ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет2/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Хикаялар

БІРІНШІ ХИКАЯ 
АДАМ (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ) 
Аллаһтың қалауымен болған жаратылыстың басы 
Құрметті балалар!
Біздің ұлы жаратушымыз Аллаһ тағаланың барлық іске құдіреті 
жететінін білесіңдер ме? Аллаһ тағала адам баласын жаратар алдында сол 
адамзат өмір сүріп, тіршілік құратын, ондағы азықтармен тамақтанып, 
қазбаларды игілігіне пайдаланатын «жер жүзі» деп аталатын бір әлемді 
жаратты. 
Ұлы жаратушы Аллаһтың нені, қашан, қалай жарататыны тек Өзіне ғана 
мәлім. Жер мен әлемді жаратқаннан соң, Аллаһ тағаланың қалауымен 
періштелер жаратылды. Періштелер – Аллаһ тағалаға мінсіз берілген, Ұлы 
Жаратушысына жалықпастан мақтау-мадақтар айтып, құлшылық жасайтын 
жаратылыс иелері. Аллаһ оларды нұрдан жаратты. 
Бұдан соң Аллаһтың құдіретімен «жындар» деген қауым пайда болды. 
Олардың негізі оттан еді. Бірақ оттан жаратылған жындар жер жүзін 
бұзықтыққа толтырды да, Аллаһ жіберген періштелер жасағы оларды сонау 
алыс мұхиттарға қуып жіберді. 
Аллаһ тағаланың Адамды жаратуы 
Аллаһ тағала періштелерді және жындарды жаратқанынан кейін жер 
бетінде өмір сүретін, жер жүзін жақсылықтарға толтыратын, жер қойнауын 
игеретін және «Жер» деп аталатын планетаны көркейтіп, гүлдендіретін 
жаратылыстың түрін жасап шығарып, оны Адам деп атауды қалады. 
Адамның ерекшелігі артына ұрпақ қалдыратын қасиетінде еді. Аллаһ бұл 
жайлы Өзінің құрметті құлдары – періштелеріне хабарлады. Олар бұл 
хабарға таңғалысып: «Жер бетінде бұзақылық жасайтын және қан төгетiн 
біреуді жаратпақсың ба?» – деді. Аллаһ: «Мен сендер білмейтінді бiлемiн», 
– деп, оларға Өзi қалаған пендесін жарататынын әрi өздеріне жаңа 
жаратылысты көрсететiні туралы айтты. Сонан соң Аллаһ тағала Адамды 
жаратпақ болған кезде жерден топырақ әкелуге бұйырды. Сөйтіп, ұлы 
Жаратушымыз Аллаһ адамзаттың ең алғашқысы – Адамды бүкіл жер 
бетінен бір уыс топырақ алдырып, Өз қолымен жаратты да, оған рух (жан) 
үрледі. Осылайша Адам Жаратушымыздың қалауымен қозғалатын, сезетiн 
және көретін тiрi кейіпке ендi.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет