Құрамы 100 мл шәрбаттың құрамында



жүктеу 32.7 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі32.7 Kb.







Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және

фармацевтикалық қызметті

бақылау комитеті Төрағасының

2014 ж. “ 17 ” 02

№ 118 бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН


Дәрілік заттың медицинада қолданылуы

жөніндегі нұсқаулық
Пертуссин

Cаудалық атауы

Пертуссин



Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ
Дәрілік түрі

100 мл шәрбат
Құрамы

100 мл шәрбаттың құрамында



белсенді заттар: тасшөптің сұйық сығындысы 7.35 г, жұпаргүлдің сұйық сығындысы 7.35 г немесе 14.7 г тасшөп және жұпаргүлдің сұйық сығындысы,

қосымша заттар: калий бромиді, қант, этанол, 100 мл дейінгі тазартылған су.
Сипаттамасы

Шикізат түріне сәйкес өзіндік хош иісі бар, сарғыш қоңырдан күңгірт-қоңыр түске дейінгі, шәрбат тәріздес сұйықтық.


Фармакотерапиялық тобы

Қақырық түсіретін препараттар. Қақырық түсіретін препараттар біріктірілімі.

ATХ коды R05CA10

Фармакологиялық қасиеттері


Біріктірілген препарат, қақырық түсіретін әсері бар, онысы тасшөп және жұпаргүл сығындылары құрамында калий бромидімен біріктірілгенде күшейе түсетін эфир майларының болуына байланысты. Емдік әсерін тасшөп және жұпаргүлдің сұйық сығындылары құрамындағы фенолдар –

тимол және карвакрол, сондай-ақ басқа да терпендік қосылыстары басым эфир майлары береді. Пертуссин айқын қақырық түсіретін және қабынуға қарсы әсері бар, жоғары тыныс жолдарының кірпікті эпителийінің қозғалыс белсенділігін көтермелейді, шырышты қабықтың секреторлық бөлінулері мөлшерін арттырады және қақырықты сұйылтып, оның шығарылуын жылдамдатады. Препараттың спазмолитикалық әсері тасшөп пен жұпаргүл шөбінде флавоноидтердің болуына байланысты. Калий бромиді ОЖЖ жүйесінің қозуын төмендетеді.



Қолданылуы


ретінде)

  • көкжөтелде



Қолдану тәсілі және дозалары


Ішке. Ересектерге 1 ас қасық күніне 3 рет. Емдеу курсы 5-7 күн.

Жағымсыз әсерлері




Қолдануға болмайтын жағдайлар


  • аса жоғары сезімталдық

  • декомпенсацияланған созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (СЖЖ)

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

  • бауыр аурулары

  • маскүнемдік

  • ми аурулары – эпилепсия, бассүйек-ми жарақаты



Дәрілермен өзара әрекеттесуі


Қажет болғанда Пертуссин жөтелге қарсы дәрілермен біріктіріліп тағайындалады.
Айрықша нұсқаулар

Қант диабеті кезінде сақтықпен қолдану керек.



Препараттың автокөлік және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат құрамында этил спирті болғандықтан, көлікті немесе қозғалатын механизмдерді басқару кезінде сақ болған жөн.




Артық дозалануы


Анықталмаған

Дәрілік түрі және қаптамасы


100 мл-ден бақылау сақинасы бар бұрандалы металл қалпақшамен тығындалған, шыны массадан жасалған құтыда.

Әр құтыға заттаңбалық және жазу қағазынан жасалған заттаңба жапсырылады.

Құтылар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі

4 жыл


Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз


Өндіруші

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882
Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы


Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,

Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы standart@santo.kz





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет