5 Қылмыс субъектісі
5.1 Қылмыс субъектісі ұғымы
Есі дұрыс, қылмыс жасаған кезде қылмыстық заңда белгіленген жасқа толған жеке адам қылмыстық заң бойынша қылмыс субъектісі бола алады.
Қылмыс субъектісінің нышандары ҚК-тің 14 бабында айтылған. ҚК-тің 14 бабының бірінші бөлігінде былай делінген: «Есі дұрыс, осы Кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс» КҚ-тің 14 бабының екінші бөлігінде қылмыстық занңың аса маңызды принщттерінің бірі — азаматтардың заң алдыңда тең екеңдігі заң жүзінде бекемін тапқан: «Қылмыс жасаған адамдар шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтьша, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығьша, тұрғылықты жеріне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарамастан заң алдыңда бірдей». Бұл принцип сонымен қатар конституциялық та больш табылады, себебі ҚР Конституциясьшьщ 14 бабына негізделген.
Тек жеке адам ғана қылмыс субъектісі бола алады.
ҚК-тің 14 бабының бірінші бөлігінде айтылған жеке адамдар дегеніміз — Қазақстан Республикасының азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және шетел азаматтары, бұл ҚК-тің 6 жөне 7 баптарының мазмұнынан туындайды.
Қылмыс субъектісі ретінде тек жеке тұлғаларды тану - заңды тұлғалар, яғни мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдар, партиялар, қоғамдық бірлестіктер қылмыс субъектісі бола алмайды деген мағына білдіреді.
Қылмыс субъектісінің қажетті нышандарының бірі — қылмыс жасаған адамның есінің дұрыстығы.
Есі дұрыстық — қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті әрекетті жасаған кезде адамның өз іс-әрекетінің (өрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты және қоғамға қауіптілігін ұғынып, соған ие болу қабілеті
Есі дұрыстық — адамды қылмыстық жауапқа тартудың және оны жазалаудың қажетті шарты болып табылады.
Қылмыстық заңның нормалары, өрқашанда, төңірегіндегі жағдайды дұрыс пайымдап, өз әрекетінің маңызын түсіне алатын, оған ие болу қабілеті бар, психикасы қалыптан ауытқымаған адамдарға бағытталады.
Мұндай қабілеті жоқ адамдар психикасы.
Заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы АҚШ, Англия, Франция және басқа бірқатар мемлекеттердің қылмыстық заңында кезделген бұзылғандықтан өз іс-әрекетінщ (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипатын және қоғамға қауіптілігін ұғына алмайды, әрекетіне ие бола алмайды, сондықтан олар есі дұрыс емес деп танылады, қылмыстық жауапқа тартылмайды (ҚК-тің 16 бабы).
Қылмыс субъектісінің есі дұрыстықтан басқа міндетті нышаңдарының бір — қылмыс жасаған кезде адамның заңда белгіленген жасқа толуы.
Өз іс-өрекетін дұрыс бағалау, жасаған әрекетінің әлеуметтік маңыздылығын ұғыну, әрекетіне ие болу кабілеті белгілі бір жаста пайда болады, ол кезде адам есейеді, адамгершілігі дамиды, рухани өседі. Кәмелетке жетпегендерде (14 жасқа) мүндай қасиеттер болмайды, сондықтан олар қылмыс субъектісі деп танылмайды.
Есінің дұрыстығы жөне адамның қылмыстық заңда белгіленген жасқа толуы қылмыс субъектісінің жалпы заңдық нышандары болып табылады, олар қылмыстардың барлық құрамдары үшін міндетті, бұлардың біреуінің болмауы әрекетте қылмыс құрамының жоқ екендігін көрсетеді.
Қылмыс субъектісін сипаттағанда оның жауапкершілігін анықгау және жаза тағайындау үшін қылмыскердің жеке басының нышандары маңызды рөл атқарады. «Қылмыс субъектісі» және «қылмыскердің жеке басы» ұғымдары бірдей емес. Қылмыскердің жеке басы қылмыс субъектісіне қарағанда кең ұғым береді. Қылмыскердің жеке басы дегеніміз — қылмыскерді жалпы адам ретінде сипаттайтын барлық өлеуметтік қасиеттердің, байланыстардың және қатынастардың жиынтығы: оның өлеуметтік (саяси, еңбек, тұрмыстық, отбасындағы, т.б.) байланыстары; оның өнегелік-саяси қасиеттері (дүниетанымы, сенімі, құштарлығы); оның психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктері (интеллекті, еріктік қасиеттері, сезімдік ерекшеліктері, қызбалығы); оның демографиялық және дене жаратылыс ерекшеліктері (жынысы, жасы, денсаулық ахуалы); оның өмірбаяны, өмір тәжірибесі, білімі, қоғам алдында сіңірген еңбегі және жазығы.
Қылмыскердің жеке басының барлық қасиеттерінің ішінде «қылмыс субъектісі» ұғымы өзіне қылмыскердің жеке басын сипаттайтын нышандардың ең аз жиынтығын қамтиды (есі дұрыстық, қылмыстық жауапқа тартылу жасына толу), бұларсыз қылмыстың құрамы жоқ.
Қылмыскердің жеке басының ерекшеліктері жаза тағайындағанда, оны жеке даралағанда (ҚК-тің 52, 53, 54 баптары), шартты түрде соттау туралы (ҚК-тің 63 бабы), қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату туралы (ҚК-тің 65, 66, 67, 68, 69 баптары), жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру туралы (ҚК-тің 70, 71 баптары) мәселелерді шешу үшін және басқа жағдайларда маңызды болып табылады.
ЕСІ ДҰРЫСТЫҚ - ҚЫЛМЫСТЫҚ
ЖАУАПТЫЛЫҚТЫҢ ІПАРТЫ.
ЕСІ ДҰРЫСТЫҚ ҰҒЫМЫ
Жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірген не зиян келтіру қаупін төндірген, қылмыстық заңда тыйым салынған әрекетті жасаған адамның қылмыстық жауапқа тартылып жазалануы үшін оның есі дұрыс болуы тиіс.
Аталып өткендей, есі дұрыстық дегеніміз — қоғамға қауіпті өрекет жасаған кезде өз әрекетінің іс жүзіндегі сипатын, қоғамға қауіптілігін ұғына алатын, оған ие бола алатын қабілет. Есі дұрыстық ұғымы кінә түсінігімен тығыз байланысты, бұл ұғымның субъектінің қылмыстық жауаптылығы үшін маңызы зор. Тек есі дұрыс адам ғана айыпты деп танылады. Сондықтан да, есі дұрыстық — кінө мен жауаптылықтың алғы шарты.
Адамның мінез-құлқын оның санасы мен еркі анықтайды, солар бақылайды.
Сана мен ерік — адамның негізгі психикалық функциялары, олар объективтік шындықпен байланысты, сол адам болатын жөне тұлға ретінде қалыптасатын қоғамның, қоғамдық ортаның материалдық өмір жағдайына негізделеді. Бірақ, сыртқы ортадағы жағдайға мұндай байланыстылық, негізделу адамның мінез-құлқының алдын ала анықталғандығын білдірмейді, бірақ оның санасына, еркіне қатты әсер ететіндігін, табиғатқа, қоғамдық өмірге, шындықты және оның объективтік заңдылықтарын тануға ықпал жасайтындығын жоққа шығаруға болмайды.
Адамның санасы мен еркінің белсенді рөлі, істің ақ-қарасын біліп әрекет жасау қабілеті оның сол өзі жасаған іс-әрекеті үшін, оның ішінде қылмыстық занда тыйым салынған әрекеттер үшін жауап беруін талап етеді.
Өз іс-өрекетінің маңызын ұғынуға немесе сол, кылмыстық заңда көзделген, өрекетті жасау кезінде оған басшылық жасауға қабілеті жоқ адам, психикасының қалыпты еместігіне байланысты қылмыс субъектісі бола алмайды.
Мұндай адамдар есі дұрыс емес деп саналады. Бұлардың іс-әрекеттерінде қылмыстық жауаптьшықтың алғы шарты — кінө жоқ.
Есі дұрыс еместік ұғымы және оның нышандары ҚК-тің 16 бабында жазылған.
Қылмыстық кодекстің 16 бабының 1 бөлігінде былай делінген: «Осы Кодексте көзделген қоғамдық қауіпті әрекетті жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдығы немесе психикасының өзге де дертке ұшырауы салдарынан өзінің іс-әрекетінің (өрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес».
Есі дұрыс еместіктің заң екі нышанын (критерийін) белгілейді: медициналық (биологиялық) және заңдық (психологиялық).
Адамды есі дұрыс емес деп тану үшін
медициналық және заңдық критерийлердің жиынтығы қажет. Тек медициналық немесе тек заңдық критерийлердің ғана болуы адамды есі дұрыс емес деп тануға негіз бола алмайды.
Есі дұрыс еместіктің медициналық критерийі ҚК-тің 16 бабының 1 бөлігінде көрсетілген психикалық қызметтің дертті бұзылуының төртеуінің біреуі болуын талап етеді, олар:
а) созылмалы психикалық ауру;
б) психиканың уақытша бұзылуы;
в) кемақылдылық;
г) психиканың өзге де дертке шалдығуы.
Созылмалы ауру — жазылуы қиын психикалық ауру, ұзақ уақытқа созылады, психикалық бұзылу біртіндеп үдеуі мүмкін. Мысалы: шизофрения, қояншық, үдемелі сал, ми мересі, т.б.
Психиканың уақытша бұзылуы — уақытша болатын (кейбір жағдайларда бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін, ал кейбір жағдайларда — бірнеше күн, апта немесе ай) және толық айығып кетумен аяқталатын психикалық ауру.
Психиканың уақытша бұзылуына кенеттен басталып ұзаққа созылмайтын (минуттер, сағаттар) ерекше жағдайлар (мысалы, патологиялық мас болу, патологиялық аффект, сананың тұмандануы, т.б.) жатады; реактивтік жағдай, яғни психикалық жарақаттың әсер етуі нөтижесінде туындайтын психиканың дертті ахуалы (невроздың әртүрлі нысаны, реактивтік психоз); маскүнемдік психоз (елестік ауру немесе маскүнемдік дерилий, маскүнемдік галлюциноз, маскүнемдік паранойд).
Ақылкемдік — туа біткен немесе ерте жас (2-3 жасқа дейін) пайда болған психикалық қызметтегі патологиялық өзгеріс (олигофрения) сондай-ақ жарақаттан, жұқпалы және басқа аурулардан мида болған органиқалық өзгерістердің салдарынан бұрынғы қалыпты ойлау қабелітінің бұзылуы немесе нашарлауы салдарынан болған ақылкемдік (деменция).
Ақылкемдік ойлау қабілетінің төмендігінен, негізінен, танымының және пайымдауының нашарлағанынан, өз өрекетін дұрыс бағалай алмайтындығынан көрініс табады.
Ойлау қызметінің бұзылуының қаншалықты ауырлығына және тереңдігіне байланысты олигофренияның үш дәрежесі болады: идиотия (ең ауыр дәрежесі), имбецильділік (ақылкемділіктің орташа дөрежесі), дебильділік (ақылкемдіктің жеңіл дәрежесі). Психиканың басқа дертті жағдайы — психиканың бұзылуының жоғарыда көрсетілген үш түріне жатпайтыны.
Бұған кейбір психикалық емес аурулардан барып психиканың бұзылғандығы жатады. Мысалы, кейбір жұқпалы аурулардан — іш сүзегінен, бөртпе сүзектен, ішкі органдар ауруының және зат алмасудың ауыр түрлерінен, мидың жарақаттанып немесе іскенінде, басқа да психикалық емес аурулар болғанда психиканың уақытша бұзылуы мүмкін.
Психикалық аурудың, тіптен созылмалы психикалық аурудың болуы қылмыстық заңда көзделген әрекетті жасаған адамның есі дұрыс еместігі туралы мәселені шешпейді. Психикалық аурудың
қарқыны әртүрлі болады, кейде ол адамды өз іс-өрекетінің мазмұнын ұғына алмайтын және оған ие бола алмайтын жағдайға дейін жеткізеді. Сондықтан да медициналық критерий зандық (психологиялық) критериймен толықтырылады. Медициналық критерий (аталған нышандардың біреуі болған жағдайда) зандық критериймен үйлескенде ғана есі дұрыс еместік болады. Критерийлердің біреуінің (медициналық немесе заңдық) болмауы адамды есі дұрыс емес деп тануды болдырмайды.
ҚК-тің 16 бабына сәйкес зандық (психологиялық) критерий екі нышанды қамтиды: 1) интеллектуалдық; 2) еріктік.
Интеллектуалдық нышан заңда мынадай сөздермен келтірілген: «Адам... өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған».
Есі дұрыс еместіктің интеллектуалдық нышаны психикалық аурудың салдарынан сананың бүзылғандығын білдіреді. Өз іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің іс жүзіндегі сипатын ұғына алмау өзі жасаған әрекеттің іс жүзіндегі мәнін адамның түсіне алмағандығын, не істеп не қойғандығын түсінбейтіндігін, жасаған әрекеті мен болған зардаптардың арасындағы себептік байланысты түсінбейтіндігін көрсетеді. Мысалы, психикалық ауруы бар ана әлдилеп жатырмын деп баласын тұншықтырып тастайды. Интеллектуалдық нышанның негізгі мазмұны адамның оз әрекетінің қоғамдық, әлеуметтік маңызын түсінбеуінде, яғни оның қоғамға қауіпті сипатын түсіне алмауында.
Зандық критерийдің еріктік нышаны — адамда өз іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) ие болу қабілетінің жоқтығы. ҚК-тің 16 бабында нышан «немесе оған ие болу» деген сөздермен келтірілген.
Адамның еріктік қызметі оның санасымен тығыз байланыста. Сана қатты бұзылса, яғни адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) мағынасын ұғынбаса, сол кезде еріктік қызмет те бұзылады — адам оған ие бола алмайды.
Психикалық ауру адамның психикалық қызметінің барлық саласын не оның кейбір жақтарын бұзуы мүмкін. Сондықтан, сана біршама сақталғанда адам жасалған әрекеттің іс жүзіндегі мәнін және оның әлеуметтік маңызын түсінеді, бірақ психикалық ауруының салдарынан өз әрекетіне ие бола алмайды, бүл еріктік нышанға жатады.
Еріктік қызметтің психикалық дерттен бұлай бұзылуы, мысалы, импульсивтік құштарлықта байқалады. Импульсивтік құштарлыққа — ұрлық жасауға құштарлық (клептомания), өрт салуға құштарлық (пиромания), есірткі қатты аңсаған кез — наркомания жатады.
Есі дұрыс еместіктің заңдық критерийі үшін оның нышандарының біреуі — не интеллектуалдық, не еріктік болса жеткілікті.
Сонымен, адамды есі дұрыс емес деп тану үшін есі дұрыс еместіктің екі критерийі бірден болуы қажет — медициналық критерийдің нышандарының біреуі және заңдық критерийдің нышандарының біреуі.
Қылмыстық заңда көзделген әрекетті жасаған адамды есі дұрыс емес деп тану жөніндеп ақырғы шешімді сот-психиатриялық араптаманың қорытындысы негізінде сот қабылдайды.
Бұл адамдардың психикасының қалыпты екендігіне анықтама органы, тергеуші немесе сот күдіктенген барлық жагдайларда сот-психиатриялық сараптама тағайындалады. Сот-психиатриялық сараптаманың ұйымдастырылуын және жүргізілуін ҚІЖК-нің тиісті нормалары, 1997 жылғы 12 қарашадағы «Сот сараптамасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасында сот-психиатриялық сараптама жүргізу туралы нұсқау, амбулаториялық сот-психиатриялық сараптама комиссиясы туралы Ереже және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 1997 жылғы 13 тамыздағы N 407 бүйрығымен бекітілген қамаудағы адамдарға арналған психиатриялық аурухана жанындағы сот-психиатриялық сараптама бөлімшесі туралы Ереже реттейді.
Қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті әрекетті есі дұрыс емес жағдайда жасаған адам қылмыстық жауапқа тартылмайды және жазаланбайды, себебі ол қылмыс субъектісі бола алмайды. Мұндай адамға, соттың тағайындауы бойынша, ҚК-тің 7 бөлімінде көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.
ҚР-нің 1997 жылғы Қылмыстық кодексіне алғаш рет есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психикасы бұзылған адамның қылмыстық жауаптылығы туралы бап енгізілді. ҚК-тің 17 бабының 1 бөлігіне сәйкес қылмыс жасаған кезінде психикасының бұзылуы салдарынан өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде ұғына алмаған не оған ие бола алмаған есі дұрыс адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс.
ҚК-тің 17 бабының 1 бөлігінде шектеулі есі дұрыстық жалпы есі дұрыстықтың басқа бір түрі ретінде сөз болады.
ҚК-тің 17 бабының 1 бөлігінде көрсетілген психиканың бұзылуы дегеніміз қылмыс жасаған адамның өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғыну не есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын осындай психикалық аурудан іс-өрекетіне (өрекетсіздігіне) ие болу қабілетінің елеулі азаюы.
Есі дұрыстығы шектеулі адам психикасының ауыткуынан күйзелісте болады, бірақ, біршама төмен болса да өз іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) есеп беру және оған ие болу (есі дұрыстықтың заңдық критерийі) қабілетін сақтайды. Шектеулі есі дұрыстықтың медициналық критерийі шекаралық деп аталатын жағдайларда.
ҚК-тің 17 бабының 2 бөлігіне сәйкес есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психиканың бұзылуын сот жаза тағайындау кезінде жеңілдетуші мөн-жай ретінде ескереді және ол Қылмыстық кодексте көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау үшін негіз бола алады.
Адам жасы қылмыс субъектісі нышандарының бірі
Есі дұрыс кез-келген жеке тұлға қылмыс субъектісі бола алмайды, егер ол занда көрсетіген жасқа толмаса.
ҚК-тің 14 бабының 1 бөлігінде «есі дұрыс, осы Кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс» делінген.
ҚК-тің 15 бабының 1 бөлігіне сәйкес қылмыс жасалған кезде он алты жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылуға жатады.
Заңда анық көрсетілген кейбір қылмыстар үшін ғана қылмыстық жауаптылық он төрт жастан бастап көзделген.
ҚК-тің 15 бабының 2 бөлігіне сәйкес қылмыс жасаған кезде он төрт жасқа толған адам мына қылмыстар үшін қылмыстық жауапқа тартылады: адам өлтіру (ҚК-тің 96 бабы), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (ҚК-тің 103 бабы), ауырлататын мән-жайларда денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (ҚК-тің 104 бабының 2 бөлігі), зорлау (ҚК-тің 120 бабы), нәпсікұмарлық сипатындағы күш қолдану (ҚК-тің 121 бабы), адамды ұрлау (ҚК-тің 125 бабы), ұрлық (ҚК-тің 175 бабы), тонау (ҚК-тің 178 бабы), қарақшылық (ҚК-тің 179 бабы), қорқытып алушылық (ҚК-тің 181 бабы), ауырлататын мән-жайларда автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (ҚК-тің 185 бабының 2, 3, 4 бөліктері), ауырлататын мөн-жайларда бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (ҚК-тің 187 бабының 2, 3, бөліктері), терроризм (ҚК-тің 233 бабы), адамды кепілге алу (ҚК-тің 234 бабы), терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау (ҚК-тің 242 бабы), қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу (ҚК-тің 257 бабының 2, 3 бөліктері), тағылық (ҚК-тің 258 бабы), есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу (ҚК-тің 260 бабы), ауырлататын мән-жайларда өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау (ҚК-тің 275 бабының 2 бөлігі), көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру (ҚК-тің 299 бабы).
Қылмыстардың бұл тізімі толық болып табылады, кең түсініктеме беруге жатпайды.
ҚК-тің 15 бабының 2 бөлігінде көрсетілген қылмыстар үшін 14 жастан жауаптылық болады, егер бұл қылмыстар қасақана жасалса.
Егер 14 жас пен 16 жастың арасындағы кәмелетке толмаған адам жауаптылық 16 жастан бастап көзделген қылмысты жасауға қатысса және де жауаптылық 14 жастан бастап көзделген басқа қылмысты да жасаса (ҚК-тің 15 бабының 2 бөлігі), оңда ол жауаптылық 14 жастан бастан қарастырылған қылмысты жасағаны үшін ғана жауапқа тартылады. Мысалы, бандитизмге (ҚК-тің 237 бабы) қатысқан14 жастан 16 жас аралығындағы көмелетке толмаған ұрлық, тонау, қарақшылық, зорлау, қасақана өлтіру үшін жауапқа тартылады, егер бұл қылмыстарды ол шабуыл жасау барысында жасаса, ал бандитизм үшін жауапқа тартылмайды.
Қылмыс нышандары бар әрекетті жасаған, жасы 14-ке толмаған балалар ешқандай қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Олар ішкі істер органдарының ұсыныстары бойынша, егер кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның қорытындысы болса, тәрбиелеу сипатындағы мәжбүрлеу шаралары қолданылып соттың ұйғарымымен тәрбиелеудің ерекше жағдайлары бар арнайы оқыту-тәрбиелеу мекемелеріне жіберіледі (11 жастан 14 жас аралығындағы құқық бұзушыларға арналған арнайы жалпы білім беретін мектепке).
Егер сот жеткіншекті арнайы оқыту-тәрбиелеу мекемесіне жіберудің қажеті жоқ деп тапса, ол ұсынысты қанағаттандырудан бас тартады, ал материаддарды кәмелетке толмағандардың і стері бойьшша комиссия туралы Ереженің 30 бабында көрсетілген тәрбиелеу сипатындағы басқа шараларды қолдануы үшін кәмелетке толмағандардың істері жөніндег і комиссияға жібереді.
Кейбір қылмыстар үшін кәмелетке толмағанға 14 жастан, ал басқалары үшін 16 жастан қылмыстық жауаптылық белгілегенде заң шығарушы кәмелетке толмағанның бұл жаста өз іс-әрекетінің сипатына есеп бере алатындығына, оның қоғам үшін қаншалықты қауіпті екенін ұғына алатындығына, өз әрекетіне ие бола алатындығына сүйенген.
Заң қылмыстық жауаптьшықтың жалпы жасы 18 жас деп белгілегенмен, субъекттің ерекше нышандарына немесе қылмыстық заңда көрсетілген іс-әрекеттердің сипатына байланысты кейбір қьшмыстардың субъектісі көмелетке толған, яғни 18 жасқа толған адам ғана болады.
Мысалы, бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (ҚК-тің 367 бабы), кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту (ҚК-тің 132 бабы) сияқты қылмыстардың субъектілері; әскери қьшмыстардың жөне бірқатар басқа қылмыстардың субъектілері тек 18 жасқа толған адам ғана бола алады.
Кәмелетке толмаған адам қылмыс жасағанда оның жасы анықталуы тиіс (туған күні, айы, жылы).
Адам туған күні емес, келесі төуліктен бастап белгілі бір жасқа (14, 16, 18) толды деп саналады.
Кәмелетке толмағанның жасын сот-медициналық сараптама анықтағанда оның туған күні сараптама атаған жылдың ең соңғы күні (яғни 31 желтоқсан) болады, ал ең аз және ең коп жас беріп анықтағанда, сараптама болжаған ең аз жас алынады.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары жайындағы істерде олардың тұрмыс жағдайына, тәрбиесіне психикалық даму деңгейіне баса назар аудару қажет.
Кәмелетке толмағанның психикасының мешел дамығандығы жөнінде деректер болса оның психикалық даму дәрежесін, оз іс-әрекетінің маңызын толық ұғына алмағандығын, оған қаншалықты ие бола алғандығын анықтау қажет. Ол үшін, қажет болған жағдайда, балалар мен жастар психологиясы саласындағы мамандар (психолог, ұстаз) сараптама жүргізуге тиіс немесе бұл мәселелерді сарапшы-психиатрдың шешуі қажет. Қылмыстық кодекстің 15 бабының 3 бөлігіне сәйкес, егер кәмелетке толмаған адам осы баптың бірінші немесе екінші бөлігінде көзделген жасқа толса, бірақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде түсіне алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес.
Қылмыстық заң қылмыс субъектісінің жасы кәмелетке толмауына байланысты қылмыстық жауаптылық пен жазаның бірқатар ерекшеліктерін қарастырады.
ҚР Қылмыстық кодексінде кәмелетке толмағандардың жауаптылығы туралы мәселелер Жалпы бөлімде, «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы» деп аталатын VI бөлімде қаралған.
Қылмыстың арнаулы субъектісі
Қылмыстық заң белгілі жасқа толған, есі дұрыс кез-келген жеке тұлға емес, ерекше, қосымша нышандары бар адамдар ғана субъекті бола алатын қылмыстарды да көздейді. Мысалы, ҚК-тің 17 бабының 1 және 2 бөліктерінде көзделген заңсыз аборт жасаудың субъектісі тек дәрігерлер, қызмет өкілеттігін теріс пайдалануда (ҚК-тің 307 бабы) тек лауазымды адамдар субъект бола алады.
Бұл қылмыстардың ерекшелігі сонда, бұларды тиісті нышандары жоқ адамдар жасай алмайды.
Күшіндегі қылмыстық заңда арнаулы субъекті ұғымына анықтама берілмеген. Арнаулы субъектілерді сипаттайтын нышандар ҚК-тің Ерекше бөлімінің нормаларында көзделген.
Қылмыстың арнаулы субъектісі дегеніміз — субъекттің жалпы нышандарымен (есі дұрыстық, белгілі бір жасқа толу) қоса ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті нормаларында көзделген тағы да қосымша нышандары бар, солардың арқасында сол қылмысты жасауға мүмкіндігі бар адам.
Арнаулы субъектілердің жауаптылығы көзделген қылмыс құрамдары арнаулы субъектісі бар құрамдар деп аталады.
Қылмыстық кодексте арнаулы субъектісі бар көптеген нормалар кездеседі.
КҚ-тің Ерекше бөлімінде арнаулы субъектілері бар кұрамдар көзделмеген бірде-бір тарау жоқ. Екі тарау — «Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыс» деп аталатын 13 тарау мен «Әскери қылмыстар» деп аталатын 16 тарау тек тектік объекті бойынша да бөлініп алынған. Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың және әскери қылмыстардың көпшілігінің субъектілері, тиісінше, тек лауазымды адамдар немесе әскери қызметкерлер, сондай-ақ өскери жиын кезінде запастағы азаматтар болуы мүмкін.
Арнаулы субъектілер тек қылмыстың орындаушылары ғана болады. Арнаулы субъектінің нышандары жоқ басқа адамдар тек қылмысқа қатысушылар бола алады.
Арнаулы субъектің нышандары, көптеген жағдайларда, қылмыстың нақты құрамын қарастыратын ҚК-тің нормасында тікелей көрсетіледі. Мысалы, ҚК-тің 350 бабының диспозициясында қылмыс субъектісі ретінде тікелей судья көрсетілсе, КҚ-тің 345 бабында — анықтама жүргізуші адам, — тергеуші немесе прокурор көрсетілген.
Басқа жағдайларда арнаулы субъектінің нышандарына диспозицияда болжам жасалынады, бұл ретте олар түсініктеме беру арқылы анықталады. Мысалы, зорлағандық үшін жауаптылық көзделген КҚ-тің 120 бабына түсініктеме беру жолымен бұл қылмыстың субъектісі — орындаушысы ер адам деген тұжырым жасауға болады.
Кейбір жағдайларда арнаулы субъектінің нышандары КҚ-тің ерекше нормасында белгіленеді. Мысалы, ҚК-тің 307 бабының ескертуінде лауазымды адам ұғымы берілген, ал ҚК-тің 366 бабында ескери қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық көтеретін адамдардың тізімі келтірілген.
Көрсетілген жағдайларда арнаулы субъект ұғымы қылмыстар құрамдарының едәуір саны үшін берілген, оларға — мемлекеттік қызмет мүддесіне
қарсы қылмыстар мен әскери қылмыстардың барлығы жатады.
Қылмыстық жауаптылық туралы мәселені шешкенде, сондай-ақ айыпкердің іс-әрекетін саралағанда, қылмысты жеке даралағанда арнаулы субъектінің нышандарын анықтаудың маңызы зор. Арнаулы субъектінің ҚК-тің Ерекше бөлімінде көзделген нышандарының болмауы сол қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықты болдырмайды. Мысалы, лауазым иесі болып табылмайтын адамның қызметке селсоқ қарауы ҚК-тің 316 бабы бойынша қылмыстық жауаптылықты болдырмайды, себебі тек лауазым иесі ғана қылмыстың субъектісі бола алады.
Арнаулы субъектінің нышандары, кейбір жағдайларда, жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесін көтеретін мән-жайға айналып, қылмыстың негізгі құрамын сол түрдегі қылмыстың саралаушы құрамына айналдырады, не жауаптылықты жеңілдететін мөн-жайға айналады.
Мысалы, қызмет өкілеттігін теріс пайдаланудың құрамы (ҚК-тің 307 бабы) негізгі құрамнан саралаушыға өтеді, егер бүл әрекетті жауапты мемлекеттік қызметтегі адам жасаса (ҚК-тің 307 бабының 2 бөлігі).
Анасының өзінің сәбиін туып жатқан кезінде, сол сиякты одан кейінгі кезенде психикасын бұзатын жағдайда немесе есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасы бұзылуы жағдайында өлтіруі (ҚК-тің 97 бабы) осы қылмыс үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жай болып табылады.
Арнаулы субъектінің нышандары әрқалай болады жөне адамның жеке басының әртүрлі қасиеттеріне қатысты болады.
Арнаулы субъектінің КҚ~тің Ерекше бөлімінің нормаларында көзделген барлық нышандары мына топтарға бөлінеді:
-
адамның құқықтық жағдайын сипаттайтын нышаңдар — әскери қызметкер, әскери міндетті (ҚК-тің 366 бабы), ата-аналар, жұбай-зайып, балалар (КҚ-тің 136, 140 баптары, т.б.);
-
демографиялық нышандар, айыпты адамның дене құрылыс қасиеті — жынысы (ер адам — КҚ-тің 120 бабы), жасы (кәмелетке толмаған — ҚК-тің 131, 132 баптары), денсаулық жағдайы (соз ауруымен науқас адам — ҚК-тің 115 бабы, иммунтапшылығы вирусымен (ВИЧ-СПИД) ауырған адам — ҚК-тің 116 бабы) жөне т.б.;
-
қызметтік жағдайын, атқаратын жұмысын сипаттайтын нышандар және адамның кәсібін сипаттайтын нышандар — судья, теміржол, теңіз, әуе, өзен көлігінің қызметкері, т.б. (ҚК-тің 114, 117, 295, 307, 350 баптары, т.б.);
-
адамның бұрынғы кеңеске қарсы қызметін немесе неше қайтара қылмыс жасағандығын — соттылығы бар екендігін сипаттайтын нышандар (бұрын бұзақылық үшін сотталған адам — КК-тің 257 бабы 2 бөлігінің «в» тармағы, т.б.), неше қайтара жасалған ұрлау (КҚ-тің 175 бабы 2 бөлігінің «б» тармағы) және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |