Құрамы 1 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат 0,5 мг оксиметазолин гидрохлориді



Дата23.07.2016
өлшемі63.42 Kb.
#216796
түріҚұрамы







Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Mедициналық және

фармацевтикалық қызметті

бақылау комитеті Төрағасының

2016 жылғы “12” қаңтарда

№ 112 бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН


Дәрілік затты медициналық қолдану

жөніндегі нұсқаулық

НАЗИВИН®
Саудалық атауы

Називин®


Халықаралық патенттелмеген атауы

Оксиметазолин


Дәрілік түрі

0,05  мұрын спрейі


Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында



белсенді зат – 0,5 мг оксиметазолин гидрохлориді,

қосымша заттар: лимон қышқылының моногидраты, натрий цитрат дигидраты, глицерол (85 %), бензалконий хлориді (50 % ерітіндісі), тазартылған су.
Сипаттамасы

Мөлдір дерлік, түссізден сәл сарғыш түске дейінгі ерітінді.


Фармакотерапиялық тобы

Мұрын ауруларын емдеуге арналған препараттар. Деконгенстанттар және жергілікті қолдануға арналған басқа да препараттар. Симпатомиметиктер. Оксиметазолин.

АТХ коды R01АА05
Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Мұрынға бүркуден кейін оксиметазолиннің әсері тез (бірнеше минуттың ішінде) басталады. Називин® әсер ету ұзақтығы 12 сағатқа дейін. Жартылай шығарылу кезеңі 1,5 тәулікті құрайды. Препараттың негізгі бөлігі бүйрекпен, қалғаны нәжіспен сыртқа шығарылады.



Фармакодинамикасы

Називин® препаратының белсенді заты – оксиметазолин альфа2-адренорецепторларға тікелей стимуляциялайтын әсері бар симпатомиметик болып табылады. Спрейді жергілікті қолданған кезде мұрынның шырышты қабығындағы қан тамырлары тарылып, мұрынжұтқыншақ шырышты қабығының ісінуі мен гиперемиясы жойылады. Ринит кезінде мұрынмен дем алуды жеңілдетеді.

Шырышты қабықтың ісінуі басылғаннан кейін мұрынның қосалқы қойнаулары, есту түтігін аэрациялау үшін шығару каналдары ашылып, кеңейеді.

Бұл мұрын қуыстарының дренаждық функциясын стимуляциялайды және бактериялық асқынулардың дамуын болдырмайды.

Белсенді заттардың вирусқа қарсы, иммунтүрлендіруші және антиоксидантты әсері дәлелденген. Вирустармен жұқпаланған өсірінді жасушаларды пайдалана отырып жүргізілген зерттеулер оксиметазолиннің вирусқа қарсы әсерін көрсеткен (терапиялық тәсіл). Әсер етудің бұл себеп-салдар механизмі суық тию мен тұмауды туындататын вирус белсенділігін басудың көмегімен, түймедақтарды азайту тестін, сондай-ақ вирустық цитопатогендік әсерін тежеу (ЦПД/zpE) тестін пайдалану арқылы қалдық инфекциялық (вирустарды титрлеу) анықтауға негізделген.

Қолданылуы


  • ринитпен байқалатын (мұрынның бітелуі) жедел респираторлы ауруларда

  • аллергиялық ринитте

  • вазомоторлық ринитте

  • мұрын қуысы қосалқы қойнауларының қабынуы кезінде секреция дренажын жақсартуда (синуситте)

  • ринитпен астасқан евстахиитте

  • диагностикалық емшаралар алдында мұрын қуысы шырышты қабығының ісінуін қайтаруда


Қолдану тәсілі және дозалары

0,05  Називин® спрейі мұрын ішіне қолдануға арналған

0,05  Називин® спрейі ересектерге және мектеп жасындағы балаларға (6 жастан және одан үлкен) әрбір мұрын жолына күніне 2-3 рет 1 бүркуден тағайындалады.

Құрамында оксиметазолин бар мұрын спрейін, егер емдеуші дәрігер басқаша тағайындамаса, 5-7 күннен артық қолдануға болмайды.

Препаратты қолданудың кез келген қайталау курсы алдында бірнеше күндік ем жүргізілмейтін уақыт болуы тиіс.

0,05 % Називин® бір реттік дозасын тәулігіне 3 реттен жиі қолдануға болмайды.


Жағымсыз әсерлері

Жиі ( ≥ 1%-дан < 10% дейін):

Жиі емес (≥ 0,1%-дан < 1% дейін):

  • шырышты қабықтың домбығуы және ісінуі (мұрынның бітелу сезімі) анағұрлым қарқынды болуы мүмкін (реактивті гиперемия).

  • жоғары сезімталдық реакциялары (ангионевроздық ісіну, бөртпе, қышыну).

Сирек (≥ 0,01 %-дан < 0,1% дейін):

  • жүрек қағуының жиілеуі, тамыр соғуының жиілеуі және артериялық қысымының жоғарылауы


Өте сирек 0,01% және бірлі-жарым жағдайлар:

  • мазасыздық, ұйқысыздық, шаршау (ұйқышылдық, тыныштандыратын әсері), бас ауыру, елестеулер (әсіресе балаларда)

  • аритмиялар


Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • оксиметазолинге немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық

  • 0,05% Називин® спрейі 6 жасқа дейінгі балаларға қолданылмауы тиіс.


Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Моно-амино-оксидаза (МАО) тежегіштерімен және үшциклді антидепрессанттармен бір мезгілде қолдануға болмайды, артериялық қысым жоғарылауы мүмкін.

Қан тамырларын тарылтатын басқа препараттармен бірге тағайындау жағымсыз әсерлердің даму қаупін арттырады.
Айрықша нұсқаулар

Препаратты ұзақ пайдалануды және артық дозалауды болдырмаған жөн. Тамыр тарылтатын препараттарды ұзақ немесе жиі қолдану препарат тиімділігінің азаюына алып келеді, сондай-ақ оларды дұрыс қолданбау мұрын шырышты қабығының атрофиясы мен ісінуін туғызуы мүмкін.

Оксиметазолинді созылмалы ринитті емдеуге тағайындаған кезде мұрын шырышты қабығының атрофиясы қаупін болдырмас үшін тек дәрігердің бақылауымен ғана қолдануға болады.

Имидазолин туындылары жоғары дозада жиі қолданған кезде мұрын жолдарының реактивтік іркілуіне (бітелуі) әкелуі мүмкін. Сондықтан препарат ем басталғаннан кейін 5-7 күннен артық қолданылмайды.



Мынадай жағдайларда бұл препаратты оны қолданудың қаупі мен пайдасын мұқият бағалаудан кейін ғана қолдануға болады:

  • моноаминоксидаза тежегіштерімен (МАО тежегіштерімен) және басқа да қан қысымын жоғарылататын қабілеттілігі бар препараттармен емдеуден өтіп жатқан пациенттер

  • көзішілік қысымның жоғарылауы, әсіресе жабық бұрышты глаукома

  • ауыр жүрек-қан тамырлары аурулары (мысалы, коронарлық ауру, гипертензия)

  • феохромоцитома

  • метаболизмдік бұзылулар (мысалы, гипертиреоз, диабет)

Жүктілік және лактация

Жүктіліктің бірінші триместрі бойы препаратты қабылдаған әйелдердің шектеулі санынан алынған деректер жүктілікке немесе ұрыққа/жаңа туған нәресте денсаулығына әсер етуі мүмкін болатын оксиметазолин әсері салдарынан қандай болмасын жағымсыз реакциялар дамуын көрсетпеген. Жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолданғанда ұсынылған дозадан асырмаған жөн.



Дәрілік заттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Називин® препартын ұсынылатын дозадан артық мөлшерде ұзақ уақыт қолданғаннан кейін жүрек-қантамыр жүйесіне және орталық жүйке жүйесіне жалпы әсер етуін жоққа шығаруға болмайды. Мұндай жағдайларда көлік құралын немесе жабдықты басқару қабілеті төмендеуі мүмкін.


Артық дозалануы

Симптомдары: қарашықтың тарылуы, жүрек айну, құсу, цианоз, температураның жоғарылауы, тахикардия, аритмия, коллапс, жүрек қызметінің бәсеңдеуі, артериялық гипертензия, өкпе ісінуі, тыныс алудың бұзылуы. Бұдан басқа, психикалық бұзылулар, сондай-ақ ұйқышылдықпен, дене температурасының төмендеуімен, брадикардиямен, артериялық гипотензиямен, тыныс алудың тоқтап қалуы және команың даму ықтималдығымен қатар жүретін орталық жүйке жүйесі функциясының бәсеңдеуі пайда болуы мүмкін.

Емі: белсендірілген көмір қабылдау, асқазанды шаю, өкпені оттегімен желдету. Қан қысымын төмендету үшін – тұзды (физиологиялық) ерітіндідегі 5 мг фентоламинді к/і баяу енгізеді немесе 100 мг ішу арқылы қабылданады. Вазопрессорлық дәрілерді қолдануға болмайды. Егер қажет болса, қызба симптомдарын төмендету үшін дәрілер және құрысуға қарсы ем тағайындау қажет.
Шығарылу түрі және қаптамасы

10 мл-ден бүркігіші бар бұрандалы ақ полиэтилен қақпақпен жабылған ақ полиэтилен құтыда. Құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.



Сақтау шарттары

25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі

3 жыл


Алғашқы ашылуынан кейінгі қолдану кезеңі 12 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.


Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз


Өндіруші/Қаптаушы

Мерк КГаА, Германия

Frankfurter Strasse 250

D-64293 Darmstadt


Тіркеу куәлігінің иесі

Мерк Зельбстмедикатион ГмбХ, Германия


Қаптаушы ұйымның атауы мен елі

Мерк КГаА, Германия


Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Takeda Osteuropa Holding GmbH» (Австрия) компаниясының Қазақстандағы өкілдігі

050040 Алматы қ., Шашкин к-сі 44

Телефон нөмірі (727) 2444004,



Факс нөмірі (727) 2444005

Электронды поштасы DSO-KZ@takeda.com

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет