Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет95/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

Бірінші бағыт: өлкетану жұмыстары                                                                                   
Атап  айтсақ:  білім  беру,  экология,  мәдени-тарихи  ескерткіштерді  тарихи 
қалпына келтіруді зерделеу. 
Екінші бағыт: туған жерді қолдау, өзің оқыған алтын ұя мектептің тарихын 
зерттеу, болашақ жас патриоттармен жұмыс. 
Үшінші бағыт: ақпараттық қолдау.   
Елбасының сындарлы саясатын жүзеге асыру мақсатында Еңбекшіқазақ 
аудандық балалар мен жасөспірімдердің туризм жіне экскурсия орталығы да 
келелі  үлес  қосуда.  Жүрегі  елім  деп  соққан  әр  азамат  «Туған  жер» 
бағдарламасын  жүзеге  асыруға  өз  үлесін  қосуы  керек.  Туған  жерге  деген 
перзенттік  парызым  ретінде,  бағдарламадағы  бағыттарды  қамту  мақсатында 
«Ұлы  дала  тұлғалары»  экспедициясының  тәжрибесін  негізге  ала  отырып, 
ұлттың  рухани  жаңғыруына  бастайтын  «Тарихы  терең,  табиғаты  көркем-
туған  өлкем!»,  «Туған  жер.  Алтын  ұя-мектебім!»  атты  жобаларды  қолға 
алдым.  Жоба  аясында  атқарылатын  жұмыстар  жоспары  түзілді.  Жобадағы 
зерттеу  нысаны  ауданымыздағы  Қаракемер  ауылындағы  Қ.Орымбетов 
атындағы  орта  мектебі.    Мектеп  тарихын  зерттеп,  болашақ  жас 
патриоттармен  жұмыс  істеуге  негізделген  жобаның  мақсаты  патриотизм 
арқылы әлеуметтік жауапкершілік, болашақта өз мектебін қамқорлыққа алу, 
ұрпақтар  сабақтастығы  өнегесін  көрсету.  Талай  ел  ағаларын,дүлдүлдерді 
тәрбиелеп  шығарған  қасиетті  қара  шаңырақ  бай  тарихқа  ие.  Мектептің 
түлектері  кең  байтақ  еліміздің  түкпір-түкпірінде  қарқынды  еңбек  етуде. 
Жоба  аясында    Қ.Орымбетов  орта  мектебінде  «Туған  жерге  тағзым»  атты 
мектептің  әр  жылғы  түлектерімен  кездесу  откізілді.  Кездесуге  ҚР  Білім 
министрлігі  жанындағы  «Жас  патриоттар»  Академиясының  Президенті 
Битуова Тілдаш Рысқұлбековна, «Балдәурен» РОСО Қапшағай қаласындағы 
филиалының    директоры  Баржақсымов  Берік  Қадырбекұлы,  мектепті  әр 
жылы түлектері қатысты.                                                                                                     
Ақмола  облысы,  Щучинск  қаласы  «Балдәурен»  РОСО  өткен 
Республикалық  «Жас  патриоттар»  Академиясының  «Патриотизм  –  рухани 
жаңғырудың  берік  іргетасы»  атты    кезекті    II  форумында  осы  жобаның 
презентациясын  жасады.  Форумға  Қ.Орымбетов  орта  мектебінің  «Жас 
қыран» патриоттық клубының жетекшісі Б.А.Балтешов, клубтың екі мүшесі 
де  барды.  Тәжрибелі  ұстаздың  еңбегі  жоғары  бағаланып,  форумда 
қабылданған  резолюциямен  іс-тәжрибесі    республика  көлеміне  таратылды. 
Жоба бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Қ.Орымбетов мектебінің 
патриоттар клубының жұмысы да насихатталып, таратылатын болды. Форум  
делегаттарына  сертификаттар табысталды.        
 


202 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет