ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет18/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   102
Хикаялар

Ескерту 
Һуд: «Ей, қауымым! Сендерден кiм Аллаһқа және Оның пайғамбарына 
бойсұнып, хақ дiнді қабылдаса, оған бұл дүниеде ешқандай жамандық 
болмайды. Әрi Қиямет күнi Аллаһ тағала қайта тiрiлтiп, есеп алғаннан кейiн 
оны жаннатқа кiргiзедi. Ал кiмде кім кәпiр болып, шектен шықса және 
өркөкiректiк жасап, Аллаһқа бойсұнбаса, таяу арада қызып тұрған тозақ 
отына кiргiзiледi. Ей, қауымым! Аллаһ тағаладан қорқыңдар. Ол сендердi 
жаратты. Және бұл дүниеде сендердiң жандарыңды алады. Сосын Қиямет 
күнi алғашқы жаратқанындай өздеріңді қайта тiрiлтiп, iстеген амалдарың 
үшін есепке тартады да, жаннатқа немесе тозаққа кiргiзедi», – деп қауымына 
Аллаһтың ескертуін жеткізді. Бiрақ бұл қауымның адасуы тереңдеп 
кеткендіктен, Һудқа адамдардың азғана бөлігі иман келтiрдi. Олар ақылына 


21 
бағынып, тура жолды тапқан және пайғамбарды тыңдап, оған бойсұнған 
жандар еді. 
Өз қауымының күпiрлiгiн, қасарысқандығын көргеннен кейiн де Һуд 
пайғамбар насихат айтуды тоқтатпады. Бұған қарамастан қауымы адасуын 
жалғастыра түстi. Бір кезде аспанды қара бұлт торлады. Мұны көрген кәпір 
қауым жаңбыр жауғалы жатыр деп жорып, қуанысты. Бiрақ Һуд бұл 
бұлттың жақсылық әрi жаңбыр бұлты емес, керiсiнше, бұл кәпiрлердiң 
азабына жiберiлген Аллаһ тағаланың жауабы екенiн бiлдi. Оларға: «Ей, 
қауымым! Бұл бұлт сендерге азап ретiнде қатты жел алып келе жатыр. 
Өйткенi сендер шындықты тыңдамай, өздерің үшін надандық пен пұттарға 
табынуды ұнаттыңдар. Ендеше, азаптарың мен қасіреттеріңді күтiңдер», – 
дедi. 
Жоюшы жел 
Шындығында, кәпiрлерге азап жолданған еді. Һуд бұл сөздерiн 
айтқаннан-ақ, Аллаһ тағаладан оған және мүміндерге Ад қауымының 
кәпiрлерінен алыстауларын бұйырған аян түсірілді. Бiраз уақыт өткеннен 
кейiн кәпiрлердiң үстiне олар бұрын-соңды көрмеген жойқын жел соғып, 
ағаштарды жұлып, хайуандар мен басқа заттарды көтерiп, шөл далаға 
лақтырып, ұшы-қиырсыз алысқа ұшыра бастады. Кәпiрлердiң жүрегін 
қорқыныш басып, үрейі ұшты. Олар «жасырынсақ, құтыламыз» деген 
үмітпен үйлерiне асықты. Бiрақ Аллаһтың азабы түзге де, үйге де бiрдей едi. 
Қатты жел сахара құмын көтерiп, жетi түн, сегiз күн тоқтаусыз соқты да, 
үйлердiң астаң-кестеңiн шығарды. Жер бетiнде кәпiр атаулының ізін де 
қалдырмастан, олардың денелерін, малдары мен үйлерін жойып жіберді.
Аллаһ тағала кәпiрлерге зұлымдық, әділетсіздік жасаған жоқ. Кәпiрлер 
Аллаһтан бет бұрып, өздерiне-өздерi зұлымдық жасады. Мiнеки, 
кәпiрлердiң жазасы әрқашан осындай болады. Жаратушы Аллаһ оларға 
Һудты пайғамбар етiп жiберу арқылы адасушылықтан қайтуларын қалады. 
Һуд оларға Аллаһтың бұйрығын жеткiзіп, тура жолға насихаттады және 
азаптың келуін ескерттi. 
Бұл уағыз «Һуд» сүресiнiң 56-57-аяттарында: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет