекшілері, тәлімгерлер, тәрбие меңгерушілері) арасында байқаулар 
ұйымдастырып,  оларды  ынталандыру  тетігін  жасаған  жөн.  Мектеп 
ұжымында  «тұрмысты  сана  билейді»  концепциясын  ендіру  арқылы 
саналылықтың  жоғары  шыңына  ұмтылу  алгоритмін  құру  керек. 
Адамгершілік 
және 
көшбасшылық 
қасиеттері 
жоғары 
азаматты 
қалыптастыру  ғаламдық  маңызы  бар  оқиғаларға  арналған  іс-шараларды 
кеңінен  өткізуді  міндеттейді.  Осыдан  келіп,  білім  мазмұнын  жаңарту 
жағдайында,  тәрбие  жүйесін  шығармашылықпен  басқару  ұстанымы 
туындайды. 
Сынып 
сағаттарын 
өткізу 
кезінде 
тәрбиенің 
жаңа 
технологиялары  мен  белсенді  формаларын  өнімді  пайдалану  ұсынылады. 
Ресурс  ретінде  классикалық  шығармаларды,  отандық  әдебиеттерді,  ұлттық 
поэзияны,  фольклорды,  кинематографты,  публицистиканы  т.б.  кеңінен 
қолданған жөн [6].  
Бала  тәрбиесінде  түрлі  деңгейдегі  білім  беру  ұйымдарымен,  жоғары 
оқу орындарымен, ата-аналар қауымдастығымен, мемлекеттік және қоғамдық 
ұйымдармен  ынтымақтастық  орнату  арқылы,  олармен  тығыз  қарым-
қатынаста  болған  жөн.  Кәсіби  шеберліктің  шыңындағы  жандармен,  халық 
қалаулыларымен, 
қоғам 
қайраткерлерімен, 
ұлт 
көшбасшыларымен 
кездесулер  ұйымдастыру;  өндіріс  орындары  мен  мекемелердің  қызметімен 
танысу экскурсиялары оқушының өз болашағын бағдарлауына, кәсіби таңдау 
жасауына оң ықпал етеді. Бұл – балалардың бойында жаһандану жағдайында 
табысты  өмір  сүрудің  бірден  бір  шарты  –  дербестік,  еркін  ойлау  және 
тәуелсіздікті қалыптастырады. Осы ретте «Назарбаев Зияткерлік мектептері» 
ДБҰ,  «Бөбек»  ҰҒПББСО  тәрбие  жұмыстарының  тәжірибесін  ендіру 
тиімділігі  жоғары.  Мәселен:  «Шаңырақ»  оқушылар  қауымдастығы,  «Туған 
елге  тағзым»  өлкетану  зерттеу  экспедициясы,  әлеуметтік  практикалар, 
еріктілер  қоғамы  (волонтерлық  бастама),  әлеуметтік  акциялар,  зияткерлік 
ойындар  және  т.б.  Бұл  іс-шаралар  баланың  талабы,  бейімі,  ынтасына  қарай 
сараланады.  Нәтижесінде,  оқушыны  ортаға  бейімдеуден,  ортаны  оқушыға 
ылайықтандыру  қағидасына  ауысамыз.  Міне,  осы  іс-әрекеттердің 
жиынтығынан  тәрбие  жүйесін  тиімді  басқарудың  келесі  шарты  –  оқушыны 
психологиялық-педагогикалық  қолдау  ұстанымы  шығады.  Айналасының 
қолдауын  сезінген  бала  қиялымен  ғарыштарға  самғап,  жайлы  ортадан  оңай 
шығып, тәуекелшіл болады; сондай-ақ, жоғары мақсаттар қойып, ұлы істерді 
атқаруға дайын болады. «Балам дейтін елі болса, елім дейтін бала өсер» деген 
халық  даналығын  білім  беру  ұйымдарында  жаппай  қолдану  –  қазақстандық 
патриотизмді қалыптастырудың маңызды қадамы болуы тиіс.  
Орта  білім  беру  ұйымдарындағы  тәрбие  үрдісінің  гуманизм, 
жалпыадамзаттық,  этникалық,  табиғисәйкестік,  мәденисәйкестік,  тұтастық, 
үздіксіздік  сынды  қолданыстағы  қағидаларын  негізге  ала  отырып,  тәрбие 
жүйесіне  жоғарыда  анықталған  жаңа  ұстанымдарды  енгізу  2018-19  оқу 
жылының  басқару  стратегиясы  ретінде  белгіленді.  Тәрбие  жұмысының 


43 
 
басым  бағыттары:  қазақстандық  патриотизм  және  азаматтық  тәрбие, 
құқықтық  тәрбие;  рухани-адамгершілік  тәрбие;  ұлттық  тәрбие;  отбасы 
тәрбиесі;  еңбек,  экономикалық  және  экологиялық  тәрбие;  көпмәдениетті 
және  көркем-эстетикалық  тәрбие;  зияткерлік  тәрбие,  ақпараттық  мәдениет 
тәрбиесі; дене  тәрбиесі,  салауатты өмір  салты  тұтас педагогикалық үрдістің 
өзегі  болғанда  оң  нәтиже  береді.  «Тәрбиенің  тұжырымдамалық  негіздері» 
концепциясында  (2015)  оны  іске  асыру  тетіктері  және  критерийлері 
ұсынылған. Мәселе – тәрбие бағыттарының тиімділігін өлшеу құралдарының 
жасалмағандығында.  Өзектілігі  жоғары  осы  іс-шара  орта  мектептің  тәрбие 
жүйесін  басқару  мамандары  командасының  шығармашылығы  мен 
бастамашылдығын 
және 
ғылыми-әдістемелік 
қауымдастықтың 
ынтымақтасуын күтуде [7].    
Білім  мазмұнын  жаңарту  жағдайында  тәрбие  жүйесін  басқару  оның 
тұжырымдамалық  негіздерін  іске  асырумен  шартталады.  Ол  нормативтік-
құқықтық  қамтамасыз  ету,  ақпараттық  қамтамасыз  ету,  ғылыми-әдістемелік 
қамтамасыз  ету,  материалдық-техникалық  қамтамасыз  ету,  кадрлық 
қамтамасыз  ету  және  ұйымдастыру-басқарушылық  қамтамасыз  етуді 
құрайды.  Орта  білім  беру  ұйымдарының  басшылығына  жаңа  оқу  жылында 
келесі іс-шараларды нәтижелі және толыққанды жүзеге асыру жүктеледі: 

тәрбие жұмысын оңтайлы жоспарлау,  

сыныптардың тәрбие қызметін үйлестіру, 

негізгі және қосымша білім беру мазмұнын кіріктіру негізінде біртұтас 
оқу-тәрбие кеңістігін құру, 

тәрбие  үрдісіне  мониторинг  жүргізу,  оған  қатысушылардың  пікірін 
зерделеу, 

тәрбие жұмысының тиімді тәжірибесін жинақтау, талдау және тарату, 

инновациялық қызметті қолдау

отбасы тәрбиесінің әлеуетін күшейту.  
Білім  мазмұнын  жаңарту  жағдайында  білім  беру  ұйымдарының 
типтеріне  сай  тәрбиелеу  жүйесін  басқару  ерекшеліктеріне  тоқталайық. 
Инклюзивті тәрбие беруді басқару. Ерекше білім қажеттігі бар оқушыларды 
тәрбиелеу  үшін  педагогикалық  ұжым  инклюзивті  білім  беру  қағидаларын 
меңгерулері  тиіс:  адами  құндылық оның қабілеті  мен  жеткен жетістіктеріне 
байланысты  емес;  әрбір  адам  сезінуге  және  ойлауға  қабілетті;  әр  адамның 
қарым-қатынас  жасауға,  тыңдалуға  құқығы  бар;  барлық  адамдар  бірін-бірі 
қажет  етеді;  шынайы  білім  беру  нақты  контекстегі  қарым-қатынас 
жағдайында  ғана  жүзеге  асуы  мүмкін;  барлық  адамдар  құрдастарының 
қолдауы  мен  достығына  мұқтаж;  барлық  оқушылардың  табысты  болуға 
ұмтылуға  қақысы  бар;  адам  өмірінің  барлық  жағын  алуан  түрлілік  күшейте 
түседі.  Мектеп  әкімшіліктері  жылына  бір  рет  әр  параллель,  сыныптарда 
инклюзивті  білім  берудің  идеологиясын  түсіндіру,  адамгершілікке, 
толеранттылыққа  тәрбиелеу  мақсатында  ата-аналар  жиналысын  өткізулері 
міндетті. Жиналыс тақырыбы мен өткізу форматын әр мектеп өзі анықтайды. 


44 
 
Қашықтықтан  тәрбие  беруді  басқару  Білім  беру  ұйымдары  ҚР  БжҒМ 
Экстернат  нысанында  оқыту  ережесі  (2016ж.,  №  61  бұйрық),  Тәрбиенің 
тұжырымдамалық  негіздері    (2015),  Мектептегі  оқыту  процесінің  тәрбиелік 
бағыттылығын  дамыту  (2013)  негізінде  оқу-тәрбие  үрдісін  қашықтықтан 
тәрбие  беру  технологиялары  (ҚТБ)  бойынша  өз  бетінше  іске  асыра  алады. 
ҚТБ  қағидалары  барлық  білім  беру  деңгейлерінде  мүмкіндіктері  шектеулі 
тұлғалар,  оның  ішінде  мүгедек  балалар,  I  және  II  топтағы  мүгедектер,  бала 
кезінен  мүгедек  болып  табылатын  балалар  үшін  қолданылады.  Оларды 
психологиялық-педагогикалық  сүйемелдеу  мамандар  командасы  арқылы 
жүзеге асырылады және ҚТБ өзіндік ерекшеліктері болады.  
Шағын 
жинақты 
мектептерде 
тәрбиелеу 
жүйесін 
басқару 
ерекшеліктері.  Тірек  мектептерінде  магниттік  мектептердің  оқу-тәрбие 
жоспары  негізінде  оқу-тәрбие  жұмысының  бірыңғай  жоспары  әзірленеді 
және  жүзеге  асырылады.  Жаңартылған  білім  мазмұны  жүйесіне  көшкен 
шағын  жинақты  мектептердің  және  тірек  мектептерінің  (ресурстық 
орталықтардың)  мұғалімдері  келесі  жұмыстарды  жүргізе  білуі  керек: 
оқушылардың  тұлғалық-белсенділік  бағытта  ілгері  дамуына  жағдай  жасау; 
білімін  өз  бетінше  жетілдіруге,  қабілетін  ашуға  және  өз  мүмкіндіктерін 
пайдалануға 
дайындау; 
психологиялық 
жайлылық 
және 
қолдау 
атмосферасын қалыптастыру; қойылған мақсатқа жетуге бағытталған аралық 
нәтижені бағалау. 
Мамандандырылған  білім  беру  ұйымдарында  тәрбиелеу  жүйесін 
басқару  ерекшеліктері.  Қоғам  өмірінің  барлық  салаларындағы  жаһандық 
өзгерістер,  ақыл-ой  қабілеттері  жоғары,  жаңа  заман  талабына  жауап  бере 
алатын,  шығармашыл,  дарынды  адамдардың  қажеттілігін  күшейтіп  отыр. 
Қазіргі  мамандандырылған  мектептер  балалардың  әлеуетін  барынша  ашу 
үшін  оларға  жағдай  туғызу,  табиғи  дарынын  дамытуды  көздейді. 
Оқушылардың  әлеуетін  ашу  үшін  жағдай  жасау,  шығармашыл  тұлға 
тәрбиелеу  және  дарындылығын  ересек  өмірде  іске  асыру,  білім  мазмұнын 
жаңарту  жағдайында  мамандандырылған  білім  беру  ұйымдарының  кезек 
күттірмес  міндетіне  айналады.  Дарынды  балалармен  атқарылатын  жұмыс 
мазмұны  әрбір  оқу  пәндері  аясында  анықталады,  алайда  бұл  мазмұнды 
айқындайтын  оқу  бағдарламаларын  іріктеудің  жалпы  талаптары,  мектептің 
ерекшелігіне  бағдарламаның  сәйкестігі  болып  табылады.  Жарияланғандар 
арасында 
мұндай 
бағдарлама 
болмаған 
жағдайда 
қолданыстағы 
бағдарламаларға түзетулер енгізілуі немесе авторлық бағдарламалар жасалуы 
мүмкін.  Мамандандырылған  білім  беру  ұйымдарында  жеке  және  топтық 
жұмыс  формасы  негізіндегі  проблемалық,  ізденушілік,  эвристикалық, 
зерттеушілік,  жобалау  жұмыстары  қолданылады.  Сабақтан  тыс  жұмыс 
түрлері  мен  әдістері  арасында  оқушылардың  сабақтан  тыс  зерттеушілік 
жұмыс  жүйесі,  түрлі  олимпиадаларға  және  конкурстарға  қатысуға  тарту, 
интеллектуалды марафон, сайыстар, мектептік ғылыми қоғамдар, кіші ғылым 
академиясы,  үйірмелер,  түрлі  факультативтер  дарынды  оқушыларды 
дамытуда  кең  мүмкіндіктерге  ие.  Мамандандырылған  мектеп  қызметтерінің 


45 
 
үлгілік  ережелері  (2013,  №289  бұйрық)  негізінде  қосымша  сағаттар 
белгіленген:  

оқушылардың  зерттеушілік  қызығушылығын  дамыту  үшін  әрбір 
бейіндік пән бойынша әр сыныпқа аптасына 4 сағат есебінен қаражат; 

оқушылардың  шығармашылық  және  зерттеушілік  қызметін  дамыту 
бойынша жеке сабақтан тыс жұмыстар үшін әр сыныпқа 0,25 ставка бөлінеді

дарынды  балалар  үшін  мектепке  жылына  1500  сағат  есебінен  жоғары 
білікті мамандармен шарттық негізде жекелеген курстар мен дәрістерге ақы 
төлеу үшін қаражат бөлінеді; 

ерекше  дарынды  оқушылармен  бағдарламаларды  жеделдетіп  өткізуді 
ұйымдастырған  жағдайда  әр  міндетті  пән  бойынша  0,25  ставка  мөлшерінде 
қаражат бөлінеді; 

ақылы қосымша білім беру қызметтерін көрсетеді; 

білім алушылардың оқу-тәрбие қызметін тиімді ұйымдастыру үшін 10 
сынып-комплектіге  психологтың  1  ставка  есебінен  психологиялық  қызмет 
құрылады,  егер  сынып-комплектінің  саны  көбейтілсе,  психологтың  ставка 
мөлшерінің  саны  тиісті  жылға  қарастырылған  жалақы  қорына  байланысты 
көбейтіледі.  
Кешкі  мектептердегі  оқу-тәрбие  жұмысының  тәрбиелеу  жүйесін 
басқару  ерекшеліктері.  Кешкі  мектеп  және  күндізгі  мектептер  жанындағы 
кешкі бөлімдерде күндізгі оқу (сыныпта 15 бен 18 жас аралығында 20 білім 
алушы),  сырттай  оқу  (10-15  білім  алушы)  және  сырттай  жеке  оқу  тобы 
(сыныпта 9 білім алушы) бойынша жүзеге асырылады. Ерекше жағдайларда 
және  талапқа  сай  шарттар  болған  жағдайда,  кешкі  мектепте  қашықтықтан 
оқыту  технологиясы  жүзеге  асыруы  мүмкін.  Қатаң  және  ерекше  тәртіптегі 
жабық мекемелер жанындағы кешкі мектептерде сыныптағы оқушы саны 10 
адамнан аспайды, топқа бөліп оқыту жүргізілмейді. 
Кешкі мектепте технология, бейнелеу, дене тәрбиесі сабақтарын оқыту 
қарастырылмағандықтан, бұл олқылықты пәндердің мазмұнымен толықтыру 
көзделеді.  Кешкі  мектептің  ерекшеліктерінің  бірі  –  «қиын»  балалармен 
жұмыс.  Олар  жұмысқа  қабілеттерінің  төмен  болуы,  оқуға  ынтасының 
болмауы  мен  тәртіпсіздігімен  ерекшеленеді.  Тәрбие  жұмысының  басым 
бағыттары:  қазақстандық  патриотизм  мен  азаматтылыққа  тәрбиелеу, 
құқықтық  тәрбие,  тарихи  таным,  ұлттық  дәстүр  мен  мәдениет,  әлеуметтік 
әрекеттестік  дағдыларын  дамыту,  «Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық  идеясы 
негізінде  азаматтық  және  құқықтық  жауапкершілікті  дамыту;  рухани-
адамгершілік тәрбиесі; салауатты өмір салты; ұлтаралық толеранттылық пен 
қоғамдық  келісімге  құрылуы  тиіс.  Кешкі  мектепте  оқу-тәрбие  үрдісін 
жетілдіру  мақсатында  Әдістемелік  кеңес,  әдістемелік  бірлестіктер, 
психологиялық  және  әлеуметтік-педагогикалық  қызмет  құрылады.  Олардың 
қызметі  мектеп  Жарғысында  және  қолданыстағы  білім  беру  саласындағы 
заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады. 
Орта  білім  беру  ұйымдарында  оқу-тәрбие  үрдісін  ұйымдастырудың 
заманауи  тәсілдері  қолданылады.  Мектеп  әкімшілігі  осы  тәсілдерді 


46 
 
педагогикалық  ұжымның  толық  білуіне,  қолдануына  ықпал  етуі  және  озық 
тәжірибелерді таратуды қамтамасыз етуге мүдделі болуы тиіс.    


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет