Құрамы мен құрылымы және оның экономикалық маңызы


«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің активтерінің аудиті



бет7/7
Дата17.06.2016
өлшемі0.62 Mb.
#141476
1   2   3   4   5   6   7

3.3. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің активтерінің аудиті.
Аудитті жүргізудің нормативті-құқықтық базасы

Аудиторлық зерттеуді жүргізуде аудиторлар келесі аталған заңды нормативті актілерді басшылыққа алды:

1.«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының №234-III заңы.

2.Аудиторлық қызмет туралы заң Алматы, 2006 жылғы 5 мамырдағы №139-№III

3.Халықаралық қаржылық есеп берудің стандарттары 200 жыл және т.б.

Негізгі құралдарды сақтау, есепке алу және пайдалану ескерткіштерінің оның аудитінің мақсаты туындайды. Яғни аудитінің мақсаты – негізгі құралдардың сақталу орындары бойынша ішкі және сыртқы қозғалыстарының құнына, пайдалы қызмет ету мерзіміне енгізілген өзнерістерінің дер кезінде бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілгендігін және оларды қорытынды есептегі мәліметтерімен сәйкестігін тексеру болып табылады. Аудитор алдына қойған мақсатына жету үшін тексеруді талап етететін басты міндеттерді анықтап алуға тиіс.

Негізгі құралдардың сақталу, есепке алу және пайдалану есебінің аудитінің басты міндеті:

 негізгі құралдардың нақты қолда барлығына және сақталуына бақылаудың қамтамасыз етілгендігін;

 еңбек құралдарының негізгі құралдарға дұрыс жатқызылғандығын, олардың жіктелуі, меншіктік қатынасы және өндріс үрдісіне қатысу сипаты бойнша топталғандығын;

 есепте негізгі құралдардың дұрыс бағаланғандығын;

 есепте негізг құралдардың кіріс және шығыс операцияларының дұрыс көрсетіліп құжатталғандығын;

 есепте негізгі құралдарға тозудың және жөндеудің дұрыс есептеліп құжатталғанжығын;

 негізгі құралдардың дұрыс және тиімді пайдаланылғандығын;

 бухгалтерлік енсеппен қорытынды есепте нақты қолда бар негізгі құралдардың және олардың қозғалысы туралы мәліметтердің дұрыс көрсетілгендігін тексеру болып табылады.

Аудитордың міндеті қолда бар негізгі құралдардың сақталуын бақылаудың қалай ұйымдастырылғандығын тексерумен шектелмейді. Оларды сақтауды қамтамасыз етуге байланысты атқарылған іс-шараларды да тексеруге міндетті.

Ол үшін шаруашылықтың басшылығының бұйрығымен негізгі құралдардың сақталуына жауап беретін материалды жауапкершілікті тұлғаның тағайындалғандығын: тағайындалған тұлғалармен олардың толық материалды жауапкершілігі туралы жазбаша шарт жасалғандығын; негізгі құралдардың сақталуына тексеру жүргізетін тұрақты жұмыс істейтін түгендеу комиссиясының тағайындалғандығын; жылдық қорытынды қаржылық есеп жасаудың алдында түгендеу жүргізілгендігін; түгендеудің нәтижесінің дұрыс құжатталғандығын және оны қарау мерзімінің сақталғандығын; негізгі құралдардың кем шығу, жоғалған, бүлінген фактілер орын алған жағдайда кінәлі тұлғаларына қандай әкімшілік шаралары қолданылғандығын анықтауға міндетті.

Аудитор жоғарыда аталған басты міндеттерді тиянақты орындау үшін негізгі құралдардың сақталу және пайдалану есебінің аудитінің бағдарламаларына жасауға тиісті.

Бағдарламада тексерілетін мәселелер, жоспарланған аудиттің іс-әрекеттері, ақпарат көздері және тексеру мерзімі анықталуы тиіс. Отандық және шетелдік авторлардығ жасаған бағдарламаларына сүйене отырып, негізгі құралдардың сақталу және пайдалану есебінің аудитінің бағдарламасы мынадай мәселелерді қамтиды:



  • баланстың көрсеткіштерінің, бас кітап, есеп регистрларындағы және машина жазбалардағы мәліметтермен сәйкестігін тексеруді;

  • негізгі құралдардың аналитикалық және синтетикалық есебінің дұрыс жүргізілгендігін тексеруді;

  • негізгі құралдарды сақтау, пайдалану орындарындағы нақтылығын және оларға бақылаудың қамтамасыз етілгендігін тексеруді;

  • негізгі құралдардың ішкі және сыртқы қозғалыстарының дұрыс құжатталғандығын тексеруді;

  • негізгі құралдардың дұрыс топталып сыныпталғандығын тексеруді;

  • негізгі құралдарды бағалау және сыртқы қозғалыстарының дұрыс құжатталғандығын тексеруді;

  • негізгі құралдарды кіріске алу және шығыс жасау операцияларының дұрыстығын тексеру;

  • негізгі құралдарға тозу есептеу және амортизациялану операцияларының дұрыстығын тексеру;

  • негізгі құралдарды жөндеуге (күрделі ағымдағы) жұмсалған шығындардың негізділігін және олардың бухгалтерлік есеп шоттарында дұрыс көрсетіліп таратылғандығын тексеруді;

  • негізгі құралдардың техникалық жағдайын және олардың тиімді пайдалануды тексеруді;

  • негізгі құралдарды сақтандыру және оларға салық есептеу операцияларының дұрыстығын тексеру.

Негізгі құралдарды, аудитордың бағдарлама көрсетіп отырғандай, алдымен олардың баланста дұрыс көрсетілгендігін тексеру үшін 2410 «Негізгі құралдар», 2420 «Негізгі құралдардың тозуы» бөлімшелерінің құрамына енген синтетикалық шоттарындағы қалдықтарының Бас кітаптағы басқа есеп регистрларындағы, машина жазбалардағы көрсетілген мәліметтермен және аналитикалық есеп шоттарындағы көрсеткіштерінің қосындысының жиынтығы синтетикалық есеп шоттарындағы мәліметтермен сәйкестігін анықтау қажет.

Аудитордың тексеру бағдарламасы бухгалтерлік есеп жүргізуге, оның күшіндегі нормативтік-құқықтық актілерге сәйкестігін анықтауға, сондай-ақ қаржылық қорытынды есеп мәліметтерінің ақиқаттығын растауға бағытталған. Аудитор бағдарламада құралған әрбір тармақтардың ауқымын кеңейтіп, қаралатын мәселелерді толық қамтитын және ішкі бақылаудың

Аудитор шаруашылықтың басшысының негізгі құралдар нысандарын қабылдап, кіріске алуды жүзеге асыратын тұрақты жұмыс істейтін комиссия құру туралы бұйрығымен және қабылдау комиссиясы құрамымыен танысқаннан кейін, негізгі құралдардың кіріске алынуы көздерін анықтауы тиіс. Сондай-ақ, аудитор шаруашылықтың пайдалануына кіріске алынған негізгі құралдарды жаңартып және толықтырып отыру көздеріне аудит жүргізгенде мынадай мәселелерге ерекше назар аударуы тиіс:


  • күрделі қаржы салымына (жаңа ғимараттар, құрылымдар мен беріліс өткізгіш құрылғыларды салу, жаңа жабдықтарды сатып алу және оны орнату);

  • заңды және жеке тұлғалардан жаңа және бұрын пайдалануда болған негізгі құралдар нысандарының сатып алу ерекшеліктерінің сақталғандығына;

  • тауарл-материалды құндылықтарға айырбастау (бартерлік) жолымен алынған негізгі құралдарға;

  • заңды және жеке тұлғалардан төлем ақызыс тегін алынған жаңа және бұрын пайдалануда болған негізгі құралдарға;

  • құрылтайшыларының жарғылық капиталға қосқан үлесі ретінде алынған негізгі құралдарға;

  • түгендеу кезінде анықталған есепте жоқ (артық) негізгі құралдарға;

  • ұзақ мерзімге жалға алу жолымен алынған негізгі құралдарға.

Аудитор негізгі қралдардың келіп түсу кездеріне қарай дер кезінде кіріске алу құжаттары толтырылып тіркелгендігіне көз жеткізу керек.

Негізгі құралдарды кіріске алуды жүзеге асыратын шаруашылықтың басшысының бұйрығымен немесе өкімімен тағайындалған тұрақты жұмыс істейтін комиссияның құрамының түгелдей қатысып, оның құрамына әр түрлі саланың бас мамандары мен механиктерінің, құрылыс мамандарының, техникалық бөлімнің өкілдерінің, техникалық қауіпсіздендіру, мамандарының бухгалтерлердің ж.б. мамандық иелерінің қатыстырылғандығын анықтау қажет.

Аудитор нақты қолда бар негізгі құралдардың сақталуын тексеруге кіріскенде, олардың аналитикалық есебіне назар аударады. Яғни, әрбір негізгі құралдар нысандарының техника-экономикалық сипаттамасын, оның тұрған орнының, бастапқы құнын жүргізілген қайта бағалаудың нәтижелерін көрсетіп ашылатын мүліктік карточкаларының дұрыс толтырылғандығын және дер кезінде ашылғандығын, нақты қолда барлығын тексереді.

Негізгі құралдарды пайдалану барысында олардың құнына, пайдалы қызмет ету мерзіміне елеулі әсер еткен өзгерістерге байланысты қосымша сипаттамалар көрсетіледі. Мүліктік карточкаларындағы көрсетілген мәліметтер бастапқы құжаттарындағы мәліметтерін салыстыра отырып, негізгі құралдардың пайдалану және тұрған орындары бойынша қорытынды есеп ақпараттарындағы жағдайына сәйкестігін анықтауға болады. Аудитор шаруашылықтың қабылдап есепті ұйымдастыру нысанына қарамастан, аналитикалық есеп пен синтетикалық есеп регистраларының, есеп мәліметтерін өндеу үрдісін, олардың өзара байланысының жазылу дәйектілігінің сақталуына және қозғалыстарының бірыңғай типтік үлгідегі бастапқы есеп құжаттарында жазылып толтырылғандығын тексеру тиісті. Бастапқы құжаттарының реквизиттерінің бекітілген тәртіпке сәйкес толтырылғандығын, құжатты рәсімдеуге қатысқан жауапкершілікті тұлғаларының қойған қолдарының тұпнұсқалығын тексеруге тиісті. Кеткен кемшіліктер мен анықталған тәртіп түзу факторларына сілтеме жасалып, аудитордың қорытындысына көрсетілуі тиіс. Қажет болған жағдайда, аудитордың қарама-қарсы тесеру жүргізуді талап етуіне құқы бар. Аудитор негізгі құралдар нысандарының амортизацияланып тозу есебіне тексеру жүргізген кезінде мынадай мәселелерге назар аударуға міндетті:



  • есеп жүргізу саясатында қаралған тозу-есептеу тәртібінің сақталғандығына;

  • негізгі құралдарға тозу-есептеу ведомостының дұрыс толтырылып есептелгендігіне;

  • жолаушыларды және жүк тасымалдайтын автокөліктерге тозу есептеу ерекшеліктерінің сақталғандығына;

  • негізгі құралдауды кіріске алғанда және шығыс жасағанда тозу есептеу және оны тоқтату тәртіптерінің сақталғандығына;

  • пайдалы қызмет ету мерзімі бітуіне қарамастан, әлі өндіріске пайдаланып жүрген негізгі құралдарға тозу есептеудің жалғасуына немесе тоқтатылғандығына;

  • пайдалы қызмет еті мерзімінен бұрын істеп шығып, жарамсыз болып қалған есепте бар негізгі құралдарға тозу есептеудің жалғасуына.

Материалдық емес активтердің аудиті ретінде қалыптасуды, іс-жүзінлегі нақты қолда бар, құжаттарда көрсетілудің анық сенімділігін, пайдалы қызмет ету құны мен мерзімін бағалаудың шынайылығын, амортизациялық есептеудегі, істен шығарудың негізділігін, есепті ұйымдастыруды, оларды кәсіпорында қолданудың тиімділігін қолданудың тиімділігін ішкі бақылауды тексеру түсіндіріледі.

Аудитор бұл объектілерді тексергенде 38 ҚЕХС (Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары), 28 БЕС (Бухгалтерлік есеп стандарттары), ҚР-ның «Меншік туралы», «Тауарлық белгілер туралы», «Авторлық құқық туралы» және басқа құқықтық-нормативтік актілерді басшылыққа алады.



Қорытынды
Осы дипломдық жұмысты қорыта келе активтер есебіне талдау мен аудитті жүргенде кіріспеде көрсеткендей жоспарлау бойынша бөлімдер толық ашылды деп ойлаймын. Осыдан қорыта айтатын болсам: қандай бір ұйым және мекемелер табыс пен шығыссыз болуы мүмкін емес.

Аудиті кәсіпорынның іс-қызметінде де, мемлекеттік экономикасын басқарудың жалпы жүйесінде де өте зор мәнге ие болып келе жатыр. Өндіріс циклі шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық әлеуетінің өзгеше құрамдасы екенлігі белгілі, сондықтан әрбір кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен одан әрі экономикалық дамуы олардың есебінің дұрыстығына, тиімді қолдану мен кешенді бақылауына байланысты. Егер есептің көмегімен ақпарат көздері қалыптасатын болса, онда оның кешенді аудиті шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық процесстерін жоспарлау, ұйымдастыру және реттеу барасында жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді анықтауға және оны қайтадан болдырмауға мүмкіндік береді.

Өндіріс тиімділігін талдау мен кәсіби аудиттің жеткілікті дәрежеде әзірленбеу мәселесі оның біршама дайын нұсқасын нақтылауды ғана емес, сондай-ақ белгілі бір экономика секторының әр түрлі салаларындағы дағдырыс жиілігінде, нарық конюнктурасы өзгергенде және бәсеке деңгейінің болжап білуге болмайтын өзгеше жағдайларында оны ұйымдастырудың принциптік жаңа тәсілдемелерін әзірлеуді де талап етеді. Аудит пен қаржылық есептілік аудит және оның басқа да маңызды түрлері аумақтарда нарықтық экономиканың қалыптасуындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстармен мен шындыққа жанасымды ақпараттармен мүдделілік танытатын пайдаланушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

Кез келген ұймның мақсаты максималды түрде пайда табу болып табылады. Ал сауда ұйымдарының негізгі табыстылығы өнімді, тауарларды сатудан өткізуден түседі. Енді міне мен «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің қызметін сипаттай қорыта айтсам, ол-қоғам бірінші кезекте қажет ететін тауарлырды сатып алады да, нарықта өткізеді. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің тауарларды біздің отандық өндірушілермен қатар шетелден де алады. Оның шетелмен үнемі болатын шаруашылық операцияларының негізінде отандық жабдықтаушылармен болатын операцияларға қарағанда біраз ерекшеліктері пайда болады. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің баланс өтімділігі бар, бірақ дебиторлық берешектер уақытында қайтарылмаса қысқа мерзімді міндеттемелерін өтуге қиындық туғызу мүмкін. Сондықтан қолда бар ақша қаражаттарын дұрыс ұйымдастыру қажет деп осы дипломдық жұмысты қорытындылаймын. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің балансты талдау кезінде өтімділігі жоқ болып шықты активтердің өтімді болып табылуына және қаржылық тұрақтылықты сақтауға шаралар қолдану қажет. Сондықтан осы сияқты талдау нәтижелерін дұрыс пайдалану үшін есептік көрсеткіштерге аудиттік тексеру мен талдау жасалады.

Нарықтық экономика жағдайында, болатын қатал бөсекелестік күресте, табыс пен кәсіпорынды сақтап қалудың басты факторы болып, кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен қаржылық нәтижесі саналады, ол үшін осы аталған жайдың мәні туралы дер кезінде және сенімді ақпарат қажет. Тап осындай ақпараттың басым көпшілігі бухгалтерлік есептің еншісіне тиетіндігіне дау жоқ. Сондықтан да, бухгалтерлік есепті кейде бизнестің қаржылық тілі деп те атайды. Бұл арада қажет ақпартаттармен қамтамасыз ету көп жағдайда, бухгалтерия қызметкерлеріне жүктелетіндігі белгілі. Сонымен қоса, олар есепті оңайлатуға, салық жүйесінің талаптарын орындауға, нормативтік актілерді қатан сақтауға, басшыға берілетін мәліметтердің дәл және анық болуына жауапты болып келеді.

Экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда шаруаға қырсыздықпен қарауға кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің атқарар рөлі ерекше. Борыштардың қайтарылуының жинақталған көрсеткіші айналымдылы ғы қаржы болып табылады. Активтердің өтімділік көрсеткіштері, нақты ақша қаражаттарының сипаттайтын жылдамдығы, яғни бұл да, сол айналымдағы, активтер сапалық және өтімділік көрсеткіші оның айналымдылығы болуы мүмкін. Аудитор кезеңнің соңындағы активтердің ең соңғы мәліметтеріне назар аударады. Қысқа мерзімді активтер айналым көрсеткіштері бернеше кезеңдердің сала бойынша орташа шартта қаралған мәліметтермен салыстырылады. Нақты айналымның шарттың жағдайы бойынша есептен шығарылғаны мен салыстыру сатып алушылардың уақтылы төлеу дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді. Нақты айналымның шоттығыдан ауытқуы борышкерден қайтаруды талап етудің нашар жүргізілгендігін жауапты тұлғалардың жүргізген жұмыстарына қарамастан бұл сомаларды алудың қиынға түсуінің сатып алушының қаржысының тапшылығының салдарынан болуы мүмкін. Осымен жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болашақта ұзақ және қысқа мерзімді активтерді ұлғайтуға қаржы мамандары тәжірибе алмасуды қажет етеді. Және де балансты өтімді деңгейге жеткізуге және қаржылық тұрақтылықты сақтауға қажетті шараларды қолдануды талап етеді. Әрине қысқа және ұзақ мерзімді активтердің рөлі көп екендігін білеміз, сондықтан да қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына көшумен байланысты шетелдік тәжірибелі жұмыстары мен ғылыми жетістіктерді пайдалану және білікті, білімді мамандармен қамтамасыз етуге назар аударса жөн болар. Дипломдық жұмыстың жоспарында көрсетілген қарастырылатын сұрақтар толық ашылды деп қорытындылауға болады.



Қолданылған әдебиттер тізім


  1. «Бухгалтерлік есеп, қаржылық есеп беру туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының №234-ІІІ заңы

  2. Аудиторлық қызмет туралы Заң. Алматы, 2006 жылғы 5 мамырдағы №139 - № ІІІ.

  3. Халықаралық қаржылық есеп берудің стандарттары, 2006 ж.

  4. Бухгалтерлік есеп стандарттары. Қазақстан Республикасының Ұлттық Комиссиясы. Алматы, 1996-2003 ж.

  5. Қазақстандағы аудиттің халықаралық стандарттары. «Ішкі аудит қызметінің жұмыстарын қарастыруу» Т.1. Алматы, 2001 ж.

  6. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Алматы: «Бико», 2004ж.

  7. Абленов Д.О. «Аудит негіздері». Алматы: Экономика, 2003 ж.

  8. Абрютина М.С. «Финансовый анализ коммерческой деятельности» Финансовый менеджмент, Москва, «Фин пресс», 2002 г.

  9. Аренс А., Лоббек Дж. «Аудит»: Қаржы және статистика, 1995 ж.

  10. Әбдіманапов Ә.Ә. «Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері» - Алматы: АЙАН, 2001 ж.

  11. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә. Жумагалиева Ж.Ғ., «Аудит». Алматы, 2006 ж.

  12. Байдаулетов М. «Аудит», Алматы, 2004 ж.

  13. Баймұханова С.Б. Бухгалтерлік есеп, Маркет, Алматы, 2005 ж.

  14. Баймұханова С.Б., Жумагалиева Ж.Ғ. Аудит, Алматы, 2006 ж.

  15. Бочаров В.В. «Финансовый анализ», Питер, 2002 г.

  16. Дүйсенбаев К.Ш., Егенбердиева С.К. «Анализ финансовой устойчивости предприятия» // Библиотека бухгалтера и предпринимателя – 2004-№ е21.

  17. Дүйсенбаев К.Ш., Егенбердиева С.К., Дюсембаева З.К. «Аудит и анализ финансовой отчетности». Алматы: «Қаржы-қаражат», 1998 ж.

  18. Жумагалиева Ж.Ғ. Жаппарханова М.С. «Басқару есебі» Алматы, 2006 ж.

  19. Ержанов М.С. «Теория и практика аудита». Алматы, 2000 ж.

  20. Ефимова О.В. «Финансовый анализ». Москва, 2002 г.

  21. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері». Алматы: Экономика, 2006 ж.

  22. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. «Қаржылық есеп». Алматы: Экономика, 2001 ж.

  23. Қожамқұлов Т. «Еңбекті ұйымдастыру мен басқару тәсілдері». Алматы, Мектеп, 2002 ж.

  24. Көкенов У.Ж., Көкенова Ф.У. «Кәсіпорындардың бухгалтерлік есебі», Алматы, Рауан, 1992 ж.

  25. Міржақыпова С.Т. «Банктегі бухгалтерлік есеп» Алматы: Экономика, 2006 ж.

  26. Назарова В.О. «Бухгалтерлік есеп принциптері» Алматы: Экономика, 2005 ж.

  27. Сатмұрзаев А.А., Укашев Б.Е. «аудит теориясы», Алматы, 1999 ж.

  28. Салина А.П. «Принципы бухгалтерского учета» - Алматы: Экономика, 2003 г.

  29. Сержайтов К.А. «Как уменьшить налоги законными способами». Алматы, 1997 г.

  30. Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет: Учебное пособие». Алматы: Экономика, 2000 ж.

  31. Таштанова Н.Н., Жумабекова Г.Ж. «Учет нематериальных активов». //Бюллетень бухгалтера – 1997-№5.

  32. Тасмағанбетов Т.А. т.б. «Кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп». Алматы, Экономика, 2002 ж.

  33. Энтони Р.Дж.Рис. «Учет ситуаций и примеры» - М.: Финансы и статистика, 2003 г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет