ҚҰрамы павлодар Кереку 2010 Пікіржазғандар


Қылмыс объектілерінің түрлері



бет2/6
Дата10.06.2016
өлшемі466 Kb.
#126447
1   2   3   4   5   6

2.2 Қылмыс объектілерінің түрлері

Бұрынғы Одақтың қылмыстық заңында қылмыс объектісінің жүйесі жете қарастырылған деп саналатын. Атап айтқанда, объектілерді үш сатыға топтастыру теориясы ұсынылған, олар: жалпы, текті немесе арнаулы және «тікелей» деп аталатын.

Қылмыстың жалпы объектісіне бұзғандық үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылған барлық қоғамдық қатынастар (жиынтығы) жататын, ал тектік немесе арнаулы объектіге — біртектілік немесе белгілі бір салада ғана болу нышаны бар қоғамдық қатынастардың бір бөлігі немесе тобы жататын.

Бірақ «қоғамдық қатынастардың» жалпы санатын «тікелей» деп аталатын объектіге қолдану істің басын ашпады, түсініспеушілік тудырды. Мысалы, «кейбір жекелеген қылмыс өзіне қарсы бағытталған нақты қоғамдық қатынастарды. «тікелей» объект деп түсіну қажет деген барлық қылмыстық заң оқулықтары мен курстарындағы (1926 жылдан 1995 жылға дейін) тұжырымдар осыған мысал. Мұндай анықтаманың формальдық екенін байқау қиын емес. «Бір немесе бірнеше қылмыс өзіне тікелей немесе жанама қарсы бағытталған заңмен қорғалатын нақты қоғамдық қатынастарды» қылмыстың «тікелей» объектісі деп ұғыну қажет деген тұжырымдар да кездеседі. Сонда, «тікелей» объект — нақты қоғамдық қатынас емес, қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып шығады. Тектік немесе арнаулы объект пен «тікелей» объект арасындағы айырмашылық неде деген сұрақ өзінен-өзі туындайды.

Жалпы, ерекше, жеке (жалғыз) диалектика санатын пайдалануға дұрыс методологиялық әдістеме болмағандықтан осы күнге дейін ғылыми әдебиеттерде де, оқулықтарда да «тікелей» объекті ұғымына дәл түсініктеме берілмей келеді. Мұның басты себебі, кейбір авторлар қылмыстың «тікелей» объектісі ретінде жалғыз деген ұғымды көреді, бірақ өздері жекелеген деген ұғымды пайдаланады. Ал жекелеген деген жалғыз деген емес. Жалғыз - жекелеген ұғымының нақгы көрінісі, ол нақты жағдайларда нақты түрде анықталады.

Бұл түсініспеушілік қоғамдық қатынастардың мүдде деп аталатын нақтырақ атауын пайдаланғанда өз шешімін табады.

Мүдде — ол да қоғамдық қатынас, бірақ оның нақтырақ көрініс табуы. Субъектілер мен олардың мүдделерінің арасыңдағы қатынас болмаса қоғамдық қатынас та болмайды.

Қоғамдық қатынастар қоғамдағы адамдар арасындағы көп қырлы байланыстың жиынтығын бейнелейді. Бұл байланыстар материалдық (өндірістік), өнегелік, эстетикалық, құқықтық және басқа қатынаста сипат алған, олар кластардың, әлеуметтік топтардың не жеке адамдардың мүддесін білдіреді. Нақты адам бұл жағдайда осы барлық қатынастардың өзінше материалдық субстраты болады, оларды өз қызметінде жүзеге асырады, басқа адамдармен әрқилы байланысқа кіреді. Сондықтан да қоғамдық қатынастар (мүдде) жайында сол мүдденің қоғамдық қатынастарға қатысушыға қандай байланыста екендігі тұрғысынан ғана айтуға болады.

Мүддеде тек онъщ өзін алъш жүруші (субъект) ғана емес, сонымен қатар оның өз объектісі — өлеуметтік құнды игілік те (материалдық немесе идеалдық) болады, мүдде субъектілері арасында байланыс (қатынас) орнайды.

Сонымен қатар, мүдделер, қоғамдық қатынастардың нақты көрінісі болғандықган, белгілі құқықтық формада — «қабықта» болуға тиіс. Онсыз олар қылмыс объектісін құрай алмайды. Бұзылатын норманы немесе занды олар қорғайтын қоғамдық қатынастардан бөлек алып қарастыруға болмайды. Қылмыскер объектіге қолсұға отырып занда тыйым салынған нормаларды бұзады.

Мүддені бұлай түсіну қылмыстың жалпы және текті объектілерін ғана емес, «тікелей» деп аталатын объектіні де неғүрлым нақты ұғынуға мүмкіндік береді.4

Мысалы, қылмыстардың бәрі бірдей қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамның, мемлекеттің, жеке адамның мүддесіне қандай да болса нұқсан келтіреді, ол Қылмыстық кодекстің 2 бабында көрініс тапқан.

Объектілерді топтастырудың келесі сатысы нақты субъектілердің одан да нақтылау мүдделеріне әкеп тірейді.

Бұл жағдайда мүдделердің белгілі бір топтары қылмыстың ерекше немесе текті объектілері болып танылуы мүмкін. Бұл ереже Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлігінің «туыс» қылмыстарды біріктіретін баптарының дербес топтарында өз бекімін тартуға тиіс, олар жайында ҚК-тің Ерекше бөлімінің тарауларында тиісті нормалар кдрастырылып, өзара топтастырылған.

Мұндай топтар ерекше болъш саналады, себебі қылмыстық заң нормаларымен қорғалатын қоғамдық қатынастардың негізінде жатқан мүдделер біртекті болып табылады, олар сипаты немесе мазмұны жағынан бірімен-бірі тығыз байланыста. Олардың тағы бір ерекшелігі — олар біртекті мүдделерді қанағаттандыруға бағытталған. Әлеуметтік маңызды, сондықтан да қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделердің біртекті ерекшелігі қоғамда іс жүзінде бар нақты мүдделер мен белгілі бір объективтік критерийлер негізінде анықталуға тиіс. Мүдделердің үйлесу немесе ұқсастық кезеңі ғана емес, қоғамға құнды мүдделерге (игіліктерге) қатысушы-субъектілердің тепе-теңдігі немесе ұқсастығы да үлкен рөл атқарады. Қылмыстың мұндай тектік объектісінің рөлі Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жүйелерін құрғанда жақсы көрініс тапкдн, онда белгілі бір субъектілердің мүдделерінің белгілі бір тобын бұзғандық үшін жауаптылық көзделген барлық қылмыстық-заң нормалары ретке келтіріліп жинақталған.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің негізгі тараулары мынадай: адамға қарсы қылмыстар; отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар; адамның және азаматтың конституциялық және басқадай құқықтары мен бостандығына қарсы қылмыстар; бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар; конституциялық құрылыстың негізіне және мемлекеттік қауіпсіздікке қарсы қылмыстар; меншікке қарсы қылмыстар; экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар; коммерциялық және басқа ұйымдардағы қызметке қарсы қылмыстар; қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар; халық денсаулығына жөне адамгершілікке қарсы қылмыстар; экологиялық қылмыстар; көліктегі қылмыстар; мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар; басқару тәртібіне қарсы қылмыстар; сот төрелігіне жөне жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар; әскери қылмыстар. Әрі қарай нақтыланса Қылмыстық кодексте қылмыстар туралы нормалардың «кіші топтары» құрылуы мүмкін. Бұл процесті екі бағытта жүзеге асыруға болады: мүдде субъектісі бойынша және сол қорғалатын мүдденің сипаты мен мазмұны бойынша. Мысалы, адамға қарсы қылмыстардың ішінен барлық адамдардың өміріне, денсаулығына, ар-ожданына қарсы қылмыстар ғана емес, сонымен қатар, адамдардың кейбір санаттарыңа — кәмелетке толмағаңдардың, өйелдердің, ауру адамдардың және басқалардың тиісті мүдделеріне (игіліктеріне) қарсы қылмыстар бөлініп алынуы мүмкін.

Мемлекеттің, ұжымның немесе жеке адамның мүдделеріне қарсы бағытталған «лауазымдық» немесе «қызметтік» қылмыстардың ішіндегі заң қорғайтын мүліктік, жеке және басқа мүдделер өзінің сипатына қарай әлі де жіктелуі, сатылануы мүмкін.

Ал, «тікелей» деп аталатын объектіге келетін болсақ, ол нақты әрекет (әрекетсіздік) нөтижесінде қандай, әсіресе кімнің мүддесі бұзылғаңцығына қарай белгіленеді. Мысалы, адам өлтіргенде жалпы бір адам қаза таппайды, басқалардан өзгеше, бір нақты адам өмірімен қоштасады. Ұрлағанда, мысалы, жалпы бөтеннің мүлкі ғана емес, нақты бұйым ұрланады, оның түр-түсі, мөлшері болады.

Мысалы, А., мемлекеттік сатқындық жасап, мемлекеттік құпияны беру арқылы сол зауыттың (фабриканың) немесе өскери бөлімнің мүддесіне тікелей нұқсан келтіреді, ал жалпы алғанда ол отанның қорғаныс мүддесіне зиянын тигізеді; қамау орнынан қашқан адам, алдымен, сол қылмыстық-түзеу мекемесінің мүддесіне, сонымен қатар мемлекеттің сот төрелігінің мүддесіне залал келтіреді.

«Тікелей» деп аталатын объект тек сол қылмыстық құрамды анықтау үшін ғана, алдын ала және сот тергеулерінде, әрбір нақты жағдайға байланысты анықталады, қылмыс объектісін жалпы анықтау бұған жатпайды.

Басқаша айтқанда, қылмыстық-заң нормаларында жазылмаған қандай да бір нақты объектінің өзіне тән нышандары жайында сөз болғанда «тікелей» объект ұғымы қолданылмайды.

Кьілмыстық заң теориясында негізгі, қосымша және «факультативтік» деп аталатын объектілер бөлінеді.

Негізгі (тікелей) объект дегеніміз — соны қорғау үшін қылмыстық-заң нормалары (заң) қалыптасқан объекті.

Мұндай объект Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жүйелеріндегі норманың орнын анықтауда басты критерий болып табылады.

Қосымша объект дегеніміз негізгі объектіге қарсы жасалған қылмыстан «жол-жөнекей» залал шегетін (немесе шегуі мүмкін болатындай қаупі бар) объект. Мысалы, тонағанда негізгі объект — меншік, ал қосымша объект — нақты адамның денсаулығы; көріне жалған сөз жеткізгенде негізгі объект — мемлекеттің сот төрелігінің мүддесі, ал қосымша объект — атына сол сөз айтьшған адамның мүддесі.

Қылмыстың факультативтік объектісіне қаңдай да бір қылмысты жасағанда белгілі бір зиян келуі мүмкін қатынас (мүдде) жатады. Мысалы, бұзақылық жасағанда, негізгі объект қоғамдық тәртіп болса да, жеке адамның мүддесі бұзылады. Бірақ, бұзақылық жасағанда мұндай объектінің мүддесі бұзылмауы да мүмкін (мысалы, нақгы адамның мүддесі).


2.3 Қылмыс заты

Озбырлық жасалатын объектіні зерттеудегі маңызды да, сонымен қатар даулы көзқарастардың бірі — қылмыс заты болып қалады.

Қылмыстық заң теориясында бұл мәселені шешудің екі жолы бар. Біріншісі — қылмыс затын тек практикалық тұрғыдан қарастыру. Мысалы, заң оқу орындарына арналған көптеген окулықтарда қылмыс заты ретінде сыртқы әлемнің материалдық заттары алынған, олар қандай да бір қылмыс жасалғанда белгілі бір әсерге ұшырауы мүмкін.

Көптеген авторлар сырт көзге көрінетін, өлшем мен тұрқы бар, белгілі бір материалдық кейіптегі заттар мен құндылықтарды ғана қылмыс затына жатқызады. Осыған сүйеніп олар қылмыстық занда өзінің әсер ететін заты жоқ қылмыстардың көзделгендігін айтады.

Сөзсіз, қылмыс заты — түйсінуге, өлшеуге болатын заттар, құндьлықтар, олар қьшмыстың нышанын, қылмыстың сипатын және мұндай әрекетті жасау тәсілін анықтауда маңызды рөл атқарады. Оның топтастыруда да, саралауда да маңызы бар. Кейбір жағдайларда заттың нышаны жауаптылықты ауырлататын мән-жай ретінде де қарастырылуы мүмкін (мысалы, Қызыл кітапқа кірген балықтардың, жануарлардың бағалы тұқымдарын аулау, ұрланған құжаттың аса маңыздьшығы, т.б.). Қылмыстық жаза шарасын белгілеу де затқа — материалдық құндылыққа байланысты болуы мүмкін (мысалы, бас пайдасы үшін жасалған қылмыстағы залалдың мөлшері).

Кьглмыс жасалғаңда затқа қаңдай да бір залал келуі мүмкін (мысалы, бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру), ал кейбір жағдайларда ондай залал келмеуі де мүмкін (бөтеннің мүлкін ұрлаған адам сол заттардың бүлінбеуіне барлық шара қолданады). және мұндай затты қылмыскердің объектіге, оның ішінде заттың өзіне ыкдал жасауына мүмкіндік беретін қылмыс құрамынан ажырата алу қажет (мысалы, бөтеннің мүлкін бүлдіруге қажетті балта, мал ұрлауға қажетті автомобиль). Сонымен қатар бір заттың өзі әртүрлі рөл атқаруы мүмкін — қылмыс

жасау құралы болып та, қылмыс заты болып та, мысалы — атылатын қаруды ұрлау үшін керекті қару және адам өлтіру үшін қажетті қару.

Дегенмен қылмыс затын кең түсінікте қабылдаған дұрыс. Себебі, кез-келген қоғамдық қатынас, жалпы түрде алғанда, заңды және жеке тұлғалардың белгілі бір құндылыққа қатысты ара- қатынасын көрсетеді. Бұл белгілі бір әрекет түрінде болуы мүмкін (мысалы, кәмелетке толмағанды маскүнемдікке немесе есірткі қолдануға үйрету). Қылмыс объектісінің құрылымдық элементтері қоғамдық қатынастардың субъектілері де болуы мүмкін (мысалы, өзіне жаракат салу арқылы әскери қызметтен жалтару).

К. Маркс былай деп жазады: ақша формасы бір тауарда сіресіп қатып қалған, сол тауарға деген басқа тауарлардың қатынасының шағылыс сәулесі. Ақшаның тауар екендігі ешбір дау тудырмайды. Ақшаға байланысты барлық қоғамдық қатынастарда мүлікке байланысты барлық нышандар бар.

Адамдардың өзара қарым-қатынасындағы заттардың атқаратын рөлі жөнінде Ф. Энгельс былай дейді: «саяси экономика заттарды емес, адам арасындағы, айта келгенде кластар арасындағы қатынасты қарастырады, ал бұл қатынастар әрқашанда заттармен байланысты және әрқашанда зат түрінде көрініс табады».

Мүліктің затпен арақатынасы, дегенмен, кейбір ерекшеліктермен сипатталады — сапасымен, мүліктік қасиетімен, салыстырмалығымен т.б.

Мүлік, өзіндік қасиет және қатынас санаттары бірімен-бірі тығыз байланысты, олар біріне-бірі ауыса алады.

Сондықтан да, «затсыз» деп аталатын қылмыс қоғамда болмайды. Барлық қылмыстардың өз заты бар. Бірақ ол белгілі бір аспаптың көмегімен мүліктік, материалданған және материалданбаған, қиын бағаланатын не тіптен бағаланбайтын бола алмайды.

Қылмыс құрамдары бір жағдайларда озбырлық жасау заты қарастырылып, басқа жағдайларда қарастырылмағандыктан емес, бір құрамдарда мұндай заттар міндетті нышан ретінде енгізіліп, басқа құрамдарда ол ескерілетіндігіне қарай өзара бөлінеді. Сондықтан да, мысалы, адамды қорлау немесе жала жабу сияқты қылмыстарды затсыз деп санауға болмайды. Бұл жерде де қылмыс заты бар, мұның құрамды анықтаудағы, әрекетті саралаудағы және жаза белгілеудегі маңызы бөтеннің мүлкін ұрлағандағы материалдық заттан кем емес. А.А.Пионтковский былай дейді: «қылмыс объектісіне қарағанда қылмыс құрамының элементі болып табылатын зат жайында тек оған объектімен салыстырған озбырлық жасалмаса ғана сөз етуге болады жөне сөз ету керек». Қылмыс заты — кез-келген қылмыс объектісінің қажетті элементі, оған ықпал жасай. отырып қылмыскер қылмыстық заң нормалары қорғайтын мүдделерге елеулі зиян келтіреді.

Қылмыс затына қылмыс құралының да қатысы бар.

Қылмыс құралы ұғымының тек теория жүзінде ғана емес, практикада да маңызы зор, атап айтқанда, қаруды, қылмыс құралын міндетті түрде тәркілеу жөніндегі қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізу зандарының талаптарына байланысты әрбір нақты қылмыстық әрекетті саралау үшін.

Қылмыс құрамы ұғымының қылмыс затына да қатысы бола алады, себебі кейбір ғалымдар қылмыс заты деп тек материалдық мүлікті ғана түсінеді. Бұл ұғымның ортақтығы осы жерде байқалады.

Бірақ мұндай заттың қылмыс құралынан айырмашылығы сонда, олар бірдей материалдық нысанда бола тұрып жасалған қылмыста әртүрлі әлеуметтік рөл атқарады. Мысалы, мемлекеттік немесе қоғамдық мекемеге, не жеке адамға тиесілі автомобиль қылмыс заты бола алады (оны ұрлағанда, қуып кеткенде не жойып немесе бүлдіргенде).

Бірақ мұндай автомобиль бөтеннің мүлкін ұрлаудың құралы да болуы мүмкін (мысалы, мал немесе астық ұрлағанда).

Практикада «заттың» материалдық мүлік ретіңде қылмыс құралымен толық үйлесім табуы да мүмкін. Бүл, мысалы, «АН-24» жолаушылар ұшағын басып алып, жолсерікті өлтіріп шекара асып кеткен әкелі-балалы Бразинскастардың ісі.

Бұл жерде және осыған ұқсас жағдайларда қылмыстың өзінше дербес бірнеше құрамы бар: ұшақты ұрлау (мемлекет мүлкін); көлік құралын қуып кету; мемлекеттік шекарадан заңсыз ұшып өту; азаматты өлтіру; кейбір адамдардың денсаулығына зиян келтіру; атылатын қаруды заңсыз сақтау, т.б.

Егер айыпкер ресми құжатты қолдан жасап және алаяқтық жолмен, осы құжаттың көмегімен, басқа занды немесе жеке тұлғадан ақша немесе басқа мүлік алса, онда бұл зат тек қылмыстық қолсұғу заты (ресми кұжатты қолдан жасау үіпін) және бөтеннің мүлкін алаяқтықпен иемдену құралы болып саналады.

Мысалы, троллейбус жүргізушісі А. бейқамдықтан апат жасап өзі айдап жүрген көлікті және де басқа мемлекеттік мүлікті (соғысып қалған автобусты) бұзды. Бұл жағдайда троллейбус бірден авария жасау құралы және қылмыстық озбырлық заты болып тұр.
3 Қылмыстың объективтік жағы

3.1 Қылмыстың объективтік жағы ұғымы

Қылмыстық құрамның объективтік жағына қылмыстық-заң нормаларының диспозицияларында көрсетілген қылмыстық әрекеттердің сыртқы көріністерінің жиынтығы жатады.

Адам жасаған кез-келген актіде көптеген ішкі және сыртқы нышандар болады.

Нақты қылмыстық-жазаланатын әрекет әрқашанда өзінше ерекше болады. Біз адамның жай дене қозғалысын емес, оның саналы қызметін қарастыруымыз керек. Мұндай қызмет қандай да бір қылмыстық заң нормасына сәйкес келеді, егерде оның ойы, сезімі немесе көңіл-күйі емес, тек қимыл-өрекеті нақты көрініс тапса.

Қылмыстың нақты құрамының объективтік жағы қоғамға қауіпті және қылмыстық-заңға қарсы деп тану үшін, сондай-ақ оны қылмыстың аралас құрамдарынан бөлектеу үшін қажетті нышандардың ғана жиынтығын құрайды.

Мысалы, ұрлықтың объективтік жағы (ҚК-тің 175 бабы) — бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау; зорлау — күш қолдану арқылы жыныстық қатынас жасау, жәбірленушіні немесе басқа адамдарды қорқыту немесе жәбірленушінің дәрменсіздік жағдайын пайдалану (ҚК-тің 120 бабы); бұзақылық - қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін, азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық (ҚК-нің 257 бабы).

Қылмыстық құрамның объективтік жағы мыналарды қамтиды: әрекет немесе әрекетсіздік, қоғамға қауіпті зардап, әрекет немесе әрекетсіздік пен зардап арасындағы себептік байланыс, қылмыс жасалған уақыт, орын, жағдай, жасау тәсілі, құралы және қаруы.

Адамның өрекеті немесе өрекетсіздігі — кез-келген қылмыстық құрамның міндетті нышаны.

Қоғамға қауіпті салдар, себептік байланыс, қылмыс жасалған уақыт, орын, жағдай, жасау тәсілі, қаруы және құралы қылмыстық құрамның объективтік жағының факультативтік нышандары деп аталады, себебі олар қылмыстық-заң нормаларының диспозициясында көрсетілген жағдайда ғана міндеттілік ролін атқарады.
3.2 Қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік

Әрекет дегеніміз адамның белсенді қимылы. ҚК-те көзделген қылмыстардың басым көпшілігі әрекет арқылы жасалынады.

Қылмыстық мінез-құлықтың нақты формалары өрқилы. Олар Қылмыстық заңның Ерекше бөлімінде қарастырылған.

Форманың (тәсілдің), әрекеттің ерекшелігі көптеген жағдайларда қылмыстың тиісті құрамының объективтік жағының қажетті сипаты деп танылады. ҚК-те көзделген қылмыстық құрамның барлығына жуығы бірінен-бірі, негізінен, қоғамға қауіпті әрекеттегі тәсіл бойынша өзгешеленеді.

Мысалы, заң бөтеннің мүлкін ұрлауды, оның жасалу тәсіліне қарай, өзінше бөлек түрлерге ажыратады: ұрлау-бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау; тонау — бөтеннің мүлкін ашықтан-ашық алу; қарақшылық - бөтеннің мүлкін иемдену мақсатында сол шабуылға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетіп немесе күш көрсетемін деп қорқытып шабуыл жасау; алаяқтылық — алдау арқылы немесе сенімге қиянат жасап бөтеннің мүлкін иемдену немесе сол мүлікке құқықты алу.

Адамның әрекеті оның еркінің сыртқы көрінісі. Сондықтан да ол саналы түрде жөне белгілі бір мақсатқа жету үшін жасалуға тиіс. Әрекеттің сипаты, еркімен жасалған болса да, адамның кінөсінің бар-жоғын алдын ала анықтай алмайды.

Кінә туралы мәселе адамның өз әрекетінің зардабын алдын ала білу немесе біле алу мүмкіндігіне байланысты шешіледі немесе қьшмыс құрамының объективтік жағын құрайтын іс-әрекеттің белгілі бір сипатын ұғыну немесе ұғына алу мүмкіндігіне байланысты шешіледі.

Сондықтан да адамның рефлекторлық дене қозғалысын, сондай-ақ сандырақтап жатқан адамның қимьлын адамның іс-әрекеті деп қарауға болмайды, себебі ол әрекеттер адамның өз ырқына бағынбайды.

Ырық бермейтін табиғат күшінің немесе дүлей күш көрсетудің өсеріне ұшыраған адамның түйсікті іс-әрекетінің өзі кейде қылмыстық-заңдық мағынасын жоғалтады. Осындай жағдайда жасаған адамның іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі оның қылығы болып саналмайды, яғни қылмыс емес, себебі ол өз ырқына қарсы әрекет (өрекетсіздік) жасайды. Мысалы, адам іс-өрекет жасауға күш-куаты жетпегендіктен өзіне жүктелген міндетті орындай алмайды.

Күшпен мәжбүрлеуді адам жеңе алмады деп танылуы мүмкін, мұндай жағдайда бүл қоғамға қауіпті іс-әрекет оны жасаған адамның қылмыстық жауаптьлығын болдырмайтын мөн-жайға айналады, егер адам өз ырқымен әрекет жасау мүмкіндігінен айырылса.

Адам өзін ұрып-соққаннан қоғамға қауіпті іс-әрекет (немесе өрекетсіздік) жасаса қылмыстық жауаптылықтан құтылмайды, себебі мұндай

сипаттағы күш көрсету оның өз ырқымен әрекет жасау мүмкіндігінен айыра алмайды.

Психикалық мәжбүрлеудің маңызы басқа.

Психикалық мөжбүрлеу салдарынан қылмыстық әрекетке бару, жалпы алғанда, қылмыстық жауаптылықтан босатпайды. Кейбір жағдайларда психикалық мәжбүрлеу лажсыз қажеттілік күйіне жеткізеді. Мысалы, қаруланған қаракшыға өзін сол жерде өлтіремін деп қорқытқандықтан ақшасын берген кассир ақшаны ысырап қылғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс емес.

Қылмыстық өрекетсіздік — жасауға болатын және жасауға тиісті қандай да бір әрекетті адамның жасамауы. Әрекетсіздікке байланысты көзделген қылмыстардың құрамы онша көп емес. Әрекетсіздік жолымен жасалған қылмыстарға мүмкіндікті жіберіп алу немесе таза әрекетсіздік жатады. Олар қылмыс құрамын зиянды зардаппен заң байланыстырмаған жағдайда болады. Мысалы, қауіпті жағдайда қаддыру, ауру адамға көмек көрсетпеу, т.б. Әрекетсіздік арқылы жасалатын қылмыстардың басқа тобын аралас өрекетсіздік құрайды. Мысалы, қойма меңгерушісі өзіне сеніп тапсырылған материалдық құндылықтардың сақталуына шара қолданбады, нәтижесінде олар бүлінді. Мұндай қылмыстың құрамы үшін адамның әрекетсіздігінен зиянды салдардың болуы қажет.

Әрекетсіздік қылық заңға қарсы болса ғана қылмыстық мағынаға ие болады, яғни әрекет жасау міндеттілігі қылмыстық-заң нормаларының талаптарынан туындайды.

Белсенді әрекет жасау міндетінде әртүрлі негіз болуы мүмкін.

Мұндай негіздерді, кейбір жағдайларда тікелей қылмыстық заң белгілейді. Мысалы, нағыз әскери қызметке шақырылуға тиісті адам әскери комиссариат белгілеген уақытта шақыру пунктіне келуге тиіс.

Автомобиль апатынан жарақат алған адамға жүргізуші дереу көмек көрсетуге міндетті. Бұл мівдет заңға сүйенген бұйрықта немесе қызметтік нұсқауда көрсетілуі мүмкін, мысалы, мекеме қызметкері басшының өз өкілеттігі шегінде берген жарлығын орындауға мівдетті. Белгілі бір өрекетті жасау мівдеті келісім-шартта да қарастырылуы мүмкін. Мысалы, егер біреу баска бір адамды тау асуынан өткізуге міндеттеніп, бірақ ол міндетін орындамаса, ол келісілген әрекетті жасамағандық болып табылады.

Мұндай міндеттер осы адамның бұрын жасаған іс-әрекеттерінен туындайды, егер ол бұрын жекелеген адамдардың мүддесін не қоғамдық немесе мемлекеттік мүддені қауіпті жағдайда қалдырған болса.

Әрекетсіздік үшін жауаптылық адамның іс-әрекет жасау мүмкіндігінің бар екендігіне байланысты. Іс-әрекет жасау мүмкіндігінің бар екендігі анықталғаннан кейін сол адамның сол жағдайдағы мүмкіндігі ескерілуге тиіс. Кейде міндетті орындау сыртқы жағдайларға да, кейде айыпкердің таза субъективтік қасиеттеріне де байланысты. Кейбір жағдайларда іс-әрекет жасау міндетін шектейтін мән-жайлар заңның өзінде арнайы белгіленеді. Мысалы, өміріне қауіпті жағдайда қалған адамға көмек көрсету міндеті (ҚК-тің 119 бабы) сол көмекті көрсету мүмкіндігіне байланысты.
3.3 Қоғамға кауіпті зардап ұғымы

Қылмыстық заң қылмыс құрамын сол іс-әрекеттің (әрекетсіздіктің) тікелей жасалуымен, не соның салдарынан белгілі бір қылмыстық зардаптың болуымен байланыстыра алады.

Қылмыстық зардап дегеніміз адамның іс-өрекет (әрекетсіздігі) нәтижесінде қоршаған ортада болған және қылмыс құрамының объективтік нышандарына жататын өзгерістер.

Әрбір қылмыстық іс-әрекет (немесе әрекетсіздік) дегеніміз — қылмыстық заңмен қорғалатын жеке адамның мүддесіне, қоғамның немесе мемлекеттің мүддесіне қол сұғу. Бірақ, жеке адамның мүддесіне, қоғамның немесе мемлекет мүддесіне, яғни озбырлық жасалатын объектіге келтірілген зиян материалдық емес, себебі ол заттар өлеміне емес, адамдар арасындағы қатынастарға жатады. Сондықтан да, қылмыстың құрамын талдағанда қылмыс объектісіне келтірілген зиян (залал) ұғымын қылмыс заты ұшыраған ауыр зардаптан (нәтижеден) қатаң ажырата білу керек, соларға байланысты тиісті мүдделер қалыптасады. Егер мүддеге келген зиян (залал) озбырлық жасау объектісінің сипаттамасына жататын болса, озбырлық жасалған затқа келген зардап (нөтиже) қылмыс құрамының объективтік жағының қасиетін білдіреді. Қылмыс объектісіне келген залал қылмыстық-заң нормасында қылмыс құрамының нышаны ретінде еш уақытта көрсетілмейді. Қылмыстың әрбір құрамы өзіне келтірілген залалдың емес, объектінің анықтамасын береді. Озбырлық жасау затына келтірілген зиян, көбіне, қылмыс құрамының объективтік жағының міндетті нышаны ретінде қылмыстық заң диспозициясында көрсетіледі.

Озбырлық жасалған затқа келетін зиян әртүрлі нысанда болуы мүмкін. Олар материалдық залал (бөтеннің мүлкін ұрлау, жою, т.б.), денеге (денсаулыққа) зиян келтіру түрінде болуы мүмкін. Материалдық залал, қылмыстық заңда, озбырлық жасалған затты қалайда жоюмен немесе бүлдірумен байланысты емес. Ұрлау материалдық залал тудырады, бірақ ол мүлікті жоюмен де, бүлдірумен де байланысты емес.

Қылмыстық нәтижеде материалдық емес сипат та болуы мүмкін. Мысалы, азаматтардың мүліктік емес субъективтік — саяси, еңбек және басқа құқықтарын бұзу, мекеменің, ұйымның және кәсіпорынның қалыпты жұмысын бұзу.

Зиянды зардаптарды баяндауда заң шығарушы әртүрлі техникалық амалдарды пайдаланған. Қылмыстардың қасақана құрамдарының едәуір бөлігінде құрам аяқталған болу үшін белгілі бір қылмыстық зардапқа ұшырау қажет екендігі көрсетілген, мысалы — қасақана өлтіру, ұрлау, т.б. Заңда көрсетілген осындай зардаптардың болмауы тек қылмыс жасауға оқталғандықтың орын алғандығын білдіреді. Кейде қылмыстың құрамы ауыр зардаптан кейін ғана болады (мысалы, орманды былғау, зақымдау немесе жою - ҚК-тің 292 бабы). Қылмыстардың кейбір құрамдарында ауыр зардаптардың болуы қылмыстық әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесін көтереді, тиісінше жасалған қылмыс басқаша сараланады (мысалы, заңсыз аборт жасау — ҚК-тің 117 бабы).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет