ҚҰрамы павлодар Кереку 2010 Пікіржазғандар



бет6/6
Дата10.06.2016
өлшемі466 Kb.
#126447
1   2   3   4   5   6

Мас күйде жасалған қылмыс үшін жауаптылық

Маскүнемдік қоғамға көп залал келтіреді.

Маскүнемдік пен алкоголизм денсаулықты бұзады, еңбек және өндірістік тәртіпті ақсатады, еңбек өнімділігін, шығарған өнімнің сапасын төмендетеді, жаракат алдырады, отбасын бұзады, бала тәрбиесіне теріс ықпал жасайды, т.б.

Маскүнемдік қылмыскерлікпен тығыз байланысты.

Маскүнемдікпен күресте мәдени-тәрбиелік мәні бар, әкімшіліктік, экономикалық, медициналық, т.б. шаралар қолданылады. Маскүнемдікпен күресте мас күйінде қылмыс жасаған адамдардың жауаптылығы жайында қылмыстық-заң нормалары да маңызды рөл атқарады.

ҚК-тің 18 бабында «алкоголъді ішімдікті, есірткі заттарды немесе басқа да есеңгірететін заттарды пайдалану салдарынан мас күйінде қылмыс жасаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды» делінген.

ҚК-тің 18 бабында айтылған мас болудың мағынасына алкогольдік ішімдіктен мас болу да, есірткі заттарды немесе басқа есеңгірететін заттарды пайдаланып мас болу да жатады.

Есірткі заттарға есірткі заттары деп танылып, есірткілер тізіміне кірген заттар мен дәрі-дәрмектер жатады.

Есеңгірететін заттарға есірткілердің тізіміне кірмейтін заттар мен дәрі-дөрмектер жатады.

ҚК-тің 18 бабында «физиологиялық» (жай) мас болу туралы сөз бар. Физиологиялық (жай) мас болғанда психикалық қызмет біршама бұзылады, тежеуші орталықтың жұмысы әлсірейді, айналаны пайымдау мүмкіндігі нашарлайды, өзін- өзі бақылау қабілеті төмендейді.

Физиологиялық мас болу күйі адамды қоршаған жағдайды ұғыну, өз іс-әрекетін жалпы бағалау, оған ие болу қабілетінен айырмайды. Сондықтан бұл адамдар есі дұрыс деп танылады, себебі оларда есі дұрыс еместіктің медициналық жөне заңдық критерийлері жоқ.

Тіптен физиологиялық мас болудың ауыр дәрежесінде де қоршаған жағдаймен қандай да бір байланыс сақталады, өзінің іс-әрекетіне бақылау жасалынады. Мұндай адамдарда ой алжасуы болмайды."

Мас болу үш дәрежеге бөлінеді — жеңіл, орташа және ауыр.

Алкогольдік, есірткілік жөне уытқылық еліту жағдайында қылмыс жасау қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлардың тізіміне кіргізілген. Бірақ, сот, қылмыстың сипатына қарай, бұл мән-жайды ауырлататын деп есептемеуге құқылы.

Физиологиялық мас болудан патологиялық мас болуды ажыратып алу қажет. Патологиялық мас болу дегеніміз — қатты, аз уақытқа психологияның бүзылуы. Патологиялық мас болғанда сананың дертті өзгерісі салдарынан кенеттен сандырақ, елес пайда болады, адам бағдардан айырылады, нақты шындықпен байланысты жоғалтады, себепсіз үрейленеді, ашу пайда болады. Дүлей әрекеттерді кенеттен, қатыгездік пен жасайды және талқандап бүлдіруге бейім болады. Патологиялық мас болу алдын ала соған итермелейтін факторлар (қажу, үрейлену, мазасыздану, т.б.) болғанда туындайды және ол алкогольді қанша қабылдағанға байланысты емес

Қылмыстық заңда көзделген қылмысты патологиялық мас болу жағдайында жасаған адам есі дұрыс емес деп танылады. Патологиялық мас болу жағдайында адам, өзінің психикасының уақытша бұзылуы себепті, өз әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғыну және оған ие болу қабілетінен айырылады, яғни бұл жағдайда Қылмыстық кодекстің 16 бабында көрсетілген есі дұрыс еместіктің медициналық және заңдық нышандары болады. Мұндай адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.





Әдебиеттер
1 Агибаев А. Н. Оқулық. Жалпы бөлім. – Алматы : «Жеті Жарғы», 2001. – С. 41–91

2 Каиржанов Е. И. Интересы трудящихся и уголовный закон (проблема объекта преступления). – Алма-Ата, 1973. – С. 7–13.

3 Алауханов Е. О., Үмбетәлиев. С., Рахметов. С. Қылмыс құрамы. Практикалық - оқу құралы. – Алматы : Өркениет, 2000. – С. 20–30.

4 Глистин В. К. Проблема уголовно-правовой охраны общественных отношений (объект и квалификация преступления). – Л., 1979. – С. 50–56.

5 Коржанский Н. И. Объект и предмет уголовно-правовой охраны. – М., 1980. – С. 10–18.

6 Кригер Г.А. К вопросу о поняятии объекта преступления в советском уголовном праве // Вестник Московского ун-та. Вып. 1. – М., 1959. – С. 100–115.

7 Никифоров Б. С. Объект преступления по советскому уголовному праву. – М., 1960. – С. 120–146.

8 Акоев К. Л., Кауфман М. А. и др. Объективная сторона преступления (факультативные признаки). – М., 1995. – С. 200–225.

9 Ковалев М. И. Проблемы учения об объективной стороне состава преступления. – Красноярск, 1991. – С. 8–26.

10 Кудрявцев В. Н. Объективная сторона преступления. – М., 1960. – С. 36–50.

11 Антонян Ю. М., Бородин С. В. Преступность и психические аномалии. – М., 1987. – С. 45–62.

12 Михеев Р. И. Проблемы вменяемости и невменяемости в советском уголовном праве. – Владивосток, 1983. – С. 77–85.

13 Михеев Р. И. Невменяемый – Владивосток, 1992. – С. 5–15.

14 Орлов В. С. Субъект преступления. – М., 1958. – С. 23–27.

15 Орымбаев Р. Специальный субъект престиупления. – Алма-Ата, 1977. – С. 88–92.

16 Устименко В. В. Специальный субъект преступления. – Харьков, 1989. –С. 2–15.

17 Злобин Г. А., Никифоров Б. С. Умысел и его форма. – М., 1972. – С. 3–9.

18 Лунеев В. В. Мотивация преступного поведения. – М., 1991. –С. 16–22.

19 Рарог А. И. Проблема субъективной стороны преступления. – М., 1991. – С. 20–27.

20 Филановский И. Г. Социально-психологическое отношение субъекта к преступлению. – Л., 1970. – С. 15–19.



Мазмұны





Кіріспе.....................................................................................

3

1

Қылмыстың құрамы.............................................................

4

1.1

Қылмыс құрамы деген ұғым және оның маңызы..............

4

1.2

Қылмыс құрамының элементері мен нышандары...............................

7

1.3

Қылмыс құрамдарының түрлері.................................................................

9

2

Қылмыс объектісі..................................................................

11

2.1

Қылмыс объектісі ұғымы және оның маңызы...............

11

2.2

Қылмыс объектілерінің түрлері................................................

13

2.3

Қылмыс заты..........................................................................................................

17

3

Қылмыстың объективтік жағы.............................................

20

3.1

Қылмыстың объективтік жағы ұғымы.................................................

20

3.2

Қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік........................

21

3.3

Қоғамға кауіпті зардап ұғымы...................................................

23

3.4

Себептік байланыс және оның қылмыстық заңдағы

маңызы................................................................................................


25


4

Қылмыстың субъективтік жағы..........................................

27

4.1

Қылмыстың субъективтік жағы ұғымы және оның маңызы...

27

4.2

Ниет және оның түрлері............................................................

29

4.3

Абайсыздық және оның түрлері.................................................................

36

4.4

Қылмыстың себебі және мақсаты.................................................................

40

4.5

Кінәнің қосарланған (аралас) нысаны............................................................

44

4.6

Кателік және оның түрлері..........................................................

45

4.7

Кателік және оның түрлері..........................................................

46

5

Қылмыс субъектісі.......................................................................

48

5.1

Қылмыс субъектісі ұғымы..........................................................................

48




Әдебиеттер

63








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет