3-ші САБАҚ
ҚҰРҒАҚ ЗАТ, ҚМСҚ ЖӘНЕ СҮТТІҢ ҚУАТТЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ
Құрал-жабдықтар: әр түрлі өлшеуіші бар таразы, кварцты құмы және шыны таяқшалары бар алюминді стақандар, құмы және шыны таяқшалары бар алюминді стақандар, кептіргіш шкаф, 10 мл пипетка, су моншасы, АМ-2 құрылғысы, бастырылған ұштары бар шыны таяқша, сүлгі, дистилденген су.
Құрғақ зат сүттің сіңіру құндылығының көрсеткіші болып табылады. Сүтте 12,5% құрғақ зат болады. Сүттің құрамының өзгеруіне байланысты құрғақ зат та өзгеріп отырады. Сүт құрамындағы құрғақ затты аналитикалық тәсілмен (102-1050С), ал өнеркәсіптік жағдайда формула бойынша есептеу әдісімен анықтайды.
Арбитражды әдіс. Кварц құмы және шыны таяқшасы бар екі стақанға техникалық таразыға өлшенген бірдей сынамадағы 10 г кептірілген құрғақ сүтті саламыз. Стақанды 1050С температурада кептіру шкафына салып, қалыпты салмаққа дейін үзіліссіз араластыруды қажет етеді. Бірінші өлшеу 1,5-2 сағаттан кейін өткізіледі, ал келесі -30 минуттан соң. Талдауды тездету үшін қайнап жатқан су моншасында кептіріп, содан соң кептіру шкафында қайта кептіруге болады.
Дуденков әдісі. 3-5 дәкесі бар 2 алюминді стақанға қалыпты салмаққа дейін кептірілген, 1 сынамадан 3г сүтті өлшеп салу қажет. Стақанды 102-1050С температурада кептіру шкафына салу қажет.
Құрғақ заттың пайызын есептеу. Егер де параллельді анықтаудың қорытындысы 0,05% ұқсас келетін болса талдауды қайталау қажет. Қорытындысын дәптерге жазу керек.
Профессор Я.С.Зайковский формуласы
С=1,215 х Ж+ (100 х П - 99,823 ⁄ П)
Қалыпты формула (Форингтон формуласы)
С= 4,9 х Ж + а ⁄ 4+ 0,5, мұнда
С- сүттегі құрғақ зат пайызы
П- тығыздық г⁄см3 (мысалы 1,0295)
а- ареометр градусы бойынша тығыздық (мысалы 29,5)
Сүттегі көп өзгертулер әр түрлі факторлардың әсерінен көбінесе май ұшырайды, сондықтан сүттің сапасын оның құрамындағы ақуыз, лактоза, минералды тұздардың болуымен сипатталады. Олар жалпы санда құрғақ майсызданған сүт қалдығын - ҚМСҚ құрайды. Бұл көрсеткіш көбінесе тұрақты 8,5% тең.
ҚМСҚ-ны қалыпты формула бойынша, құрамындағы май мен құрғақ заттың болуымен , АМ-2 құрылғысымен анықталады.
А) АМ-2 құрылғысымен, рефрактометрикалық әдіспен анықтау.
Анықтау техникасы. Құрылғының таза, астыңғы призмасына 2-3 тамшы дистилденген су құю керек, үстіңгі призманы жабу, жарық сәулесін жағып, реттеу бұрамасын көмегімен ашық және қоңыр түсті шкаласы бойынша есеп жүргізу қажет. Призманы мақтамен құрғатып сүрту қажет.
Сүттен алынған есеп пен дистилденген судың есебінен сүттегі ҚМСҚ-ның пайызын анықтаймыз.
Б) құрғақ зат пен май арасындағы айырма бойынша
% ҚМСҚ = С - Ж
Бұл тапсырманы орындағанда 2-ші тапсырмада алынған деректерді қолданамыз.
В) формула бойынша:
% ҚМСҚ = Ж ⁄ 5+a ⁄ 4+0,76
Жалпы ақуыз % = ҚМСҚ х 40 ⁄ 100
Жалпы қант % = ҚМСҚ х 52 ⁄ 100
Күл % = ҚМСҚ х 8 ⁄ 100
Сүт майының қуаттылығы 9,0 ккал, ақуызы - 4,0, сүт қанты - 3,8ккал.
1 ккал- 4,184 к Дж
4-ші САБАҚ
СҮТ АҚУЫЗДАРЫНЫҢ КӨЛЕМІН АНЫҚТАП, ОЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ
Құрал-жабдықтар: 100-200 мл стақан, 1,2,5,10 мл пипетка, 10-15 мл пробирка, капельница, АМ-2 сүт анализаторы, редуктазды құрылғы, су моншасы, шыны түтік, жапқышы бар 10мл сауыт, мақта тампоны, сүлгі, 100 мл өлшеуіш цилиндр, 250-300 мл колба, форфорлы шыны аяқ, құйғыш, қағаз фильтр.
Реактивтер: 0,1 н сілті ерітіндісі, 1 пайыздық фенолфталеиннің спиртті ерітіндісі, 37-40 пайызды жаңа бейтараптанған формалин, 0,01 пайыздырозанилиннің спиртті ерітіндісі, 4 пайызды хлорлы калий ерітіндісі, дистилденген су, 5 пайызды сірке су ерітіндісі, 1 пайыз ұлтабар ферменті ерітіндісі. Эталонды дайындау – 10 мл сүтке 2-3 тамшы 0,01 пайызды розаоиннің спиртті ерітіндісін қосу.
Сиыр сүтінде орта есеппен 3,3 пайыз ақуыз, соның ішінде казеин 2,7 пайыз, альбумин 0,5 пайыз және 0,1 пайыз глобулин.
Қазіргі уақытта сүт құрамындағы ақуызды анықтау үшін келесі әдістер қолданылады:
А) формальді титрлеу әдісі
Б) рерактометрлік әдіс (АМ-2 аспабында)
В) оранж – Ж бояғыш адсорбция әдісі
Г) Къелдаль әдісі
Ақуызды анықтағанда ең нақты нәтижелерді Къельдали әдісі береді, бірақ ол көп уақыт алатындықтан лабораториялық жағдайда бірінші үш әдісті қолданады.
Сүттегі ақуыз құрамын формальді титрлеу әдісімен анықтау
Әдіс сүт ақуызының амин тобын нитрлейтін формалин құрамына негізделген. Реакция барысында метиламин қышқылы түзіледі, ол ақуыз қышқылды қасиетін жоғарылатады, нығайтады. Қышқылдың жоғарылау дәрежесіне байланысты ақуыз санын анықтайды.
Анықтау техникасы. Стақанға пипеткамен 10 мл зерттелетін сүтті өлшеп алып, оған 10-12 тамшы 1 пайызды фенолфталеинді спирт ерітіндісін құяды және эталон бойынша боялғанша 0,1 н сілті ерітіндісімен тирлейді. 2 мл жаңа нитрленген 37-40 пайызды формалин қосады. Қызғылт түз жоғалады. Бюреткадағы сілті деңгейін өлшеп, эталон бойынша боялғанша қайта титрлейді. Жалпы ақуыз санын анықтау үшін 0,1 н сілті ерітіндісін 1,94 коэффициентіне көбейту, казеинді анықтау үшін 1,51 коэффициентіне көбейту керек. Екі параллельді анықтамадан кем жасамау керек. Титрлеу кезіндегі айырмашылықтар0,05 мл сілтіден аспауы тиіс.
Есеп мысалы. 10 мл сүтті титрлеу үшін 1,7 мл 0,1 н сілті ерітіндісі жұмсалды. Сүттің құрамындағы жалпы ақуыздың мөлшері 1,7×1,94=3,26%.
АМ-2 приборымен сүттің құрамындағы жалпы ақуыз мөлшерін анықтау.
Бұл әдіс прибордың «Ақуыз» әр түрлілігінің арасындағы көрсеткіштер шкаласының зерттелетін сүт пен іріткіден өтетін жарық сәулесінің сынуын анықтауға негізделген.
Анықтау техникасы. Аспапты электр желісіне қосу. Призма жазықтығын дистилденген сумен жуып, құрғағанша сүрту. Төменгі призмаға шыны таяқшамен 3-4 тамшы іріткі тамызып, оны жоғарғы призмамен жабу.
Жоғарғы призманың астындағы тесікке жарық түсіріп орнату. Окулярға байқап отырып, тұтқаны қара (жоғарғы жақ) және жарық (төменгі жақ) көру алаңының нақ шерарасын анықтағанша айналдыру.
Түзетуші шкаланың үш үзік сызығы қараңғы жақты жарық жақтан ажыратып тұратын сызыққа қарама-қарсы тұруы керек. Ақуызға арналған шкала арқылы бағдарша белгілерін есептеп шығару(Сс). Жоғарғы призманы аздап жоғарылату, жоғарғы және төменгі призмаларды құрғағанша сүрту. Төменгі призмаға 3-4 тамшы сүт тамызып, жоғарғы призмамен жабу. Түзетуші шкаласының қараңғы және жарық көру алаңының арсындағы шекарада іріткіні тамызу арқылы қалай үш үзік сызықты анықтайды. Ақуызға арналған шкала арқылы бағдарша белгілерін есептеп шығару(См). Белокты келесі формула арқылы есептеп шығару.
Б=См-Сс, мұнда
Б – жалпы белоктың құрамы, %;
См – шкала бойынша призмаға сүт тамызғандағы есептеу көрсеткіші;
Сс - шкала бойынша призмаға іріткі тамызғандағы есептеу көрсеткіші.
Есеп мысалы. Сүтті зерттегенде «Белок» шкаласының бағдарша көрсеткіштері – 9,8, ал іріткі зерттеуінде – 6,4.
Іріткі бөлу техникасы. Сауытқа зерттелетін сүтті өлшеп алу, 10-12 тамшы 4 %-дық хлорлы кальци ерітіндісін қосу. Сауытты резенке тығынмен жабады, сілкілеп араластыру және оны 10 минутка қайнап жатқан су моншасына қояды. Қайнаған соң сауыт ішіндегісін суытады және шыныдағы конденсат іріткімен араласқандай сілкиді.
Мақта тампоны арқылы шыны түтікшемен сауыттан бөлінген іріткіні алып, 3-4 тамшысын төменгі призмаға тамызу.
Ерігіш ақуыздар (альбумин және глобулин) қайнағанда тұнбаға түседі.
Казеиннің қышқылмен бөлінуі. Колбаға немесе стақанға пипеткамен 10 мл сүт және 50 мл дистилденген су өлшеп алу. Түзілген қоспаға тамшылап 5 пайыздық сірке қышқылын казеин үлпегі пайда болғанша тамызады. Казеин тұнбасын сүзіп алу.
Казеиннің ұлтабар ферментімен бөлінуі. Фарфор ыдысқа 30-40 мл 35-400 С дейін жылытылған сүт құяды. Жылдам араластырғанда 5 мл 1пайыздық ұлтабар ферментінің ерітіндісін құяды және 3-5 минутқа тыныштыққа қояды. Ұйығандықтың пайда болуын бақылаймыз – параказеин. Ұйығанды кеседі және іріткі бөлу үдегенге дейін жылыту.
Альбумин мен глобулиннің жылумен бөлінуі. Казеин бөлу кезінде алынған 5-10 мл мөлдір фильтрат, тұнбаның пайда болуын бақылай отырып стақанды қайнату, ал содан соң альбумин және глобулин коагуляциясы.
.
Анықтау техникасы. Стақанға дистилденген су құйып (30-350С) және оны Анализатор қуысының алдыңғы жақтағы корпусына орнатады. 4-5 минуттан соң өлшеу нәтижелері сандық индикаторларды шығарады: МАЙ, СОМО және стақанға су құйылу байқалады. Жоғарыда көрсетілген өлшемдерді 2-3 рет қайталау тиіс.
Егер дистилденген судағы көрсеткіштер май бойынша 0,06 пайыздан, СОМО бойынша – 0,20-0,30 пайыздан аспаса, аспап жұмысқа дайын. Келеңсіз жағдайда оны жуып, өлшеулерді қайталау керек.
Аспапты 30 мин уақытында соңғы рет су аққан соң стақанды нишадан шығармай қыздырады.
Сүт сынамасын дайындау. Май қабаты тұнып қалған болса (қаймақ), сүтті су моншасында 40-450 С қыздырады және араластырып, 30-35 0 С температурасына дейін суыту қажет.
Анализға қышқыл сүтті қолдануға мүлдем рұқсат етілмейді.
Сүт сынамасы бар стақанды анализатор қуысына орнату. 4-5 минут өткен соң, май және СОМО салмақ үлесінің нәтижелері индикаторларға шығады және сүт сынамасы стақанға ағады. Өлшем нәтижелерін белгілеп алып және қайталау керек.
Егер екі жалғасқан анализдің жалғасу уақыты бір сағаттан көп болса, өлшенетін ұяшықтарды келесі ретпен жуу қажет:
-
250 мл шамасында таза суды 70-80 0 температурада жылытып, суды 6-8 реттен кем емес төгіп, қайта құйып анализаторды жуу. Төгудің жылдамдығын тездету үшін стақанды су алған соң, қуыстан алып, қайта шапшаңдылықпен орнына қою керек;
-
аспапты дистилденген суиен жуу керек;
-
жұмыс аяқталған соң аАнализаторды синтетикалық жуу заттары қосылған сумен жуу қажет.
Уақыт бойынша сүттің ұюын 3 топқа бөледі: Бірінші топқа – 15 мин аралығында ұйыған сүтті, екінші топқа – 16-дан 40 мин-қа дейін, үшінші топқа – 40 мин-тан жоғарыларды жатқызады. Нәтижесін жазып ал.
5 САБАҚ
Сүтті пастерлеу және табиғилығын бағалау
Аспаптар мен жабдықтар. Шыны түтікке арналған таған, шыны түтік, 1, 2, 5, 10, 20 мл арналған пипетка, термометрі бар су моншасы, тамызғыш, 100 мл сыйымдылыққа арналған химиялы стақандар, құйғыш, сүзгіштер, 50 мл арналған шыны сауыт.
Реактивтер. Натрий фенолфтаеинфосфат ерітіндісі, йодталған кальций крахмалды ерітіндісі, 0,5 пайыз сутегі тотық ертіндісі, кез-келген әлсіз қышқыл ерітіндісі, күкірт қышқылы тығыздығы 1,82 (100 мл күкірт қышқылына 1 тамшы тығыздығы 1,030 болатын берік азот қышқылын тамызу).
Сүттің табиғилығын анықтау
Шаруашылықтан мемлекетке сатылатын барлық сүт табиғи болуы тиіс. Табиғи сүт астарында ешқандай негізгі құрамы алынып, бөгде зат қосылмаған сүт айтылған.
Сүттің табиғилығын анқтағанда сүттің немен бұрмаланғандығын (бұрмалау сипаты) және қаншалықты (бұрмалау дәрежесі) екені анықталады. Бұрмалау сипаты мен дәрежесін анықтау үшін сүттің орындық және зерттелетін сынауларын білу керек: тығыздық, май құрамы, СОМО және құрғақ заттар.
а) Жеке көрсеткіштердің өзгеруі бойынша бұрмалау сипатын анықтау (май құрамы, СОМО және құрғақ заттар және тығыздық):
сүтті сумен сұйылтқан кезде тығыздық, қышқылдылық, май құрамы, құрғақ зат және СОМО төмендейді;
қаймағы алынбаан сүтті майсыздандырылған немесе қаймақпен сұйылтса тығыздық жоғарылайды, азын-аулақ СОМО пайызы жоғарылайды, ал май құрамы төмендейді;
екі мәрте бұрмалаған кезде, яғни сумен де, майсыздандырылған сүтпен де сұйылтса, май құрамы күрт төмендейді, майсыздандырылған қалдық құрамы аздап төмендейді, ал тығыздығы бір қалыпта немесе соған жақын болады.
б) Бұрмалау дәрежесін келесі формулаларды пайдаланып есептейді.
1. қосылған су % =((СОМО-СОМО1)/СОМО)*100;
2. қосылған майсыз сүт % =((М-М1)/М)*100;
3. екі мәрте бұрмалағанда алдымен бұрмалау дәрежесі, ал содан соң су және майсыздандырылған сүт мөлшерін жеке анықтайды.
А. Су және майсыз сүт % =100-(М1*100)/М
Б. Қосылған су % = 100-(СОМО1*100)/СОМО
В. Майсыз сүт % = А-Б
Белгіленуі: ҚМСҚ – құрғақ майсыздандырылған сүт қалдығы «орынды» сынама; ҚМСҚ1 – бұрмаланған сынаманың құрғақ сүт қалдығы; М – «орынды» сынамадағы май %; М1 – бұрмаланған сынамадағы май %.
Фосфотазды сынама
Фосфотаза ферменті 63-65 0 С температура шыдамдылығымен 30 мин уақытында жойылады. Фосфотазды сынама бойынша сүттің пастерленгендігін немесе шикілігін анықтауға болады. Ол тіпті пастерленген сүтке 2% шикі сүт қосылғандығын анықтайды.
Анықтау техникасы. Шыны түтікке 2 мл зерттелетін сүт пен 1 мл натрий фенолфталеинфосфатын құяды. Шыны түтікті тығынмен жабады, шайқап, 38-400 С су моншасына 40 мин қояды. Қызғылт түстің көрінуі фосфотаза ферменті. Яғни, сүт шикі немесе жеткілікті пастерленбеген немесе сүтке шикі сүт қосылған.
Пероксидазды сынама
Сүтті 750 С-қа дейін 10 с және одан да жоғары уақытта қыздырса пероксидоз жойылады.
Анықтау техникасы. Шыны түтікке зерттелетін 5 мл сүт, 5-6 тамшы сутегі тотығы ерітіндісін құйып, мұқият араластырады. Шикі және толық пастерленбеген сүт көгілдір түске боялады.
Лактоальбумин сынамасы
800 С жоғары қыздырса сүт альбумині тұнбаға түседі. Пастерленген сүт іріткісін 800 жоғарылағанда қайнатқанда альбумин өлпектері тұнбаға түспейді.
Анытау техникасы. Стақанға 5 мл сүт және 20 мл су құяды. Әлсіз қышқыл ертіндісін 24 казеин өлпектері түкенше қосып, сүзіп алу. Сүзу соңында алынған мөлдір іріткіні 5-10 мл мөлшерінде қайнатуы және альбумин өлпектерінің бар болуын анықтау.
Сабақ 6
Дайындалып жатқан сүтке ГОСТ. Белсенді және титрленетін қышқыл. Сүттің бактериалды тұқымдылығын және тазалық дәрежесін анықтау.
Аспаптар мен жабдықтар: рН-литр, редуктазник, сүт тығыздығын анықтайтын аспап, 1, 5, 10 және 20 мл арналған пмпеткалар, сүт тазалығын анықтауға арналған эталон, лавсанды, фланелді немесе мақталы сүзгіштер, конусты шыны сауыт және 100 мл сыйымды стақан, бюретка, тамызғыштар, заттық шыны, плиткалар.
Реактивтер: метил көгінің қалыпты ерітіндісі, 0,005 % резазуриннің су ерітіндісі (ерітінді 24 сағ көп сақтау керек), ащы натрийдің 0,1 н ерітіндіс (титрленетін ыдысқа салынады), фенолфталеиннің 1%-дық спиртті ерітіндісі, бояудың бақылау эталоны, 72 % этил спирті, дистилденген су.
Сүттің санитарлы-гигиеналық жағдайы механикалық қосылыстардың бар болуымен сипатталады (топ тазалығы) бактериалды тұқымдылық, микрофлора сипаттамасымен, ауру қоздырғыштардың болуы және басқалары. Қышылдылығына байқап сүт балғындығын анықтайды.
Көрсеткіштер – сүттің тазалық тобы, бактериалды тұқымдылығы және қышқылдылығы сортын анықтағанда арбитражды болады.
ГОСТР 52054 – 2003 бойынша шикі сүтті 4-ке бөледі: жоғары, бірінші, екінші және сортталмаған.
Кесте 7 – Шикі сүттің сорт бойынша сипаттамасы
Көрсеткіштер
|
Сүтке арналған қалып
|
Жоғары сорт
|
Бірінші сорт
|
Екінші сорт
|
сортсыз
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Иісі және дәмі
|
Сүтке тән таза, бөтен иіс және өзге дәмдерсіз
|
Көрсетілген азықтандырғышөзге дәм мен иіс
|
|
Қыс-көктем кезінде әлсіз азықтандырғыш өзге дәм мен иіс рұқсат етіледі
|
|
Консистенция
|
Біртекті тұнбасыз және өлпексіз сұйықтық. Қатыру рұқсат етілмейді.
|
Ақуыз өлпектерінің, механикалық қоспалардың болуы
|
Түсі
|
Ақтан ашық сары түске дейін
|
Ашық сары, ашық сұрдан сұр түске дейін
|
Тығыздығы, кг/м3 кем емес
|
1028
|
1027
|
1027
|
1026,9 кем емес
|
Қату температурасы, 0С
|
-0,520 дан жоғары емес
|
-0,520-дан жоғары
|
Қышқылдылық, 0Т
|
16-18
|
16-18
|
16-20,99
|
15,99 төмен немесе 21,00-ден жоғары
|
Эталон бойынша тазалық дәрежесі, топтан төмен емес
|
1
|
1
|
2
|
3
|
КМАФАнМ, мың/см3
|
300 дейін
|
300-ден 500 дейін
|
500-ден 4000 дейін
|
4000-нан 20000 дейін
|
Соматикалық жасушаның құрамы, мың/см3
|
500
|
1000
|
1000
|
1000-нан жоғары
|
Анықтау техникасы. (қалыпты әдіспен): Шыны түтікке 1 мл метил көгін және 10 мл сүтті өлшеп құяды. Араластырған соң шыны түтікті 100 С өлшеп алу. Араластырған соң шыны түтікті 1,00 С температурада редуктазаға қояды. Уақыт бойынша сүт классын және сүттегі бактерия санын анықтау.
Сүттің резазурин сынама ерекшелігі сүт класын бактериалды тұқымсыздық арқылы 1 сағ аралығында анықтауға болады. Редуктаза ферментінің әсерінен резазурин қызғылт түсті резофуринге айналады. Айналу кезінде көгілдір түстен бояу барлық түстерді өткеріп, тіпті ақ та, қызғылт түс болады.
Кесте 8.
Сүт классы
|
Түссіздену ұзақтығы, сағ
|
1 мс3 сүттегі бактериялардың нысана мөлшері
|
Жоғары
|
3,5 жоғары
|
300 мың-нан астам
|
1
|
3,5
|
300 нан 500 мыңға дейін
|
2
|
2,5
|
500 мыңнан 4 млн дейін
|
3
|
40 мин
|
4-тен 20-млн-ға дейін
|
Анықтау техникасы. Шыны түтікке 1 мл 0,005 пайыздық резазурин ерітіндісін және 10 мл сүт құяды. Араластырып тығынмен жауып, 37ұ 10 0 С температурасымен су моншасына 1 сағ қояды. Кестені пайдалана отырып, сүттің бактериалды былғануын анықтау. Нәтижесін 8-кестеге жазу.
Анықтау техникасы. Метал торшаға домалақ сүзгіш салу. 250 мл шамасында сүтті 35-40 0 С температурасында қыздырып, мұқият араластырып және аспап ыдысына құю. Сүтті сүзудің соңына сүзгішті таза қағазға салып, құрғатып, эталонмен салыстырып және механикалық былғану тобын анықтау. Зерттеу нәтижелерін 7-кестеге жазу.
А) белсенді қышқылдылық (оқытушы айтады)
Б) Балғын сүттің жалпы қышқылдылығы (титрленетін қышқылдылық) құрамындағы ақуыз, қышқыл тұз және газдарға негізделген.
100 мл сүтті титрлеу үшін жұмсалған денитрленген сілті мөлшері Тернер (0Т) градусымен көрсетіледі, ол қышқылдылық деп аталады.
Сүт қышқылдылығын анықтаудың бірнеше әдісі бар, дегенмен стандартты әдісі көп қолданылады (титрометрлік әдіспен).
Анықтау механикасы. Алдын ала 200 С температурада жылытылған 10 мл сүтті шыны сауытқа құйып, жақсылап араластырады. 20 мл дистилденген су су және 2-3 тамшы фенолфталеинмен қосады. 0,1 н сілті ерітіндісін әрдайым араластыра отырып, 1 мин ішінде жоғалып кетпейтін әлсіз қызғылт түс пайда болғанша бюреткадан шыны сауытқа қосып отыру керек. Сілті мл-нің санын 10-ға көбейту керек, яғни 100 мл қайта емептеу керек.
Параллелді анықтамалардың айырмашылығы ұ 1 0 Т аспауы керек.
Егер дистилденген су болмаса, сүт қышқылдылығын онсыз анықтауға болады. Бұл жағдайда титрлеу нәтижесін 20 Т қысқарту керек.
Шектік қышқыл деп максималды қышқылдылықты айтады, сүт балғын деп саналады және оны сүт заводтарында қабылдайды. Шектік қышқыл 200 Т деп алайық. Бұндай жағдайда 10 мл сүтті титрлеу үшін 2 мл 0,1 н сілті ерітіндісі жұмсалады, ал 5 мл -1 мл.
Шыны түтікке бюреткадан 1 мл 0,1 н сілті, 2 тамшы фенолфталеин және 10 мл су өлшеп алу. Осы шыны түтікке 5 мл зерттелетін сүт құйылады. Шыны түтікке жауып, шайқап (аудара отыра) және түсі бойынша сүт сапасын анықтау: балғын – шектік қышқылдылықтан төмен немесе жоғары қышқылдылықпен (балғын емес).
Жұмыс 7
Қайнатылған сынама, алкоголді сынама, қышқылды-қайнатылған сынама, сүтті қантты, хлорлы, золды анықтау.
Қоюлатылған стерилденген сүт өндіруге арналған сүт термотұрақтылыққа тексеріледі. Термотұрақтылық төмендесе, қышқылды-қайнатылған, алкоголді, хлоркальцийлі және жылы сынамасын қолданады. Барлық бұл сынамаларды майсыздандырылған сүтпен құяды.
Сүттің термотұрақтылығын анықтау.
Фосфатты сынама. Шыны түтікке 10 мл сүт өлшеп алып, оған 1 мл 1,5 н бір негізді фосфорқышқылды калий ерітіндісін қосып, шайқап, шыны түтікті 5 мин су моншасына қояды. Төмен термостұрақтылықты сүтте шыны түтікте өлпектер пайда болады, яғни зарарсыздандырылған сүт өндіруге жарамсыз.
Қышқылды-қайнатылған сынама. 3 таза құрғақ шыны түтікке 10 мл сүттен құ яды, сәйкесінше 0,7, 0,8 және 0,9 мл 0,1 н күкірт қышқылы ерітіндісін құйып, шыны түтіктерді 3 мин қайнап жатқан суда ұстайды. Тұрақты қалпында ақуыз фазасы болса 0,7 және 0,8 0,1 н күкірт қышқылы қосылған шыны түтіктерде сүт ұюы болмайды. Егер көрсетілген шыны түтіктерде ұйыса, онда термотұрақтылығы төмен сүт деп саналады.
Алкоголді сынама – сүт термотұрақтылығының дәрежесін анықтауға мүмкіндік беред. Бұл мақсатпен 10 таза, құрғақ шыны түтікке 2 мл сүттен құяды және бірдей көлемде этил спиртін құяды, бірінші шыны түтікке 68 пайыз спирт, ал келесілерне спирт концентрациясы 2 пайыз артып отырады. Шыны түтік құрамын шайқайды (сілкусіз) және реакция 2-3 мин аралығын қабылдайды. 76 пайыз және одан да жоғары пайыздық спирт қосылған шыны түтіктерде ұю болса, төмен термотұрақты сүт деп саналады.
Хлоркальцийлі сынама. Таза, құрғақ шыны түтіктерге 10 мл сүт құяды, әр қайсысына сәйкесінше 0,4; 0,5; 0,6; 0,7; 0,8 және 0,9 мл 1 пайызды кальций хлоридын (СаСl2) қосып, қайнап жатқан су моншасыа 5 мин қояды. Төмен термотұрақты сүттің ұюы өлпектердің пайда болуымен 0,4 және 0,5 мл кальций хориді қосылған шыны түтіктерде байқалады. Сүт ұюы 0,6 мл және одан да жоғары реактив қосылған сынамаларда болады.
Жылулық сынама. Молибден шынылы түтіктерге 2 мл-ден сүт құйып, бетін тығынмен мұқтап жауып, ұстағышқа қояды. Ұстағыш шыны түтіктермен бірге 1300 ұ 1 0 С алдын ала қыздырылған ультротермостатқа құйылады. Температураны 1300 С жеткізу үшін глицерин немесе 1500 с дейін қайнай алатын техникалық май қолданылады. Ұстағыш+шыны түтікті глицерин немесе техникалық майға салған соң, қздырған уақытын коагуляцияның уақытын санайды. Қыздырғаннан бастап 5 мин аралығында коагуляциясы байқалса, онда ол термолабилді сүт деп саналады.
Соңғы уақытта Белоусов, Суровцев және Росихина сүттің термотұрақтылығын анықтайтын АС-2 аспабын ұсынды.
Әдіс келесілерден тұрады: кесеге 5 мл зерттелетін сүтті құйып 1400 дейін жеткізеді. Термотұрақтылықсыз сүт сынамада кесе түбінде сүт толығымен коагуленттенеді немесе күйген ақуыз шапқыны пайда болады.
Сүттегі хлор мөлшерін анықтау. 200 мл шыны сауытқа 20 мл зерттелетін сүт, 100 мл дистилденген су, 10 мл 20 пайыздық күкіртқышқылды мыс ерітіндісін, 8 мл ащы натрий (100 мл суға 1 г-нан)және 2 мл 10 пайыздық хромовоксил калий ертіндісін құяды (индикатор).
Алынған ертіндінің бейтарап реакцияға ие екеніне көз жеткзу керек, олай болмаса оны ащы натри ертіндісімен бейтараптайды. Реакцияны лакмусқа тексереді.
Шыны сауытқа белгісіне дейін дистилденген су құйып, тығынмен жауып, жақсылап шайқайды. Содан соң шыны сауыт ішіндегісін сүзеді.
100 мл өлшеп алып, кірпішті қызыл түс пайда болғанша азотқышқылды күміспен тирлейді(1 л суға 4,788 г азотқышқылды күміс).
10 көбейтілген азотқышқылды күміс 100 мл сүт құрамындағы хлор грамм санына сәйкес келеді.
Хлор пайызы хлор санымен есептеледі, граммен белгіленеді.
АМ – 2 сүт анализаторында рефрактометрикалық тәсілімен сүт қантының (лактоза) құрамында болуын анықтау.
Сарысу сынуының коэффициенті 8 кестеде көрсетілген бойынша, лактоза құрамында болуына сәйкес.
Достарыңызбен бөлісу: |