ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет16/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   102
Хикаялар

Ақыл және түйсіну 
Бұл қауымның iшiнде өте жақсы мiнездi Һуд есiмдi парасатты бір кісі бар 
едi. Ол өз қауымы iстеп жатқандай, бұзықтық, зорлық-зомбылық, надандық 
әрекеттерге бармады. Ол ақылына салып, ойланып, бұл пұттардың 
дұғаларды қабыл қылатын, пенделерге жақсылықты берiп, жамандықты 
қайтаратын нағыз құдай еместiгiн түйсінді. Және әлсiздерге күш көрсетiп, 
зорлық-зомбылық жасаудың жақсы қасиет емес екендiгiн бiлдi. Сондай-ақ 
ол әлсіз адамның қаншалықты кедей, жасы кiшi болса да, қорлық көру үшін 
жаралмағанын, өзгелер секiлдi оның да адам екендiгiн түсiндi. Һуд 
жаратылысты кiм жаратқанын ойлап әрi әлсiздердiң ақысын алып берудің 
жолдарын iздестiре бастады. Ақырында, ол бүкiл әлемдердiң Жаратушысы – 
бір Аллаһқа жол тапты. 
Һуд қауымы тура жолдың көрсетiлуiне мұқтаж болатын. Аллаһ тағала 
бұл қауымды да ұмыт қалдырған жоқ. Керісінше, Һуд қауымын Өз 


19 
мейiрiмiне бөлеп, оларға тура жол көрсетуді қалады. Сөйтіп, ол қауымды 
Жаратушыларына шақыратын, пұттарға табынудың қате әрі кешірілмейтін 
күнә екенiн түсiндiретiн елшi жіберетін болды. Аллаһ адасқандарды иман 
жолына түсіру үшін қауымына Һудты пайғамбар етiп таңдады. Аллаһ тағала 
Һудқа: «Аллаһ сенi ақиқат және иман жолына жолдайды. Ендi сен – бүкiл 
әлемнiң Раббысының елшiсiсiң. Тұр, қауымыңды ескерт. Олардың 
құлшылықтарына қолдан жасалған пұттар емес, бүкіл әлемді Жаратушы 
Аллаһ қана лайық екенiн жеткiз», – деп аян бердi. 
Пайғамбарлық пен кәпірлердің одан бет бұруы 
Һуд бұл ардақты пайғамбарлық мiндетін абыроймен атқаруға кірісті. Ол 
өз қауымына тура жолды түсіндіруге шықты. Ол: «Ей, қауымым! Өз 
қолдарыңмен жасап, өздерің сиынып жатқан бұл тастарың не? Олар 
сендерге пайда немесе зиян келтіре ала ма? Олардың көздерi мен құлақтары 
бар ма? Бұл тастардың ешқандай зиян яки пайда әкеле алмайтынын, ести де, 
көре де алмайтынын көрмейсіңдер ме? Сендердiң бұл істерің ақылға 
сыймайды. Сендерді және сендер табынған тастарды, бүкіл дүниені бір 
Аллаһ тағала жаратқандықтан, құлшылықтарың тек бір Аллаһқа лайық», – 
дедi. 
Һуд олардың түсiнiп, иманға келуінен және тура жолға бет бұруларынан 
үмiттенiп, көптеген насихат сөз айтқан едi. Бiрақ олардың жүрегiнiң тастай 
қаттылығын, құлақтарының кереңдігін, көздерiнiң соқырлығын көріп
санасының ақиқатты қабылдауға жарамайтынын түсінді. Олар: «Ей, Һуд! 
Бiздi шақырып жатқаның қандай іс? Сен бiздiң ата-бабамыз сиынып өткен 
пұттарға ғибадат етудi тоқтатқанымызды қалаймысың? Қалайша сен бiздi 
тек бiр Аллаһқа ғана ғибадат жасауға үндейсің? Ей, Һуд! Бұл пұттар бiздi 
өзің шақырып жатқан Құдайға жақындатып, Оның қасында бiзге шапағатшы 
болмай ма? Ей, Һуд! Бiздi осы күйiмiзде қалдыр. Ата-бабамыз мүсiн-
пұттарға сиынған еді. Бiз де олардың жолын ұстанып, пұттарға сиынамыз. 
Біз бабалар ісінен бас тартпаймыз», – дедi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет